Халықаралық қатынастар

Варшава Шарты ұйымы тарағаннан кейін халықаралық қатынастарда НАТО-ның рөлі қырынан көріне бастады. Соңғы жылдар ішінде НАТО қызметінде түбегейлі өзгерістер жүрді, әскери күш-жігерді жан-жақты қайта құру жүзеге асырылды. Мұндай үрдістер бүгінде өз жалғасын табуда. Соның нәтижесінде Блоктық әскери құрылыс стратегиясы елеулі өзгерістерге ұшырады, НАТО-ға мүше елдердің қорғанысқа арналған шығыстары азайды және Блоктың жеке құрамы мен құрылымдық әскери бөлімшелері қысқарды. НАТО-ны әскери ұйымнан саяси-әскери ұйымға айналдыру үрдісі күшейді. Бұрын КСРО-ға және Варшава Шартының басқа да қатысушыларына бағытталған кейбір әскери және саяси доктриналар қайта қаралды [1].
2009

Қазақстандағы тәуелсiздiк жылдары экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң мүлде жаңа мемлекеттiк жүйесiнiң құрылуының және қалыптасуының, қоршаған ортаны қорғау  мен табиғат пайдалануды басқарудың жылдары болды. Бұл қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыруды және дәйектi iске асыруды қамтамасыз еттi. Алайда, Қазақстанда көптеген онжылдықтар бойы қоршаған ортаға төтенше жоғары техногендiк салмақ түсiретiн, табиғат пайдаланудың көбiнесе шикiзат жүйесi қалыптасты.
2009

КСРО құлауынан кейін тәуелсіз мемлекет ретінде Қазақстан алдында жаңа әлемдік тәртіп жүйесіндегі халықаралық қатынастардың дамуында өзіндік рөлге ие болу мәселесі туындады. Евразия құрлығында орналасқан мемлекетіміздің өркендеуі мақсатында географиялық орналасуы мен табиғи байлықтардың молдығын ескере отырып, өзге мемлекеттермен байланыстарды сәтті дамытуда, ең әуелі сыртқы саясатымызды байыптылықпен қалыптастыру қажет болды.
2009

Қытай бүгінгі таңда XXI ғасыр үлгісіндегі жаңа мемлекеттің негізін қалауда, оның саясаты ұзақ мерзімді мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған. Осы бағыттағы ең маңызды мәселе – этникалық топтардың алатын орны. Шекара қорғанысының нығаюын тілге тиек еткенде біз бірден аз ұлттар қоныстанған аудандарды алға тартамыз. Қытай түсініктері бойынша аз қоныстанған аудандарға солтүстік-батыс, батыс аудандарды жатқызады, оларға ішкі Монғолия, ШҰАА, Тибет кіреді. Көріп отырғанымыздай, халықтың тығыз қоныстануына әртүрлі тарихи процестермен бірге климаттық жағдайлар да әсер еткен.
2009

Cыртқы саясаттың жасалуы және жүзгізілуі ешқашан ішкі саясаттан бөлек жүзеге асырылмайды. Мемлекеттердің халықаралық майданда ортаға қойған саясаты негізінде ол мемлекеттердің сыртқы саясаттағы мақсаттары, экономикалық жағдайларының әлеуметтік деңгейі және ішкі саясаттағы болып жатқандардың бір жиынтығы болып алдымызға шығады. Әртүрлі ықпалдардың жиынтығы ретіндегі осы саясаттар халықаралық конъюнктураға сәйкестігі мөлшерінде жүзеге асырылады.
2009

Парсы шығанағы аймағында геостратегиялық жағдайдың өзгеру үрдісі Ирақтың Араб бұғазында орналасқан араб монархиялары елдерімен қарым-қатынасының дағдарысы нәтижесінде басталды. 1990 жылы Ирақ-Кувейт дағдарысы сахнаға шықты. Кейін БҰҰ-ның Саддам Хусейнді оккупацияланған Кувейт аймағынан Ирақ әскерін шығарту үшін бірқатар сәтсіз талпыныстары, АҚШ қарамағында антиирақтық коалиция мен көпұлтты күштердің құрылуы, нәтижесінде, «Шөл дауылы» - АҚШ пен оның одақтастарының Кувейт аймағын босату бойынша іс-қимылдар орын алды.
2009

Биполярлы әлемдік тәртіптің жойылуы халықаралық қатынастар жүйесіне көптеген позитивті өзгерістер әкелумен қатар, жаңа қауіп-қатерлердің пайда болуына да жол берді. Әлемдік деңгейдегі екі қуатты мемлекеттің қауіпсіздігі контекстінде қарастырылып келген ғаламдық тәртіп жүйесі ендігі жерде халықаралық қатынастар жүйесіндегі жаңа өзгерістерге байланысты көптеген өзгерістерге ұшырады.
2009