Халықаралық қатынастар

Қылмысты саралаудың астарында нақты әрекеттің қылмыс құрамымен сәйкес болуы қылмыстық заңнамамен қарастырылуы керек деп А.А. Герцензон түсінген [1]. В.Н. Кудрявцева қылмысты саралаудың екі маңызды жағы бар дейді: 1) тұлғаның қылмыс жасау процесінің қалыптасу процесі; 2) осы әрекетті сот және прокуратура органындағы заңды бір құқықтық актіге (тергеушінің қаулысында немесе тергеу органдарында, айыптау парағында, сот үкімінде немесе ұйғарымында) тігу арқылы қылмыстық заңнамадағы қылмыс құрамына сәйкестендіру керек [2].
2009

Мақалада ТМД шегіндегі экономикалық интеграцияның дамуы жайлы қысқаша шолу жасалған. Әсіресе Ресей Федерациясының ТМД елдерінің экономикалық дамуына әсері талданған.
2009

Әлемдегі қарулы қақтығыстар санының азаймауына орай, соғыстың зардабын тартып жатқан балалардың саны да барған сайын көбеюде. Кейбір елдерде қарулы күштер  мен топтар ұл балалар мен қыздарды әскер ретінде ерікті түрде немесе күштеп тартуда. Әсіресе жинаушылардың жеңіл олжасына және пайдалану нысанына кедейлік немесе кемсітушілік жағдайларындағы балалар айналуда. Оларды көбінеки мектептен, көшеден немесе үйінен ұрлап әкетіп жатады. Балалар әкетілгеннен кейін оларды әртүрлі әдістермен пайдаланады.
2009

Қарулы қақтығыстардың құқықтық регламенттелуі мен әскери қылмысқа қарсы күресті мемлекетаралық ынтымақтастықты дамыту мен қалпына келтіруге қатысты көкейкесті сұрақтарды талдауға кіріспес бұрын, мына сауалдарды қою қажет деп көруге болады. Негізінен, «әскери қылмыстар» деген түсініктің өзі қашан пайда болды? Осы фактінің құжат жүзіндегі куәгерлік күшін, шамамен болсын, анықтауға бола ма? Осы қылмыстардың заңдық құрылымын ғана емес, алғашқы түсінігі де берілетін нақты дереккөздерді қайдан іздеуге болады?
2009

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə. Назарбаевтың 2009 жылғы 28 тамыздағы №858 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасында»: «Мемлекеттік құқықтық саясатының маңызды буыны қылмыстық саясат болып табылады, оны жетілдіру қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу жəне қылмыстық-атқару құқығын, сондай-ақ құқықты қолдануды кешенді, өзара байланыста түзету арқылы жүзеге асырылады деп көрсетілген [1, 2 б.].
2010

Референдум жалпы халық билігін жүзеге асырудың бірден-бір əдісі болып табылады. Ол  туралы А.Т. Мухамбедьярова: “Институт народовластия – референдум является одним их важных в казахстанской  модели народовластия на переходном этапе его развития.
2010

Қазіргі таңда қазақстандық ғылым өзінің дамуының жаңа кезеңінен өтуде. Отандық ғылым саласының қайсысын алсақ та ілгерілеу, даму үрдісін байқаймыз. Соның ішінде тарихи-құқықтық салада да көптеген оң өзгерістерді көреміз. Бұрынғы Кеңестік идеология сарынымен жазылған жəне бағаланған тарихи оқиғалар мен үрдістер, қазіргі таңда өзінің объективтік бағасын алып, түбегейлі зерделенуде. Осы тұста, Қазақстанның мемлекеттік-құқықтық дамуының ажырамас бөлігіне  айналған, 1918-1924 ж. аралығында өмір сүрген Кеңестік үлгідегі Түркістан АССР-нің мемлекеттік- құқықтық бет-бейнесін қайта зерделеу мүмкіндігіне иеміз.
2010