Халықаралық қатынастар

Қазіргі əлемдік саясат жəне көптеген елдердің ішкі саяси өміріндегі өзекті тақырыптар қатарына Шығыс еуропалық елдерге АҚШ-тың ұлттық зымыранға қарсы қорғаныс элементтерінің орналастыру мəселесі кіреді. Бұл өзекті мəселенің басты геосаяси мəні –  АҚШ-тың  Зымыранға Қарсы Қорғаныстың Ұлттық Жүйесінің (əрі қарай – ЗҚҚ ҰЖ) шеңберін кеңейтіп, яғни тек өз территориясында ғана емес, сонымен қатар Шығыс жəне Орталық Еуропа елдері ауқымында да орналастыруды кеңейту арқылы оны жаһандық жүйеге айналдыру болып табылады.
2010

ХХ ғасырдың 90-ж. осы күнге дейін АҚШ ықтималды бəсекелес бола алатын елдердің əскери- саяси үстемдігін басып-жаншитын бағыт ұстанып келеді. Əскери шығындарды ХХ ғасырдың соңғы онжылдығы ширегінде айтарлықтай қысқартқаннан кейін, бұл шығындардың көлемі «қырғи-қабақ» соғыс кезіндегі шығынмен шамалас болды. Басқаша айтқанда, АҚШ-тан өзге алпауыт мемлекет- тердің əскери шығындарының барлығын қоса алғанда АҚШ-тың əскери шығыны артып отыр. Əскер санын (1,5 млн адамға дейін) қысқарту олардың сапалық сипаттамасын – білім деңгейін жəне əскери дайындығын, техникалық жабдықталуы деңгейін көтерумен қоса жүргізілуде. Əдеттегі соғыстарды жүргізуге мүмкіндік беретін потенциалын арттыра отырып, АҚШ өзінің ядролық потенциалының негізін сақтап жəне жетілдіріп келеді.
2010

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы əртүрлі халықаралық құрылымдармен берік  əрі тығыз байланысты дамыту жəне тереңдету Қазақстанның көпвекторлық сыртқы саясатына сəйкес келеді. Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың Жолдауында халықаралық ұйымдармен өзара тиімді серіктестікті дамыту жолындағы мемлекет алдында тұрған едəуір перспективті жəне  ұзақ мерзімді міндеттер белгіленген болатын [1].
2010

Қазақстан тəуелсіздік алғаннан кейін өзінің сыртқы саясатының басымдылық бағыттарының бірі халықаралық ұйымдарға мүшелікті стратегиялық басымдылық ретінде анықтаған болатын. Соған сəйкес Қазақстан Республикасы халықаралық универсалды ұйымдармен бірге аймақтық беделді ұйымдарға мүше болуды мақсат етті. Оның ішінде БҰҰ, Европадағы Қауіпсіздік пен Ынтымақтастық Ұйымы (ЕҚЫҰ), Ислам Конференциясы Ұйымы жəне т.б. бар. Сонымен бірге Қазақстан өзі бірнеше аймақтық интеграциялық ұйымдарды құрудың бастамашысы болды. Мұндай ұйымдардың қатарында АӨЫСКШ, ЕврЭҚҰ-ны атап өтуге болады.
2010

2009 жылдың 5 шілдесінде Үрімжі қаласында орын алған этника аралық қақтығыс Пекинді өзінің Шыңжаңда қолданып отырған саясатын қайта саралап қарауға мəжбүрледі. Ол жантүршігерлік қанды оқиғаның бұрық ете түсуіне тікелей мұрындық болған Гуанчжоу қаласында ұйғыр жұмысшылары мен жергілікті бір топ қытайлардың (ханьц) төбелесінде қаза болған екі ұйғыр жігітінің ісі еді. Бірақ сол таза қылмыстық іске бола, этникалық ұйғырлардың ҚХР тарихында болмаған зор көлемде антиханьцтік басбұзарлық əрекетке баруы қалай? АҚШ-та бойтасалап жүрген бір əйелдің - Рабия Қадырдың екі ауыз сөзі соншама көп ұйғыр жастарын өлімге басын тігуге апара қойды ма?
2010

Мақалада 1994 жылғы ГАТТ ХХІІ жəне ХХІІІ баптарға интерпретация болып табылатын дауларды реттеу бойынша келісімге сəйкес ДСҰ мүшелерінің арасындағы халықаралық сауда дауларын реттеу ерекшеліктері қарастырылады. Соның ішінде ДСҰ-ның дауларды шешу бойынша органына жəне рəсімдік ерекшеліктеріне көңіл бөлінеді. Дауларды реттеудің айрықша сатылары сарапталған.  
2012

Мақалада Жапонияның сыртқы мəдени саясаты жөніндегі қызметті жүзеге асыратын негізгі мемлекеттік органдар қарастырылады, оның ішінде олардың басты бағыттары, жапон мəдениетін əлемге тарату жөніндегі бағдарламалары мен доктриналары талданады. Жапония өзінің сыртқы мəдени саясатын жапон тілін, дəстүрлі мəдениеті мен жапон ойлау ерекшеліктерін тарату арқылы жүргізетіні  айтылған
2012

Қазақстан Республикасы тəуелсіздікке қол жеткізгеннен бастап Жапония мен Қазақстан арасында жақсы қарым-қатынастар қалыптасты. Екі мемлекеттің дипломатиялық қатынастарының орнауына 20 жыл толуына байланысты мақала осы кезеңдегі ынтымақтастықтың басты жетістіктеріне арналған: экономикалық өсу, энергетика, инвестициялар, технологиялар, қауіпсіздік т.б.
2012

Мақалада Орталық Азия аймағындағы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы экономикалық интеграциясының тиімділігін анықтайтын ШЫҰ шеңберіндегі сауда-экономикалық ынтымақтастықтың дамуының тенденциялары қарастырылған. ШЫҰ шеңберіндегі көпжақты экономикалық ынтымақтастықтың құрылымы мен құқықтық базасы анықталып, негізгі жетістіктері мен проблемалары анықталған.
2012

Мақалада Қазақстан мен Еуропаның жетекші елдері арасындағы мəдени ынтымақтастықтың «Еуропаға жол» бағдарламасы аясында одан əрі жаңа қарқынмен дамып, өркендеп келе жатқаны жəне екі жақты қатынастарды стратегиялық серіктестік дəрежесіне дейін көтеруде мəдени қатынастардың да қосып отырған үлесі талданған.
2014

Мақала ТМД елдерінің ДСҰ-ға кіргеннен кейінгі білім беру саласын талдауға арналған. Сонымен қатар отандық білім беру саласының ДСҰ-ның талаптарына сəйкестігі мен бейімделу мүмкіншіліктері, жəне де осы процестерге кедергі болатын жайттарды зерттеуге арналған. Мақалада ДСҰ-ға кіргеннен соңғы білім саласында болатын өзгерістердің артықшылықтары мен кемшіліктері толыққанды қарастырылған. Жекелеп  алғанда  ТМД  елдерінің  ішіндегі  ДСҰ-ға  мүше  болатын əр мемлекеттің ішінде болатын сандық жəне сапалық өзгерістері толыққанды көрсетілген. ДСҰ шеңберінде білім беру қызметін тұтыну жолдары мен əдістері қарастырылған.
2012

Бұл мақалада авторлар қазіргі халықаралық қатынастардағы жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау мəселесінің өзектілігіне байланысты Иран ядролық бағдарламасы аясындағы АҚШ-Иран қарама-қайшылықтарын талдау мақсатын қойған. Мақалада АҚШ-Иран қарым-қатынастарының даму эволюциясына шолу жасап, АҚШ-тың Иранға қатысты саясатының өзгеруіне сараптама жасалған.
2012

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.