Социология

Ұлтаралық жанжалдардың көбісі қазіргі жаңа қоғамда көп таралған құбылыс болып келеді. Бұл мəселе тек бүгін ғана туындаған жоқ. Адамзат тарихында соңғы 5 мың жыл ішінде 3,5 млрд. адам дүние салған 15 мыңға жуық соғыс пен қаруланған жанжалдар болды. Халықаралық Стокгольм институтының зерттеулері бойынша ХХ ғасырдың 80-жылдары болған жанжалдардың көбісі этносаралық болды.
2011

Кəсіби білім беру жүйесі жұмысының тиімділігіне əрбір адамның күнделікті өмір сүру сапасы,  ал нəтижесінде барлық халықтың өмірінің сапасы мен деңгейі тəуелді. Кəсіби білім беру орындарының түлектері үйлер салады, ауылшаруашылық өнімдерін өндіреді, нан пісіреді, жиһаз жасайды, пассажирлерді тасымалдайды, байланыспен қамтамасыз етеді жəне т.б. Осы білім беру саласының қоғамның нарықтық экономикасындағы маңызды орны мен рөлін түсіне отырып, жан- жақты инвестициялар салу арқылы дамытуымыз қажет. Нақты осы сала Канада, Норвегия жəне Швеция сияқты елдердің əлемдегі дамыған елдер қатарына қосылуға себепші болды.
2011

Білім беру – бір ұрпақтан екінші ұрпаққа əлеуметтік тəжірибені жəне білімді берудің күрделі процесі. Атап айтқанда, білім - бұл жүйелік білімді беру жəне ол өркениетті қоғамда орын алған көп түрлі компоненттер мен элементтердің болуын талап етеді. Білім беру – міндетті екі субъектісі – мұғалім жəне білім алушы, яғни оқытушы жəне оқушы бар, ұйымдастырылған процесс. Осы субъектілер болмаса білім беру процесі болмайды.
2011

Социологияның ғылым ретінде дамуының қазіргі кезеңінде визуалды социология əдіс ретінде социологияның сапалы əдістерінің қатарына кіреді. Шетелдік кітаптар, монографиялар мен мақалаларда визуалды социологияның деректі базасына фотосуреттерді, видеофильмдер, суреттер, сызбалар мен графиктерді жатқызады.
2011

Қоғамның қызмет етуі мен дамуы автоматты түрде іске аспайды, ол басқару əрекетіне ғылыми білімдердің жүйесінің енгізілуін талап етеді. Басқару əрекетінің тиімділігі теориялық жəне тəжірибиелік мəселелердің басқару əлеуметтануының зерттелуін қажет етеді. Ол бұл тек əлеуметтанулық білімінің құзыретіне жатады.
2011

Соңғы уақытта тек білім беру бағдарламаларының мазмұны ғана емес, сонымен қатар оқу процесінің құрылымдық-ұйымдастырушылық аспектілері, сондай-ақ студенттердің тек «диплом» алуға ғана емес, негізгі кəсіби құзырлықтарды теориялық жəне практикалық деңгейде саналы меңгеруге бағытталған кəсіби білім беру мəнін түсінуі де өзгеруде. Əртүрлі грант пен кредит түрлеріне негізделген жоғары білім берудің қаржылық жағдайлары да кеңеюде.
2011

Визуалды әлеуметтанудың теориялық, терминологиялық, әдістемелік базасы қалыптасу кезеңінде тұр. Ол бейнелерді және басқа да объектілерді қоғам мен мәдениетті талдау үшін қолданылады. Мақалада бүгінгі күндегі әлеуметтануда «визуалды әлеуметтанудың» құбылыстарына, теориялық негізін жүйелеуге, әдістемелік тәсілдеріне  талдау жасалынады.
2012

Бұл мақалада миграциялық процестер мен еңбек мигранттары және олардың заңсыз сипатқа ие болу мәселелері қарастырылған. Мақаланың зерттеу объектісі заңсыз еңбек мигранттары, ал пәні ретінде оның қоғам құрылымына негативті әсері болып табылады. Бұл мәселені зерттеу нәтижесінде миграциялық процестерге әсер ететін ішкі және сыртқы факторлар анықталды, ҚР статистикалық агенттігінің мәліметтері талданып және келесі қорытындылар жасалды: жергілікті халықтың жергілікті еңбек нарығындағы бәсекелестіктің күшеюі, елдегі әлеуметтік қысымға алып келетін экономикалық белсенді секторларының мигранттармен монополизациялануы мәселелері анықталды.
2012

Әлеуметтік жұмыс теориясында жалпы қабылданған болып өмірлік қиын жағдайға тар анықтаманың берілуі табылады. Яғни бұл анықтамада, субъект пен объектінің әлеуметтік жұмыста ортақ іс-әрекеттері арқылы берілген өмірлік қиын жағдайға баға берумен қатар, оларды жеңу мен нәтижелерін саралау қарастырылады. Мақалада өмірлік қиын жағдайдың пайда болуы мен оның бұзылу салдарынан пайда болған адам өмірінің тәртіптік бағыты қарастырылған. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы: мүгедектерді реабилитациялау, үйге әлеуметтік көмек бөлімінің ұйымдары, ыммен сөйлеу қызметі мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға жеке көмекші сияқты жаңа бағдарламаларға талдау берілген.
2012

Ақпараттандыру үрдісі жеке адамның интеллектуалдық деңгейі мен шығармашылық белсенділігіне, ақпараттық мінез-құлқына əсер етіп, өмірлік бағыт-бағдарын қалыптастырады. Мақаланың зерттеу пəні ретінде ақпараттандыру үрдісінің ақпараттық мінез-құлықты қалыптастыруға əсері жəне БАҚ-тың қоғам өмірінде алатын рөлі қарастырылған. Зерттеу барысында ақпараттық қоғам мəселелері жəне ақпараттандыру үрдісінің негізгі бағыттары сипатталады. Мақалада БАҚ-тың атқаратын негізгі қызметтері жəне жеке адамның ақпараттық мəдениетінің қалыптасуына əсері айқындалған.
2012

Əлеуметтіксалақоғамныңнегізгісаласыболыптабылады. Бұлсаланыңмамандарықоғамды гумандандыруда басты рөл атқарады. Азаматтық қоғамды, əлеуметтік мемлекетті қалыптастыру қазіргі кезеңде өзекті мəселелердің қатарына жатады. Қазақстанда əлеуметтік мемлекеттің, азаматтық қоғамның өзіндік үлгісін қалыптастыруға əлеуметтік сала мамандары белсене қатысады. Халықтың аз қорғалған бөлігін əлеуметтік қорғау, олардың тұлғалық белсенділіктерін, өз тұлғасына құрметпен қарауын дамыту, əлеуметтік тұрғыдан қолдау көрсетудің жолдарын жетілдіру стратегиялық тұрғыдан маңызды. Бұл Қазақстанның ұлттық мемлекет ретінде өз ерекшеліктерін ескере отырып, əлеуметтік дамудың мақсаттарын белгілеуді көздейді.
2012

Мақалада еліміздің даму деңгейі бағаланатынын əрбір мемлекеттің мəдени-экономикалық дамуы қайсыбір тарихи кезеңдерде болмасын ондағы кəсіптік білім жүйесінің деңгейіне байланыстылығы дəлелденген. Сондықтан да қазіргі таңда кəсіптік білімге көзқарас та, сұраныс та əлемдік деңгейде бетбұрыс алуда. Елімізден экономикалық жүйені қалыптастыратын бірден-бір жол – кəсіптік білім жүйесі болмақ. Автор қазіргі кезде нарықтық қоғамға тəн жаңа қоғамдық қатынастар орнығып, жұмыс істей бастағалы республика кəсіпорындарына, ауыл шаруашылығы мен қызмет көрсету салаларына белгілі бір кəсіп түрін меңгерген жоғары білікті маман жұмысшы кадрлары – механиктер, слесарьлар, тракторист-машинистер, компьютерде жұмыс істей алатын шеберлер, интернет, веб-дизайн, e-mail мамандары, телерадио жөндеу шеберлері, тұрмыстық күрделі техникаларды жөндеуші ісмерлер, газэлектриктер, даяшы-сатушылар, бармендер, аспазшылар, тігіншілер, сатушы кассирлер, еурожөндеуші құрылыс шеберлері, слесарь-сантехниктер, сауда жарнамалық агенттер, ветеринар, фельдшер, қонақ үй бизнесін, туризмді, шағын жəне орта бизнесті дөңгелетіп əкететін қызметшілер, т.т. өте қажет болып отырғандығы туралы айтады.
2012

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.