Халықаралық қатынастар

Экспорттың бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша шараларды ұйымдастыру экспорт жағынан не себептен жекелеген экономикалар мен салалар табысты екенін түсіндіретін әдістемелік тәсілдемелерді талап етеді. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің, оның ішінде Қазақстанның экономикасының дамуы әлемдік эконо­ миканың қиын жағдайы шартында болып жатыр. Мүше мемлекеттер экономикасының энергия тасымалдаушылар әлемдік нарығының баға конъюнктуасына тәуелділігі оларды әлемдік геосаяси жағдайлардан әлсіздігін көрсетеді. Әлемдік экономиканың жаһандану шартында Қазақстанның халықаралық еңбек бөлінісіне тиімді және ауқымды қатысуының өсуі мен сыртқы сауданың сандық және сапалық өсуінің анықтаушы бағыты экспорттық әлеуеттің әртараптығы болуы керек. Мақалада ұлттық экономикалардың экспорттық бәсекеге қабі­ леттілігін бағалауға әдістемелік тәсілдемелер қарастырылған және соған негізделіп Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекет­ тер үшін даму ұсыныстары  көрсетілген.
2016
Қазақстан экспортының бәсекеге қабілеттілігін арттыруды зерттеуге әдістемелік тәсілдемелер

Мақалада жаһандық реттеу жүйесіндегі Халықаралық Валюта­ лық Қордың рөлінің өзгерісі қарастырылады. Халықаралық қауым­ дастық жаһандық институттарды реформалау қажеттігін мойындап, жаңа қауіп­қатерлер алдында халықаралық ынтымақтастықты ны­ ғайту керектігіне көз жеткізді. Бреттон­Вудс конференциясынан бері жаһандық экономикада түрлі сипаттағы дағдарыстар болып өтті, жә­ не оларды реттеудегі Халықаралық Валюталық Қордың қызметі тиім­ ді бола бермеді. Ұйымның жүргізген саясаты үнемі сынға ұшырап, жасаған шаралары несиеленуші мемлекеттердің экономикалық мә­ селелерін керісінше күрделендіріп, халықаралық аренада Қорға де­ ген сенімділік төмендеп отырды. ХХІ ғасырда әлемдік экономиканың жаңа қауіп­қатерлері G20 тобы, Қаржылық Тұрақтылық Кеңесінің құрылуына себеп болды. Авторлар қаржылық реттеу мен тұрақты­ лықты қамтамасыз етуге жауапты халықаралық ұйымдардың қызме­ ті күшейтілген жағдайында жаңа қауіп­қатерлерді еңсеруде Қордың жаһандық реттеу жүйесіндегі жаңа рөлін анықтауға тырысады.
2016

Қазіргі әлемдік экономиканың дамуының маңызды мәселелерінің бірі – әлемнің кедей немесе «төмен дамыған елдері». Халықаралық ұйымдардың тарапынан қаржылық, техникалық және гуманитарлық көмек көрсетілетін өзіндік негізгі сипаттары бар БҰҰ­мен ресми түр­ де мойындалған елдер категориясы. Мақалада төмен дамыған елдер­ дің әртүрлі әлеуметтік­экономикалық сипаттары, олардың артта қалу себептері, осы себептердің тығыз өзара шарттастығы, ресми көмек көрсетуді ұйымдастыру мәселелері қарастырылған. Қазіргі кезде ең төмен дамыған елдерге ресми көмек көрсетуді ұйымдастыру мақса­ тында бірнеше бағдарламалар мен жобалар бар. Алайда, бұл көмектің мөлшері және тиімділігі жеткіліксіз. Мақала авторлары көмек көрсе­ туді ұйымдастырудың бұл механизмін өзгертіп, жеке кәсіпорындар арасында тендер ұйымдастыру арқылы ең төмен дамыған елдерге тікелей әлеуметтік және инфрақұрылымдық объектілердің құрылы­ сына қаржы бөлуді  ұсынады.
2016
Әлемдегі төмен дамыған елдер тобы: артта қалу себептері мен мәселелерін шешу жолдары

Қылмыстық құқық саласында өзекті құқыққа қайшы іс­әрекет ретінде, медицина қызметкерлері тарапынан жасалған қандай қыл­ мыстық құқық бұзушылықтарды кәсіби құқық бұзушылықтарды жат­ қызуды анықтау мәселесі өзекті болып қалуда. Қазақстан Республи­ касының Қылмыстық заңнамасы медицина қызметкерлері тарапынан жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтарды жеке қылмыстық құ­ қық бұзушылықтар тобына жатқызады. Медицина қызметкерлерінің қылмыстық жауаптылығының ерекшеліктері олардың субьектісінің ерекше мәртебесімен және кәсіби қызметінің әлеуметтік мәнімен анықталады. Отандық қылмыстық  құқықтың  доктринасына  сәй­  кес, ҚК Ерекше бөлімінің баптарында субъектінің ерекше белгілері көзделсе арнаулы субъект болып танылады. Қылмыстық құқық бұ­ зушылықтың арнаулы субъектісі  болып,  жалпы  субъектінің  қажет­  ті белгісінен басқа (есі дұрыстық, белгілі бір жасқа толу), сияқты белгілерден басқа нақты қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін басқа тұлғаларды қылмыстық жауаптылыққа тарту мүмкіндігін шектейтін ерекше қосымша белгілерді де иеленуі қажет. Медицина қызметі саласында қылмыстық құқық бұзушылықтың субъектісінің белгілерін анықтауда анықтаушы фактор ретінде заңмен белгіленген медициналық көмек көрсетудің болуы танылады.
2016

Бұл мақалада бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы халық­ аралық ынтымақтастық мәселелері және халықаралық стандарттар талданған. Автор трансшекаралық деңгейде бұқаралық ақпарат құ­ ралдарын пайдаланудың құқықтық негізін реттейтін негізгі халықа­ ралық келісімдерді қарастырған. Бұқаралық ақпарат құралдары сала­ сындағы халықаралық ынтымақтастықты реттеу бұқаралық ақпарат құралдарын пайдаланудың техникалық шарттары, халықаралық ақпа­ рат алмасу, таратылатын ақпарат мазмұны және сөз еркіндігі сияқты негізгі мәселелерге тәуелді. Автор осы мәселелердің халықаралық­ құқықтық реттелуіне және Қазақстандағы сөз еркіндігі мәселесінің құқықтық реттелуіне баса назар аударған. Мақалада мемлекеттер арасындағы ақпараттық мәселелерді шешуге негізделген құқықтық құжаттарға  талдау жасалған.
2016

«Оңтүстік дәліз» жобасының стратегиялық маңызы және жаһан­ дық энергетикалық қауіпсіздік жүйесіндегі маңызы мен рөлі аталып көрсетіледі. Еуропалық Одақтың энергожеткізілімдерді әртараптан­ дыруға байланысты саясаты және осыған байланысты жобаны қол­ дауы белгіленеді. Келешекте бұл дәліз арқылы Таяу Шығыстан да табиғи байлықтарды тасымалдау мүмкіндігі қарастырылады. Табиғи газдың көміртексіз электрэнергетикасына өтудегі резервтік отын ре­ тінде қарастырылуы қозғалады. Еуропалық Комиссияның «Оңтүстік дәліз» жобасына қатысты берген бағасы мақалада көрсетілген. Еуро­ палық Одаққа мүше елдердің энергетикалық саясаты да аталады. Дәліз жобасына енетін газ құбырларының маршруттарына да мән беріліп, қатысушы елдердің компанияларының пайыздық үлесі де аталып көрсетіледі. Орталық Азияның мұнайы Еуропалық Одаққа энерготасымалдаушыларды жеткізуде әртараптандырудың шынайы нұсқасына айналып отырғаны да мақалада белгіленіп  көрсетілді
2016
Еуропалық Одақ және Орталық Азия: «Оңтүстік дәліз» мысалындағы тиімді энергетикалық ынтымақтастық

Елдің геосаяси және геоэкономикалық мүдделерін жүзеге асыру ісіндегі маңызды орынды ғылым және білім саласындағы байланыс­ тар алады. Олар қазіргі таңда мемлекеттер сыртқы саясатының ма­ ңызды да тиімді құралына айналып отыр. Бұл байланыстар мәдени дипломатияның негізін құрайды. Мәдени дипломатия – елдің сырт­ қы саясатының негізгі мақсаттарының нысаны және құралы ретінде, дипломатиялық қызметтің ерекше саласы болып табылады. Қазақ­ стан Республикасының стратегиялық әріптесі болып табылатын Ре­ сей Федерациясы да әлемнің өзге мемлекеттері сияқты, қазіргі таңда ұлттық мүдделерін жүзеге асыру мақсатында негізгі назарын мәдени дипломатияға аударып отыр. Осыған байланысты мақалада, мәдени дипломатия ұғымының тұжырымдамалық негіздеріне талдау жаса­ лынып, Ресей мәдени дипломатиясының мақсаты, негізгі бағыттары, қозғаушы  күштері қарастырылады.
2016

Қытай – Қазақстанның ең ірі сыртқы сауда серіктесі. Қазақстан  мен Қытай арасындағы қатынастардың жаңа кезеңі екіжақты әрекет­ тесудің барлық салаларындағы жаңа жобалармен толыға түсуінде. Бұған ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Нұрлы жол» Жаңа экономика­ лық саясаты бастамасын және ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің – «Жі­ бек жолының экономикалық белдеуі» және «ХХІ ғасырдағы Теңіз Жі­ бек жолы» атты екі стратегиялық жобасын қамтитын «Бір белдеу, бір жол» бастамасын іске асыру да өз септігін тигізеді. Транспорт пен логистика Жібек жолы экономикалық белдеуінің негізгі құрамдас бө­ лігі болмақ. Бағдарламаны жүзеге асыру Қазақстанға өз табысының көздерін елеулі әртараптандыруға және мұнайдың әлемдік бағала­ рының толқуына тәуелділікті төмендетуге, ал Қытайға өз тауарларын Қазақстан, Ресей және Еуропаға тасымалдауды жолға қоюға мүмкін­ дік береді.
2016

Бұл мақалада БҰҰ Бас Ассамблеясының сессия жұмыстарына әр жылдары қатысқан қазақ дипломаттарының тәжірибесі баяндалады. Қазақстанның өкілдері кеңестік делегацияның құрамында бола оты­ рып, дипломатияға байланысты білімдері мен дағдыларын лайықты көрсете білді. Олардың қабілеті КСРО СІМ  жетекшілерінің  тарапы­ нан бағаланды. Тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ дипломаттары осы халықаралық ұйымдағы жұмыстарын БҰҰ жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілдігі шеңберінде жүргізе бастады. Мақалада БҰҰ­ғы Қа­ зақстанның алғашқы өкілдерінің еңбектері бөліп көрсетілді, алдын алу дипломатиясын іске асыру саласындағы мемлекеттің бастамала­ ры сарапталды. Көпжақты дипломатиядағы Қазақстан Республикасы­ ның Тұңғыш  Президентінің рөліне ерекше көңіл  бөлінді.
2016

Мақалада Моңғолияның қазіргі саясатына талдау жасалып, сырт­ қы саясатының негізгі бағыттары ашылып, ұлттық қауіпсіздік тұжы­ рымдамасы және сыртқы саяси құжаттары қарастырылады. Қазір Моңғолия әлемдегі және аймақтағы ықпалды мемлекеттермен қа­ тынастарын дамытуды көздей отырып, қандай да бір елге тәуелді болмауға тырысады. Моңғолияға сырттан әскери қауіп төнбеген жағ­ дайда қандай да бір әскери ұйымға қосылмау, жер аумағы және әуе кеңістігін қандай да бір елге қарсы пайдаландырмау, территорияға шетелдік әскери күш еңгізбеу, орналастырмау, транзит арқылы өткіз­ беу саясатын ұстанады. Мақалада ашық қоғам саясатын қабылдаған Моңғолияның саяси күштер арасында тепе­теңдік таба отырып, көп­ векторлы сыртқы саясат жүргізетіндігі туралы қорытынды жасалады
2016

Қазіргі халықаралық қатынастарда этникaapaлық жәнe этнocaяcи қaқтығыcтap caяcи-қoғaмдық өмipдeгi мeмлeкeттep apacындaғы дәcтүpлi қaқтығыc түpiнe aйнaлып кeлe жатқан- дығы белгілі. Сол ретте этникааралық қақтығыстар мәceлeci xaлықapaлық қaтынacтapдa ғaлымдapдың, caяcи тұлғaлapдың жәнe бacқa дa әлeм көшбacшылapының нaзapын өзiнe aудapып oтыp. Этноаумақтық этникалық қақтығыстардың шығу аста- рында ең алдымен бір этникалық топтың қандай да бір аумақта тұруы және оны басқару құқына ие болу мақсатында туындайтын дау-дамайы жатары сөзсіз.
2016