Халықаралық қатынастар

Екінші дүниежүзілік соғыстың аяғында Иран өндірісі нашар дамыған, ауыл шаруашылығында жартылай феодалдық қатынастар басым келген аграрлық ел болып қала берді. Капитализмге дейінгі өндірістік қатынастардың ыдырауы және осы реттегі капитализмнің үздіксіз дамуы елдегі ішкі саяси жағдайды қиындатты. Бұған Иран үкіметінің жүргізген экономикалық саясаты әсер етпей қоймады. Шетел тауарларының елге кіргізілуіне кең мүмкіндік бере отыра Иран үкіметі ұлттық өндірушіні тең емес бәсекеге итермелеп отырды.

, 2009

XX ғасыр 20-жылдары халықаралық қатынастар салыстырмалы түрде тұрақтанып, әлем бір сәт тынышталған еді. Алайда бұл күрдтер қоныстанған аймаққа қатысты болмады. Лозанна конференциясынан кейін қалыптасқан жағдай Таяу Шығыс халықтары мен елдеріне еркіндік, тұрақтылық және қауіпсіздікті алып келмеді. Бұл кезеңге дейін орын алған халықаралық қақтығыстар әрі қарай жалғасын тауып, өршіп отырды. Оның бірі - Күрдістан болатын. Күрд халқы соғыстан кейінгі жағдаймен келісе алмады. І дүниежүзілік соғысы кезінде, Севр келісімі уақытысында күрдтер тәуелсіздік алуға бір қадам жақын еді, бірақ төрт бөлікке бөлініп кетті. Лозаннадан кейінгі жаңа кезеңде күрд мәселесі (ұлттық тәуелсіздік үшін күресі) Түркия, Иран, Ирак пен Сирияның саяси тарихының тұрақты факторына айналды.

, 2009

ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Ресейдің сыртқы саясаты елдің ішкі дамуындағы мәселелермен байланысты болды. Ресей, негізінен ішкі мәселелерге басымдылық беріп, халықаралық қақтығыстардан барынша аулақ болуға тырысты, Еуропадағы белсенділіктен бас тартып, даулы мәселелерді дипломатиялық жолдармен шешуге ұмтылып отырды.

, 2009

Тәуелсіздік алысымен Үндістан басшылары ядролық қаруды өндірмейтіндігін және атом энергиясы тек қана бейбіт мақсатта өндірілетіндігін айтты. Олар ядролық қаруды таратпау позициясын ұстанған болатын. Сонымен қатар Үндістандағы ядролық зерттеулер ішкі ресурстарды пайдалана отырып, әскери бағдарлама жасауға жол ашты. Бұл 1960 жж. бастап әлемдік қауымдастық ядролық зерттеулердің тек бейбіт мақсатта пайдалануын қатал қадағалап отырған уақытта аса маңызды еді.

, 2009

Өзбекстан саяси, экономикалық және қауіпсіздік саласы бойынша Еуропалық Одақпен қатынастарын дамытуға қызығушылығын арттыруда. Өзбекстан үкіметінің пікірінше, еуропалық елдермен берік қарым-қатынастар орнатудың жолы "Өзбекстанның ашық сыртқы саясаты және көпжақтылығымен анықталады". Еуропа Ташкентте Өзбекстанды модернизациялау барысында, бүгінгі күндегі демократия мен адам құқығының нышаны және жоғарғы технология мен инвестицияның қайнар көзі ретінде көзқарас қалыптастырды. Сонымен қатар осыған қатысты Өзбекстан Республикасының Президенті Ислам Кәрімов былай деген: "Батыс әлеммен байланыс бізге бүгінгі күндегі технологиялармен, табиғи шикізатты кешенді пайдалану үшін және басқа да маңызды өнеркәсіп ағымдарына инвестицияның құйылуын қамтамасыз етеді".

, 2009

Варшава Шарты ұйымы тарағаннан кейін халықаралық қатынастарда НАТО-ның рөлі қырынан көріне бастады. Соңғы жылдар ішінде НАТО қызметінде түбегейлі өзгерістер жүрді, әскери күш-жігерді жан-жақты қайта құру жүзеге асырылды. Мұндай үрдістер бүгінде өз жалғасын табуда. Соның нәтижесінде Блоктық әскери құрылыс стратегиясы елеулі өзгерістерге ұшырады, НАТО-ға мүше елдердің қорғанысқа арналған шығыстары азайды және Блоктың жеке құрамы мен құрылымдық әскери бөлімшелері қысқарды. НАТО-ны әскери ұйымнан саяси-әскери ұйымға айналдыру үрдісі күшейді. Бұрын КСРО-ға және Варшава Шартының басқа да қатысушыларына бағытталған кейбір әскери және саяси доктриналар қайта қаралды [1].

, 2009

Қазақстандағы тәуелсiздiк жылдары экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң мүлде жаңа мемлекеттiк жүйесiнiң құрылуының және қалыптасуының, қоршаған ортаны қорғау  мен табиғат пайдалануды басқарудың жылдары болды. Бұл қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыруды және дәйектi iске асыруды қамтамасыз еттi. Алайда, Қазақстанда көптеген онжылдықтар бойы қоршаған ортаға төтенше жоғары техногендiк салмақ түсiретiн, табиғат пайдаланудың көбiнесе шикiзат жүйесi қалыптасты.

, 2009

КСРО құлауынан кейін тәуелсіз мемлекет ретінде Қазақстан алдында жаңа әлемдік тәртіп жүйесіндегі халықаралық қатынастардың дамуында өзіндік рөлге ие болу мәселесі туындады. Евразия құрлығында орналасқан мемлекетіміздің өркендеуі мақсатында географиялық орналасуы мен табиғи байлықтардың молдығын ескере отырып, өзге мемлекеттермен байланыстарды сәтті дамытуда, ең әуелі сыртқы саясатымызды байыптылықпен қалыптастыру қажет болды.

, 2009

Қытай бүгінгі таңда XXI ғасыр үлгісіндегі жаңа мемлекеттің негізін қалауда, оның саясаты ұзақ мерзімді мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған. Осы бағыттағы ең маңызды мәселе – этникалық топтардың алатын орны. Шекара қорғанысының нығаюын тілге тиек еткенде біз бірден аз ұлттар қоныстанған аудандарды алға тартамыз. Қытай түсініктері бойынша аз қоныстанған аудандарға солтүстік-батыс, батыс аудандарды жатқызады, оларға ішкі Монғолия, ШҰАА, Тибет кіреді. Көріп отырғанымыздай, халықтың тығыз қоныстануына әртүрлі тарихи процестермен бірге климаттық жағдайлар да әсер еткен.

, 2009

Cыртқы саясаттың жасалуы және жүзгізілуі ешқашан ішкі саясаттан бөлек жүзеге асырылмайды. Мемлекеттердің халықаралық майданда ортаға қойған саясаты негізінде ол мемлекеттердің сыртқы саясаттағы мақсаттары, экономикалық жағдайларының әлеуметтік деңгейі және ішкі саясаттағы болып жатқандардың бір жиынтығы болып алдымызға шығады. Әртүрлі ықпалдардың жиынтығы ретіндегі осы саясаттар халықаралық конъюнктураға сәйкестігі мөлшерінде жүзеге асырылады.

, 2009

Парсы шығанағы аймағында геостратегиялық жағдайдың өзгеру үрдісі Ирақтың Араб бұғазында орналасқан араб монархиялары елдерімен қарым-қатынасының дағдарысы нәтижесінде басталды. 1990 жылы Ирақ-Кувейт дағдарысы сахнаға шықты. Кейін БҰҰ-ның Саддам Хусейнді оккупацияланған Кувейт аймағынан Ирақ әскерін шығарту үшін бірқатар сәтсіз талпыныстары, АҚШ қарамағында антиирақтық коалиция мен көпұлтты күштердің құрылуы, нәтижесінде, «Шөл дауылы» - АҚШ пен оның одақтастарының Кувейт аймағын босату бойынша іс-қимылдар орын алды.

, 2009

Биполярлы әлемдік тәртіптің жойылуы халықаралық қатынастар жүйесіне көптеген позитивті өзгерістер әкелумен қатар, жаңа қауіп-қатерлердің пайда болуына да жол берді. Әлемдік деңгейдегі екі қуатты мемлекеттің қауіпсіздігі контекстінде қарастырылып келген ғаламдық тәртіп жүйесі ендігі жерде халықаралық қатынастар жүйесіндегі жаңа өзгерістерге байланысты көптеген өзгерістерге ұшырады.

, 2009

Халықаралық қатынастар жүйесінде ежелден белгілі ақиқат - заманға сай күштер тепе- теңдігінің ауытқуына қарай, жалпы жаһандық өзгерістердің әсеріне орай, қуатты мемлекеттердің әлсіреуіне сай, елеусіз болған елдердің нығаюы енді күн тәртібіне осы елдер арасындағы саяси кеңістік үшін тартыстарды тартатындығы. Өткен ғасырдың соңғы онжылдығында орын алған елеулі саяси оқиға - Кеңестер одағының ыдырауы Орталық Азияда жаңа тәуелсіз мемлекеттердің бой көтеруіне әкелгені айқын.

, 2009

Қазіргі қалыптасып отырған халықаралық қатынастарда Орталық Азия аймағының алатын орны ерекше. ОрСапаталық Азия өзінің тарихи дамуында бірнеше күрделі тарихи кезеңдерді бастан кешеді. Сонау Шыңғыс хан дәуірінен бастап, Ақсақ Темір, Қазақ хандығы, Ресей отаршылдығы және кешегі  КСРО тоталитарлық жүйесін айтсақ жеткілікті.

, 2009

Қытай мен Қазақстан іргелес көрші мемлекеттер. Көршілердің бір-біріне болған көзқарастарының, саяси концепцияларының өзгеріп отыруы – тарихи әлеуметтік тәжірибеге байланысты процеcс. Өйткені әлеуметтік тәжірибе (практика) әрқандай теориялар мен концепциялардың дұрыс-бұрыстығын экспертизациядан өткізуші фактор болып табылады. Олай болса, біз Қытайдың Қазақстан туралы концепциясының тарихи эволюциясына сараптама жасап көрейік.

, 2009