Социология

Жастардың жұмысбастылық стратегиясы: ұстанымдар, қағидалар мен тәжірибелердің ерекшеліктері

Мақала еңбек нарығындағы жастардың жұмыссыздығы мен жұ­ мысбастылығы және жұмысқа орналасудағы басты кедергілері туралы болмақ. Осы тұрғыда жастардың еңбек құндылықтары, еңбек­ ке қатынасы, кәсіби деңгейі, жұмысты сапалы әрі жоғары деңгейде орындауы секілді құбылыстарды екінші қырынан зерттеп көруге тырыстық. Жастардың жұмыссыздығын азайту қоғамды регресс қаупі­ нен арылтатындығын дәлелдей келе, оның, яғни, кәсібиліктің қоғам­дық прогресске әсер ету мүмкіншілігін талдадық. Жастардың еңбек құндылықтарын көтеру, сапалық деңгейге шығару түрлі деңгейдегі мекемелердің даму кілті бола алатындығына көз жеткіздік. Еңбек на­ рығын жан­жақты сауатты зерттеу үшін объективті ақпарат көздерін іздеу мақсатында ғалымдар мен зерттеушілердің, мемлекеттік органдардың ақпараттары қарастырылады. Жастар жұмыссыздығы бойынша зерттеулерге салыстырмалы талдау жасалып, өз зерттеуіміздің нәтижелерін ұсынамыз. Осы және өзге де тұжырымдар мақала барысында өз оқырманын таппақ.
2015

Мақалада әр алуан тoптардың, таптардың бір­біріне деген қа­ рым­қатынастарын, жақындығын, қарама­қайшылығын, қoғамдағы oрнын білдіріп, әлеуметтік қатынас құрылымының дәстүрдің сәй­ кестендіріліп, заманауи ағымына сай өзіндік итеграциялауын ғылыми әдіснамалық жолмен сараптап, негізгі ерекшеліктеріне тоқталған.
2015

Мақалада қазақстандық қоғамда, отбасында, мектепте өскелең ұрпаққа этникалық тәрбие беру мәселелері қарастырылады, этномәдени білім берудің теориялық­әдіснамалық негіздері ашылып көрсеті­ леді. Қазақстандық ғалымдар мен педагогтардың еңбектеріне сарап­ тамалық талдау жасалынған. Соның негізінде автор этнопедагогика, этнопсихология, этнос терминдеріне түсіндіру контексінде этномәдени білім берудің мәнін ашып, қазақ халқы мәдениетіндегі этнотәрбие мен қазақ тілінің маңыздылығын көтереді.
2015
Гендерлік контексттің лаңкестікке қатынастылығын зерттеу

Мақалада террор, терроризм және террорист ұғымдары, лаңкестік дамуының шарттары мен себептері, лаңкестіктің дамуына ықпал ететін факторлар, адамдардың лаңкестікке қатынасы талданады. Зерттеуді талдау нәтижесінде, көптеген әйелдердің лаңкестікке қа тынасы теріс сипатта болса, ал ер адамдарда негативтіден пози­ тивтіге дейінгі әртүрлі қатынаста екенін көруге болады. Өткізілген зерттеу нәтижесі адамдардың лаңкестікке адекватты қатынасының қалыптасуындағы мәселені анықтауға және жүйелендіруге көмек береді.
2015

Жас мүгедектермен жұмыс жасау ерекшеліктері олардың не­ гативті әлеуметтік өзгерістерге бейімделуінің айтарлықтай қиын болуында. Өзін қорғау қабілетінің төмен болу салдарынан олар ха­ лықтың ең аз қамтылған бөлігінен орын алды. Мақала тақырыбының өзектілігі мемлекеттің бұл бағытта аз жұмыс жасағанына және жал­ пы мүгедек жандарды әлеуметтік қамсыздандырудың жақсарғанына қарамастан барлық категориядағы мүмкіндігі шектеулі адамдардың жаппай әлеуметтік қамсыздандыру жоғары дәрежеде еместігімен, мүгедектік мәселесінің шиленісе түсуімен және мүгедек жастардың қарқынды өсуімен байланысты.
2015