Социология

Білім беру – бір ұрпақтан екінші ұрпаққа əлеуметтік тəжірибені жəне білімді берудің күрделі процесі. Атап айтқанда, білім - бұл жүйелік білімді беру жəне ол өркениетті қоғамда орын алған көп түрлі компоненттер мен элементтердің болуын талап етеді. Білім беру – міндетті екі субъектісі – мұғалім жəне білім алушы, яғни оқытушы жəне оқушы бар, ұйымдастырылған процесс. Осы субъектілер болмаса білім беру процесі болмайды.
2011

Социологияның ғылым ретінде дамуының қазіргі кезеңінде визуалды социология əдіс ретінде социологияның сапалы əдістерінің қатарына кіреді. Шетелдік кітаптар, монографиялар мен мақалаларда визуалды социологияның деректі базасына фотосуреттерді, видеофильмдер, суреттер, сызбалар мен графиктерді жатқызады.
2011

Қоғамның қызмет етуі мен дамуы автоматты түрде іске аспайды, ол басқару əрекетіне ғылыми білімдердің жүйесінің енгізілуін талап етеді. Басқару əрекетінің тиімділігі теориялық жəне тəжірибиелік мəселелердің басқару əлеуметтануының зерттелуін қажет етеді. Ол бұл тек əлеуметтанулық білімінің құзыретіне жатады.
2011
Қазақстанның жоғары оқу орындарының білім беру деңгейі: студент жастардың көзқарастары бойынша

Соңғы уақытта тек білім беру бағдарламаларының мазмұны ғана емес, сонымен қатар оқу процесінің құрылымдық-ұйымдастырушылық аспектілері, сондай-ақ студенттердің тек «диплом» алуға ғана емес, негізгі кəсіби құзырлықтарды теориялық жəне практикалық деңгейде саналы меңгеруге бағытталған кəсіби білім беру мəнін түсінуі де өзгеруде. Əртүрлі грант пен кредит түрлеріне негізделген жоғары білім берудің қаржылық жағдайлары да кеңеюде.
2011

Визуалды әлеуметтанудың теориялық, терминологиялық, әдістемелік базасы қалыптасу кезеңінде тұр. Ол бейнелерді және басқа да объектілерді қоғам мен мәдениетті талдау үшін қолданылады. Мақалада бүгінгі күндегі әлеуметтануда «визуалды әлеуметтанудың» құбылыстарына, теориялық негізін жүйелеуге, әдістемелік тәсілдеріне  талдау жасалынады.
2012
Заңсыз еңбек мигранттарының еңбек нарығына тигізетін әсері

Бұл мақалада миграциялық процестер мен еңбек мигранттары және олардың заңсыз сипатқа ие болу мәселелері қарастырылған. Мақаланың зерттеу объектісі заңсыз еңбек мигранттары, ал пәні ретінде оның қоғам құрылымына негативті әсері болып табылады. Бұл мәселені зерттеу нәтижесінде миграциялық процестерге әсер ететін ішкі және сыртқы факторлар анықталды, ҚР статистикалық агенттігінің мәліметтері талданып және келесі қорытындылар жасалды: жергілікті халықтың жергілікті еңбек нарығындағы бәсекелестіктің күшеюі, елдегі әлеуметтік қысымға алып келетін экономикалық белсенді секторларының мигранттармен монополизациялануы мәселелері анықталды.
2012

Әлеуметтік жұмыс теориясында жалпы қабылданған болып өмірлік қиын жағдайға тар анықтаманың берілуі табылады. Яғни бұл анықтамада, субъект пен объектінің әлеуметтік жұмыста ортақ іс-әрекеттері арқылы берілген өмірлік қиын жағдайға баға берумен қатар, оларды жеңу мен нәтижелерін саралау қарастырылады. Мақалада өмірлік қиын жағдайдың пайда болуы мен оның бұзылу салдарынан пайда болған адам өмірінің тәртіптік бағыты қарастырылған. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы: мүгедектерді реабилитациялау, үйге әлеуметтік көмек бөлімінің ұйымдары, ыммен сөйлеу қызметі мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға жеке көмекші сияқты жаңа бағдарламаларға талдау берілген.
2012