ҚазҰУ Хабаршысы

Медиация, жалпы құқықтаағылшын тілінде (alternative dispute resolution, ADR) даулардың альтернативті реттеу технологиясы болып табылады, яғни үшінші тұлғалардың қатысуымен дау мәселелерін шешу. Бұл жағдайда медиатор тарабы, екі жаққа тәуелсіз болып келеді. Ежелгі Рим, Ежелгі Греция елінде дау мәселелерін делдалдық қатынастар арқылы шешкен. Рим халқы «делдал» ұғымын әртүрлі терминдермен пайдалана білді:» internuncius, medium, intercessor, philantropus, interpolator, conciliator, interlocutor, interpres, mediator» [2].
2015

Қазақстандық құқық ғылымы үшін корпоративтік құқық ұғымы жаңа ұғым болып табылады. «Корпоративтік құқық» түсінігінен оның реттеу пәні болып корпорациялары құру және олардың қызметіне байланысты қоғамдық қатынастар табылатындығын айтуға болады. Корпоративтік құқық отандық құқық үшін жаңа болғандықтан оның құқық саласы, ғылым саласы және оқу пәні ретіндегі мәнін анықтау өте маңызды. 
2015

Қазақстандағы саяси және әлеуметтік реформалар құқық жүйесінің өзгеруіне және экономикалық қызметтердің еркіндігінің заңда бекітілуін қажет етті. Дербестікке, жеке бастамашылыққа негізделген жаңа экономикалық қатынастар азаматтық айналымдағы шарттардың маңызының көтерілуіне ықпал етті.
2015

Заң шығару қызметі – бұл заң шығарушы субъектілердің заң актілерін жасауға бағытталған саналы, мақсатты қызметі. Заң шығармашылық қызмет санаға негізделген қызмет болғанымен оны қандай да бір жағдайлар себеп етеді. Ол жағдайлар адамдардың еркіне, санасына бағынышты да, одан тыс, тәуелсіз жағдайда да болуы мүмкін. Қоғамдағы кез-келген қызмет, процесс секілді заң шығару қызметі де өмірде болып жатқан түрлі әлеуметтік, саяси, экономикалық т.с.с. процесстерден туындайды,олармен өзара тығыз байланыста болады.Қоғамда болып жатқан жағдайлар құқықтық ережелердің қалыптасуына, оның мазмұнына сөзсіз әсерін тигізеді. Олай болса, заң шығару қызметі қоғамдағы түрлі процесстердің нормативтік байқалуының жолы болып табылады. Заң актілерін шығара отырып, заң шығарушы орган қоғамның экономикалық, әлеуметтік, мәдени, рухани т.б. дамуының деңгейіне сүйенеді.Бұл заң шығарушылардың заң шығармашылығына байланысты жүріс-тұрысы, іс-әрекеті негізделген болып табылатындығын көрсетеді. Заң шығарушы қандай да болмасын әрекетті толығымен өз қалауы бойынша негізсіз таңдай алмайды. Ол әрқашанда белгілі бір қажеттілікпен байланысты болады.
2015

Еуразия континентінің дәл ортасында, Еуропа, Шығыс және Оңтүстік-шығыс Азия секілді нарығы шапшаң дамушы алпауыт мемлекеттер арасынан қоныс тепкен Қазақстан экономикасы негізінен мемлекеттің жоғары тасымалдау мүмкіншіліктеріне қатысты болып табылады. Ұлттық көлік жүйесінің дамуына еліміздің үлкен территориясы, халықтың орналасу тығыздығының аздығы (орта есеппен кв.м. 6 адам), шикізат және өндіріс ресурстарының көптеп шоғырлануы маңызды рөл атқаруда.
2015

Парламенттің заң шығару қызметі өмірде болып жатқан әлеуметтік, саяси, экономикалық процестерден туындайды, олармен өзара тығыз байланыста болады. Бұл процестер заң ережелерін қоса алғанда жалпы құқықтық ережелердің қалыптасуына сөзсіз әсерін тигізеді. Заң актілерін шығара отырып, Парламент қоғамның әлеуметтік, экономикалық, мәдени, рухани т.б. дамуының деңгейіне сүйенеді. Әрі Парламенттің заң шығару қызметі адамдардың қажеттіктері мен мұқтаждықтарынан, мақсаттары мен мүдделерінен туындалады.
2015

Қазақстан Республикасының қазіргі жағдайында халықтың денсаулығына байланысты мәселелер маңызды орынға ие. Дені сау адамдар елдің әлауқатының қателеспейтін индикаторы және сенімді кепілі. Ұлт денсаулығы да ғалымдармен адам дамуының маңызды индикаторы мен мемлекеттің даму әлеуеті ретінде жанжақты талданылады. Сәйкесінше, ұлт денсаулығы ұлттық қауіпсіздік саясатының басым бағыты ретінде бекітілген.
2015

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Мәңгілік ел» идеясын ұсынып, мемлекеттік тілді мәңгілік тіл ретінде қалыптасатынына баса назар аударған болатын. Елбасы өз сөзінде: «... Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар. Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды! Оны даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн» – деп мемлекеттік тілдің болашағын біржола бағамдап, нүктесін қойды [1, 13 б.].
2015

Біз бұл мақалада Қазақ хандығының ұлт азаттығы үшін күресі барысында өз миссиясын дұрыс түсініп, халық бірлігін сақтап қалуда ерекше еңбек сіңірген Абылайдың қызметі мен саяси-құқықтық ойларын айқындауды мақсат еттік. Төре тұқымының осы кезеңдегі ең көрнекті өкілдерінің бірі, Қазақ хандығының өз мемлекеттігін әлі де сақтап қалуына ықпал еткен билеуші ретінде өзін бөлек зерттеуді талап етеді. Сондықтан зерттеудің негізгі объектісі ретінде Абылайдың танылуы заңды. «Выбор правящих кругов казахского общества остановился именно на Аблае, прежде всего, потому, что он обладал необходимыми качествами для решения тех задач, которые стояли перед страной» [1, 147 б.].
2015

«Кінә» категориясына заңи баға берерде, ең алдымен, қол- даныстағы заңнамаға сүйену қажет. Заң шығарушының бұл мә- селеге қалай қарайтынын анықтап алған жөн. Қолданыстағы ҚР АК-не назар аударсақ, онда кінәға анықтама беретін нақты норманың жоқ екенін байқаймыз. ҚР АК-нің 359-бабына сәй- кес борышқор кінәлі болған кезде, егер заңдарда немесе шарт- та өзгеше көзделмесе, міндеттемені орындамағаны және (не- месе) тиісті дәрежеде орындамағаны үшін жауап береді. Егер борышқор міндеттемені тиісті дәрежеде орындау үшін өзіне байланысты шаралардың барлығын қолданғанын дәлелдесе, ол кінәсіз деп танылады. Мұнда кінә тек жауапкершілікті туында- татын шарт ретінде қарастырылады, тіпті заңмен белгіленген жағдайларда бұл шарттың болмауының өзі жауапкершілікті туындатады.
2015

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.