Статьи, город Қарағанды

Экономикалық категория ретінде меншік адамдар арасындағы өндірістік құралдар мен өнімдерге, материалдық игіліктерді қолдануға, иеленуге жəне басқаруға байланысты туындайтын қатынастарды білдіріп отырады. Сондықтан экономикалық категория ретінде меншік нақты материалдық құндылықтар, өндірістік құралдар мен өнімдерге байланысты адамдар арасындағы қатынастарды білдіретіні анық жағдай. Меншіктің экономикалық категория ретіндегі сипаты оның екі тұрғыдан қарастыру қажеттілігін тудыртып отырады. Оларға меншіктің тарихи қалыптасқан қоғамдық-экономикалық формациядағы қоғамдағы барлық экономикалық-өндірістік қатынастардың кең түрдегі ұғымы жатса, екіншісі нақты затқа байланысты туындайтын материалдық қатынастарды білдіреді. Осы қатынастардың мазмұны материалдық игіліктермен, мүліктермен немесе нақты затты еркін иелену, қолдану жəне басқару кезінде ашылады жəне экономикалық категория ретіндегі меншік құқықтық категория ретіндегі меншік ұғымымен тығыз байланысты. Сондықтан құқықтық категория ретінде меншікті қарастыру негізінен адамның меншік иесі болу құқығының мəні мен мазмұнын, меншіктің объектісі мен субъектісін анықтау, меншік нысандарының құқықтық бекітілуіне жəне құқықтық реттелуіне, құқық нысандарының мемлекеттік қорғау мəселелеріне талдау жасау арқылы айқындалады.
2009

Қазақстан Республикасында салық жүйесін жетілдіру барысында шетел тəжірибелерін, олардың қызмет ету ерекшеліктерін ескеру қажет екені бəрімізге мəлім. Сондықтан басты мақсат салық салу саласындағы əр түрлі мемлекеттердің салық жүйелері, салықтардың түрлері туралы мəселелерді тереңдету болып табылады. Алыс, жақын шет мемлекеттердің салық жүйелері əр түрлі экономикалық, саяси, əлеуметтік жағдайлардың барысында қалыптасты. Кейбір елдердің салық заңнамаларында салық төлеушілер мен өзге де тұлғалардың іс-əрекеттер адалдығын бағалау үшін құқықтық тұрғыда «құқықпен асыра пайдалану» деген ұғым бар. Франция мемлекетінде 1982 жылдың 1 желтоқсанынан бастап əрекет ететін «Фискалдық үрдістердің бостандығы туралы» Заңның 64-бабына сəйкес шарттар мен келісімдердің заңды табиғатын жасыру мақсатында келіп түсетін немесе жіберілетін келісімдер туралы жала түсінік беру негізінде салық əкімшілігінің өкілеттілігін жүзеге асыруға кедергі болмайды деп бекітілген [1].
2009

Қазақстан Республикасының тəуелсіздігін жариялау жəне егемендігін алуы шетел мемлекеттерімен саяси, экономикалық, ғылыми-техникалық, мəдени жəне басқа да қатынастарды нығайтты. Бұл халықаралық қауымдастықпен қарым-қатынас əдістері мен формаларын жаңарту қажеттілігін тудырды. Дүниежүзілік қауымдастыққа ене отырып, Қазақстан Республикасы өзінің халықаралық құқық субъектілігін дамытатын, əрі іске асыратын оның шынайы мүшесі болуы тиіс болды. Халықаралық құқықта субъектінің объективті сипаттары төменде көрсетілгендер болып саналады: біріншіден, халықаралық құқықтағы басты субъектілерге тəн тəуелсіздік, екіншіден, дербес келісім тəжірибесі, үшіншіден, шет мемлекеттер мен өкілділіктермен дипломатиялық жəне консулдық айырбас, төртіншіден, тəуелсіз мемлекеттің халықаралық ұйымдар қызметіне қатысуы [1]. Еліміздегі барлық этностардың шынайы келісім мен бірлікте өмір сүруі, ең алдымен қазақ халқының ата дəстүрі жəне табиғи кеңпейілдігі, ұлттық ділінің кеңдігі арқасында екендігінде дау жоқ. Дегенмен, Қазақстан тəуелсіздік алған кезде ел басшылығы алдында халықтың келісімін сақтап қалу, қоғамның барлық күш-əлеуетін бір мақсатқа жұмылдыру басты назарда ұсталды. Себебі 100- ден астам этнос өкілдерінің басын біріктірмесе, «бас басына би болып», əрқайсысы «көрпені өзіне тарту» басталар еді. Сонымен қатар саяси күштер бұл жағдайды өзіне қарай бұра тарту қауіпі бартұғын [2].
2009

Кез келген тірі құрылымның тіршілік ету ортасында бейімделуі  шектеулі. Жануарларда қоршаған ортада бейімделу кезінде арнайы сезім органдары түріндегі ерекше механизмдер, сонымен қатар арнайы физиологиялық механизмдер мен əрекет түрлері пайда болады. Экологтардың бақылауынша, жануарлардың əрекеті негізінен белгілі бір ортаға бейімделуге бағытталған. Өзіне бейтаныс жерге жіберілген жануар, бірінші кезекте, сол жердің шекарасын айнала иіскеп, содан соң сол жерде орналасқан барлық заттарды иіскейді. Биологтар жануардың бұл əрекетін зерттеу инстинкті деп атайды, себебі кез келген жануар өз ортасының қауіпсіз екендігіне көзі жетуі керек. Осындай қажеттілік адамға да тəн.
2009

Жабайхан Əбділдин теориялық танымның қажетті моменті ретіндегі бастаманы зерттей келе, «бастама» ұғымының мынадай сипаттамасын тұжырымдады: а) жай (элементарлық) нақтылық тұрғысындағы бастама; ə) əмбебаптық пен жекелік бірлігі тұрғысындағы бастама; б) бастаманың қайшылығы. «Оқушы қауым Ж.М.Əбділдин шығармаларындағы көптен бері ізделіп жүрген, сирек кездесетін дүние, сірə, оның ең негізгі еңбегі — «Теориялық танымдағы бастама мəселесі» (Алматы, 1967) кітабы. Сол кезде бұл ғылымның өте қиын саласындағы «осы мəселені неғұрлым толық қарастыруға атсалысқан бірінші еңбек» еді. Бұл философия мен ғылыми таным практикасы үшін бүгінге дейін өте өзекті мəселе жəне біздің қазіргі таңдағы көзқарасымыз қалай да алға кеткенімен Ж.М.Əбділдиннің еңбегі өзінде өзінің жасампаздық импульсін сақтайтындығына ешқандай күмəн жоқ», — деді Г.В.Лобастов [1].
2009

Философиялық дүниетанымды құрайтын негізгі философиялық сұрақтар болуы тиіс. Бұл сұрақтарды кейде философияның басты мəселесі деп жатамыз. Бірақ философияның басты сұрақтары шектеулі емес. Əлемде қаншама құпия сыр болса, сонша сұрақ болуы тиіс. Шəкəрімнің де өз философиясының сұрақтары бар. Шəкəрім дүниетанымының кеңістігі қандай философиялық сұрақтарды қамтиды? Бұл жайында айтпас бұрын философияның басты мəселесі деген сұраққа қысқаша тоқтала кетейік.
2009

Отандық тарих ғылымында Ұлы Отан соғысының тарихы мен республиканың жеңіске қосқан үлесіне қатысты мəселелер əлі де өзекті жəне соғыстың тарихнамасы тарих ғылымының барынша жасалған жəне басым бағыттарының бірі болып табылады. Ұлы Отан соғысы тарихы тақырыбына көптеген ғылыми жұмыстар арналған, оларда халықтың еңбектегі ерліктері, халық шаруашылығының соғыс жылдарындағы дамуы жəне оның Жеңіске қосқан үлесі, майдан қажеті үшін өнім шығару мен өндірістік ұжымдарда жарыстарды ұйымдастырудағы қоғамдық ұйымдар мен партиялық комитеттердің рөлі мəселесі де бар. Қазақстандағы зерттеу жұмыстары өнімді жүргізілген. Бұл салада соғыс кезінің тарихын арнайы зерттейтін маман тарихшылардың еңбектерін қоспағанда, тыл ардагерлері мен соғыс куəгерлерінің, мемлекет қайраткерлерінің жəне басқа тұлғалардың да жазған еңбектері көптеп кездеседі. Мəселен, 1945 жылдан 1977 жылға дейінгі аралықтың өзінде ғана КСРО көлемінде жалпы таралымы 700 млн. дана болатын 16 мың кітап пен кітапша жарық көрген [1; 7].
2009

XIX ғ. аяғы мен ХХ ғ. басы патша үкіметінің арнайы статистикалық, экономикалық жəне жергілікті ғылыми, қоғамдық-географиялық экспедициялар ұйымдастыру арқылы Қазақстанды қарқынды түрде зерттеуімен сипатталады. Осы кездегі статистикалық-экономикалық зерттеулер мен тексерулер қазақтардың құнарлы игерілген жерлерін артық жерлер, бос жатқан жерлер деп, қоныстану корына тартып алу мақсатында жүргізіледі. Осындай мағынадағы статистикалық мəліметтердің жарықка шығуы патша өкіметінің қоныстандыру саясатының құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады. Əрбір өркениетті мемлекет, əрбір халық өзінің өткенін бағамдап, ата тарихын жасайтыны хақ. Сол тарихынан тағылым алып, оның сабақтарын ескеру — мемлекетіміздің дамуының негізгі факторларының бірі. Адам қоғамындағы ілгері дамудың бəрі де өткен өмірдің тəжірибесінің нəтижесі. Сондықтан тарихқа мойын бұру, ата-бабаның өмір-тіршілігін ұмытпау келешек ұрпақтың адамгершілік міндеті ғана емес, сонымен бірге ілгері дамудың кепілі де. Ал, сол тарихи сананы, тарихи құбылыстарды калпына келтіру үшін міндетті түрде тарихи деректерге жүгінуіміз керек.
2009

Ұлытау өңірі ортағасырларда саяси оқиғалардың аренасы болды. Ұлытау өңірінің ортағасырлардағы тарихы Монғол империясының құрылуымен байланысты. Шыңғыс хан Дешті-Қыпшақ даласын үлкен ұлы Жошының үлесіне береді [1; 283]. Жошының мазары Қарағанды облысы Ұлытау ауданында, Жезқазған қаласынан 45 км жерде, Кеңгір өзенінің сол жағалауында орналасқан [1; 283; 2; 242]. Жошының        Дешті-Қыпшақ    даласына        келуі    туралы       парсы      авторы       əл-Джузджанидің «Табакат-и-насири» шығармасында былай деп жазады: «Туши (Жошы. — Ж.Ж.) и Чагатай, управившись делами хорезмскими, обратились на Кипчак и Туркестан, покорили и заполонили одно за другим войска и племена кипчакские и подчинили все (эти) племена своей власти» [3, 14].
2009

Қазақстанда тарихи географияның арнайы ғылым саласы ретінде қалыптаспағаны белгілі. ХХ ғасырдың орта шеніне дейін арнайы түрде тарихи-географиялық зерттеулер жүргізілмеді. Белгілі зерттеуші Г.Ф.Дахшлейгер «Қазақстан тарихнамасында шығыстану, деректану, палеография, нумизматика, геральдика, метрология, тарихи география жəне т.б. қосымша пəндер жеткілікті деңгейде көрініс алмай жатыр» деп, 70-шi жылдарға дейінгі жағдайды шолып өтті [1; 127]. Дегенмен, Қазақстан тарихына байланысты тарихи география мəселесі мүлдем қарастырылусыз қалған жоқ. Отандық ғалымдардың зерттеулерінде арнайы немесе жанама түрде болсын тарихи- географиялық тақырыптар көтерілді. Қазақстан тарихының Қазан төңкерісіне дейінгі тарихнамасы, Қазақстанның тарихи өлкетануы жəне оның зерттелу тарихнамасы Г.Ф.Дахшлейгердің, Э.А.Масановтың, сонымен қатар С.Ш.Ахметованың еңбектерінде қарастырылған болатын [1–3]. Мұнда ХІХ ғасырдағы Қазақстанның тарихи өлкетануының қалыптасуын қарастыруда автор көбінесе жоғарыда көрсетілген тарихнамалық еңбектерді қайталағанмен, біріншіден, Қазақстанды зерттеу қоғамының жұмысына, екіншіден, мұржайлық өлкетанудың жəне ескерткіштерді қорғау ісінің дамуы мəселелеріне жан-жақты тоқталады [3; 80–129; 130–155].
2009

«Тауарих хамса» Алтын Орда жəне оның ыдырау нəтижесінде құрылған түрік-татар мемлекеттерінің тарихын баяндайтын жазба деректердің қатарын құрайды. Отан тарихында аталған кезеңге байланысты жазба деректер қоры жəне оларды талдайтын еңбектер тым аз. Жалпы, əлемде Алтын Орда жəне оның төңірегінде жүргізіліп жатқан зерттеу жұмыстары күннен күнге өз аясын қосалқы деректерді тану арқылы кеңейтіп келе жатыр. Алтын Орда тарихын белгілі араб, парсы, монғол, орыс, түрік деректерімен қоса армян, қытай, грузин, грек, итальян, латын жəне т.б. [1] тілді еңбектермен қатар зерттеу қажеттілігі айтылып жүр. Алтын Орда тарихы «Тауарих хамсада» «Шыңғыс əулетінің билік ету кезеңдері» [2] деген бөлімде баяндалған. Қ.Халид тарихты Жошының қайтыс болуымен жəне оның бес ұлының есімдері төмендегідей тізбекпен: Үрде ижн (Орда), Бату хан, Тоғай Темур, Шайбан хан [3] деп атап, бір ерекшелігі Бату ханның замаманын қазақ хандығының құрылу уақытына дейінгі аралықты «он төрт» кезеңге бөліп қарастырған. Жошы иелігіне қараған аймақта, билік басында деректер бойынша, оның ұлдары мен ұрпақтары отырған.
2009

Қазан төңкерісінен кейін Ресейдегі саяси жағдай шиеленісе түсті. Өйткені Уақытша үкіметті құлату, Учредительдік Құрылтайды қуып тарату, большевиктердің экономикалық жəне саяси- əлеуметтік шаралары, Кеңес өкіметіне қарсы дворяндардың, буржуазияның, интеллигенцияның шіркеудің, офицерлердің ашық наразылығын туғызды. Большевиктердің «революциялық» саяси əдістерін демократиялық интеллигенция, казактар қауымы, кулактар мен орта шаруалар қолдаудан бас тартты. Осының өзі азамат соғысының басталу себептерінің бірі Кеңес өкіметінің ішкі саясаты деп айтуға болады. Декрет бойынша жерді тартып алу, өнеркəсіп ошақтарын үкіметтің қарамағына беру, азық-түлік бөлуде мемлекеттік монополияны орнату т.б. жаңа үкіметтің шаралары помещиктер мен буржуазияның Кеңес өкіметіне қарсы күрес бастауына əкеп соқты. Сондықтан жеке меншіктерінен айырылған таптардың оны қайтару үшін күресі де азамат соғысының басталу себептерінің екінші жағы болды.
2009

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.