Халықаралық қатынастар

Автордың пікірінше, елдер үшін қалыпты болып келетін адами капиталды «ығыстырудың» басты факторлары өндіруші салалардағы біліктілігі жоғары жұмыс күшіне деген сұраныстың болмауы (немесе аз ғана болуы), халықтың кедейлігі, сондай-ақ кен орындарын ашумен және пайдалы қазбаларды өндірумен байланысты кәсіпорындардың көпшілігін бақылайтын қоғамдық сектордағы халықаралық бәсекелестіктің  жетіспеуі  болып табылады. Алайда, егер елде пайдалы қазбалардың кен орны ашылған кезде ол демократияның жоғары индексімен, ал оның халқы – білімнің жоғары индексімен сипатталса (адами даму индексінің үлесі), онда мұнай, газды экспорттаудан алынатын кірістер экономикалық өсуді ынталандыруға ықпал етуі ықтимал. Кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігі мәселелерін зерттеулерде ғана пайдаланылған тәсіл қазіргі уақытта ауқымды міндеттерді шешу, оның ішінде салалар мен өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру кезінде қолданылады.
2015

Азық-түлік қауіпсіздігі әрқашан жалпы қоғамның және нақты бір индивидтің негізгі міндеттерінің бірі, себебі мұның негізінде барлық адам әрекеті тіректенетін өзін сақтау жүйесі жатыр. Азық-түлік қауіпсіздігінің қазіргі ғаламдық ахуалы адамзат өміріне айтарлықтай қауіп төндіруде. Жер бетіндегі адамдардың саны өскен сайын, азықтүлікпен қамтамасыз ету мәселесі де шиеленісе түсуде. Сондықтан  да азық-түлік дағдарысы және оның алдын алу – әлем жұртшылығын алаңдатып отырған басты  мәселелердің  бірі.  Азық-түлік  қауіпсіздігі әр елдің ұлттық  қауіпсіздігінің бір бөлігі болып табылады. Өйтке-  ні, бірде-бір мемлекет халықтың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етпей тұрып, елдің экономикалық, саяси немесе ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуі мүмкін емес. Ауылшаруашылығы өнімдерін өндіру, қайта өңдеу өнеркәсібі экономиканың негізгі бір саласы ғана емес, сонымен бірге ол – азық-түлік қауіпсіздігінің де кепілі.
2015

Мақала қазіргі кезеңдегі бейбіт атомның дамуын талдауға арналған. Әлемдік нарықтардың тұрақсыз жағдаяттары,  жетекші  өндірістік және дамушы мемлекеттердің экономикасының дағдарыстан кейін қалпына келу үдерісінің төмен қарқыны әлемдік энергетикадағы жағдайға әсер ете отырып, оның жаһандық энергетикалық кеңістікте даму болашағын айқындау мәселесін өзекті етті. Соңғы он жылдардағы маңызды феномен – әлемдік энергетикалық теңгерімінде атом саласының меншікті салмағының өсуі болып отыр. Мақалада теориялық көзқарастар және атом энергетикасын қалыптастыру саясаты зерттеледі. Қысқаша түрде атом саласының эволюциясы қарастырылып, төрт кезеңге бөлінеді. Атом энергетикасының басқа энергия көздерінен басымдығы көрсетіледі. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының ядролық-энергетикалық әлеуеті талданып, Қазақстанда бейбіт атомды пайдалану және дамытудың маңыздылығы анықталады. Атом энергетикасының даму динамикасы көрсетіп отырғандай, ол болашақта көптеген мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі факторының біріне айналуы әбден  мүмкін.
2015

Тақырыптың өзектілігі постиндустриалдық қоғамдағы ақпарат- тың рөлінің артуымен айқындалады. Аталмыш қоғамда, география- лық кеңістікпен қатар ақпараттық кеңістік қалыптасып отыр, әлемдік саясаттың дәстүрлі акторлары жаңа киберкеңістікте геосаяси күрес жүргізуде. Қазіргі кездегі ақпараттық құрылымдар жаңа идеялар- дың, идеологиялық қондырғылардың, мәдени стереотиптердің қай- нар көздері бола отыра, жаңа қару түріне айналды. Осы орайда ақ- параттық соғыстың геосяси астарына, мәніне талдау жасау маңызды болып табылады. Мақалада ақпараттық соғыс түсінігі айқындалып, ақпараттық соғыс бойынша тұжырымдамалардың қалыптасуының негізгі алғышарттары қарастырылады. Геосаяси субъектілердің ақ- параттық күресінің, халықаралық қатынастар жүйесіне және  әлем- нің геосаяси құрылымына ықпалы зерделенеді. ХХ ғ. 90 жылдарынан бастап қазіргі кезеңге дейінгі осы саладағы теориялардың негізгі ба- ғыттары және олардың өзгерісі  анықталады.
2015

Көпвекторлы сыртқы саясат тұжырымдамасы шеңберінде Қазақстан Республикасы еуропалық векторға үлкен назар және мән беріп келді. Ең әуелгі кезден бастап-ақ Қазақстанның Еуропадағы серіктестерінің бірі Ұлыбритания болды. Тәуелсіздік таңында бұрынғы кеңес республикасы- на ең бірінші болып сапар шеккен шетелдік мемлекет басшысы дәл осы Ұлыбританияның премьер-министрі Маргарет Тэтчер еді. Қазіргі кезде Ұлыбритания әлемдегі «триллиондық» деп аталатын экономикалар тізі- міне кіреді, Қазақстан аумағындағы жобаларға тікелей инвестиция салу көлемі жөнінен үшінші орында тұр. Ұлыбританияның Қазақстан Респуб- ликасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Пол Браммел мырзаның айт- уынша: «27 Еуропалық Одақ елдерінің ішінде дәл Ұлыбритания Қазақ- стан үшін нөмірі бірінші сауда-экономикалық серіктес болып табылады. Біз бұл экономикалық ынтымақтастықтың деңгейін көрсететіндей бұдан да толыққанды қатынас құруымыз қажет». Екіжақты қарым-қатынастың негізін мұнай, газ және қаржылық сектордағы ынтымақтастық  құрай- ды. Қазақстан экономикасындағы британ инвестициясының көлемі өсіп келеді, Лондон биржасына акцияларын шығарып келе жатқан қазақ- стандық фирмалардың саны артып келеді. Қазақ-Британ қарым-қаты- настарындағы басым бағыт – экономика және сауда саласындағы ын- тымақтастық. ҚР мен Ұлыбританияның сауда-экономикалық байланысы өзара байланыстардың кең спектрін қамтиды, соның ішінде тікелей жә- не жанама инвестициялар, бірлескен кәсіпорындар құру және бірлескен ортақ  жобаларды  жүзеге асыру.
2015

Мақалада қытай лексикасының ғаламтордағы қолданылу ерекше­ ліктері көрсетілген. Заманауи техниканың дамуына байланысты қытай тілінде жаңа сөздер қарқынды түрде көбейіп жатыр. Олар ағылшын тілінен еніп, қытай тіліне түрлі әдістермен аударылады. Атап айтсақ, аббревиациалау; сөздің соңғы бөлігінің буынға дейін қысқарту про­ цесінен туындаған лексикалық қысқарту; буындық қысқартулар (әр буынның инициальдарының қысқаруы) немесе әріптік қысқартулар; пиньин арқылы берілетін сөздердің қысқартулары; аралас қысқар­ тулар, ағылшын тілінің аббревиатурасы мен қытай тілдерінің иерог­ лифының тіркесінен тұратын қысқарту; фонетика мен лексикалық қысқартулар; иероглиф пен сандардың қосындысынан жасалған абб­ ревиатуралар. Тілдесудің жаңа формалары қытай қоғамы үшін көп­ теген мүмкіндіктермен қатар, кері әсерін де тигізуде. Осыған орай Қытай өкіметін тілдің тазалығын сақтау мәселесі алаңдатуда.
2016

Мақалада тіл үйретудің жаңа инновациялық тәсілдері туралы сөз болады. Грамматиканы үйретудің дәстүрлі әдісінің ескіргені, ол тәсіл­ дің тіл үйретуде тиімсіз екені көрсетілген. Тілді грамматиканы жат­ тату арқылы емес, грамматикалық амал­тәсілдерді мәтінмен жұмыс істеу арқылы меңгерту жолдары көрсетілген. Өзге тілдік топтарда кәсіби лексиканы меңгертуде мәтінмен жұмыс түрлерін, сұрақ­жауап тәсілдерін және дайын үлгілерді пайдалану жақсы нәтиже беретіні айтылады. Тіл үйретуде күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер­ ді меңгерту керек екендігі ашып көрсетілген. Әр тілдің өзіне тән синтаксистік оралымын, сөз саптау ерекшелі­ гін меңгерген маман ғана өзінің кәсібі бойынша дұрыс сөйлей алаты­ ны, ойын дұрыс, түсінікті етіп жеткізетіні дәлелді түрде көрсетілген. Тіл үйренушіге қажетті сұрақ түрлері, оларды қандай жағдайда қол­ дану керек екендігі  сипатталған.
2016

Қазіргі жаһанданған өмірдің талабына, еліміздің әлеуметтік да­ му жағдайына сәйкес жеке тұлғаны бейімдеу мақсатында білім беру­ де инновациялық технологиялар кеңінен пайдалануды қажет етеді. Осыған сәйкес қазіргі қоғамдағы ақпараттандыру мен компьютер­ леу, оқу процесінде техникалық құралдардың дами түсуі және жаңа білім беру жолдарын қолдану бүгінгі күнде өте маңызды болып отыр. Соңғы жылдары жоғары кәсіптік білім беру теориясында және тә­ жірибесінде студенттерге білім беруде тиімді әдіс болып саналатын оқытудың белсенді және интербелсенді түрлеріне, әдістері мен тех­ нологияларына көп көңіл бөлінеді. Берілген мақалада жаңа ұрпақ дайындау деңгейін көтеруге әсер ететін заманауи технология – кейс стади әдісін таңдау және қолдану өзектілігі  қарастырылады.
2016

Бұл мақалада жоғарғы оқу орнындағы құзіреттілікті жүзеге асы­ ру мәселелері қарастырылған. Автор білім, білік, дағды, құзіреттілік ұғымдарының мағынасын аша отырып, әдеби анализ негізінде салыс­ тырмалы түрде білім берудің ерекшеліктеріне сипаттама беріп отыр. Орыс аудиториясында қазақ тілін оқыту барысында нәтижеге бағыт­ талған іс­әрекетті құзыреттілік тұрғыдан жүзеге асыру – негізгі мін­ дет. Құзырлылық – студент іс­әрекетінің сапасынан көрінетін білім нәтижесі. Сондай­ақ бұл мақалада студент­дәрігерлерге жұмыс ба­ рысында қолдануға өте қажетті сөйлесім мәтінін өздеріне құрғызу­ дың нәтижесінде дәрігердің қазақ тілінде сөйлеу қабілеттерінің ар­ туы туралы да айтылған. Ақпараттық технологияның мүмкіндіктерін қолдану студенттердің қазіргі заман талабына сай білім алуына, білім сапасын көтеруге тікелей әсер етеді.
2016

Мақала халықаралық қатынастар және аймақтану саласындағы магистранттардың білімін бағалаудың әдістері мен түрлерін жетіл­ діру мәселесіне, студенттік­орталықтандырылған оқыту  жағдайын­  да олардың дамуы мен бейімделуіне арналған. Көрсетілген мәселе теория мен тәжірибенің өзара байланысын қамтамасуз ету тұрғы­ сынан, ақпараттандырудың, интерактивті әрекеттесудің қазіргі жа­ һандық үдерістер мәнмәтінінде, жаңа білім беретін орта құру жағ­ дайында қарастырылады. Магистранттардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру үлгілерінде түрлі әдістермен оқытудың кредиттік­мо­ дульдік жүйе жағдайында қолданылуын авторлар жүргізген жүйелеу нәтижесінде, оның тиімділігінің қажетті  жағдайлары  анықталды.
2016

Бұл мақалада маркетингтегі нарық конъюнктурасының статисти­ калық бақылау жүйесін құру қажеттілігі мен оның тауар нарығының конъюнктуралық талдаудың негізгі мәселелері талқыланады. Қоры­ тындысында ұсынылатын жүйенің нарықты конъюнктуралық тал­ дауда алатын орны мен ролі анықталады. Макро және микроэконо­ мика деңгейінде қарастырғанда тауар және қызметтер нарығының конъюнктурасының мәліметтер базасын мемлекет тарапынан реттеу және  басқару  ұсынылуда.  Статистикалық  мониторинг  жүйесі  (СМж) – нарықтарды талдауға бағытталып, нарықтарды салыстырмалы са­ ралау барысында биліктің кез келген деңгейінде барабар және нақты баға бере отырып, басқарущылық шешімдерді оңтайлы қабылдауына ықпал жасайды.
2016

Мақалада экономикалық интеграцияның еуропалық тәжірибесі және оның ЕЭО қалыптасуы мен дамуын қабылдау түрлері қарасты­ рылады. Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің экономикадағы мемлекетаралық инновациялық кеңістігін қалыптастыру мүмкіндігі бағаланады. Бұл жұмыста заманауи интеграциялық үдерістерге тал­ дау жүргізіледі. Зерттеудегі негізгі екпін екі түрлі интеграциялық топтарды салыстыруға жасалған: Еуразиялық экономикалық одақ (ЕЭО) және Еуропалық одақ (ЕО). Және де бұл мақалада Еуропалық одақ және Еуразиялық экономикалық одақ экономикалық интегра­ цияның ерекшеліктері салыстырмалы талданады, сонымен қатар қатысушы елдер үшін салдары зерттеледі. ЕО толығырақ талдануы жас еуразиялық интеграцияға болашақтағы қателіктердің алдын алу­ ға мүмкіндік береді. Бұрыңғы социалистік мемлекеттердің уақыт өте және сауатты интеграциялануы өзекті болып қалған тарихи байла­ ныстардың жаңғыруына ықпал етеді.
2016

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.