Инвестициялар

Қазіргі уақытта инвестициялық үрдісті қаржыландыру нарықтық тетікті бір қалыпқа келтіру Қазақстан Республикасы экономиканың дамуының басты мəселелерінің бірі болып табылады. Тиімді инвестициялық тетікті қалыптастыру арқылы өнеркəсіптік өндірісті қалпына келтіру жəне сапаны қайта құру үшін əр түрлі көзқарастар мен тəсілдер ұсынылуда. Инвестициялар деп өнеркəсіпке, құрылысқа, ауыл шаруашылығына жəне өндірістің басқа да салаларындағы шаруашылық субъектісіне мүліктей, заттай, сондай-ақ ақша қаражаты түрінде, яғни капитал түрінде, салынып, ол шаруашылықты əрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың жиынтығын айтады [1]. Жалпылай айтқанда, инвестиция дегеніміз — бүгінгі күні қолда бар ақшаны, мүлікті жəне басқа да заттарды, яғни капиталды, қандай да бір өндірісті дамыту үшін жұмсап, сол арқылы келешекте пайыз түрінде немесе басқадай үлкен кəсіпкерлік табыс табу болып табылады. Бұл жоғарыда айтылған үрдіспен екі фактор байланысты болып келеді. Оның біріншісі — уақыт, ал екіншісі — тəуекелдік (тəуекелге бару). Сонымен қатар инвестиция экономикалық өсудің негізі бола отырып, елдің əлеуметтік дамуына жағдай жасайды. Осы айтылғандармен қатар инвестиция экономикалық дамудың жоғарғы жəне тұрақты қарқынын қалыптастырудың, ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін өсірудің, инфрақұрылымды дамытудың маңызды факторы болып саналады.
2009

Инвестиция нарығында нарық конъюнктурасын зерттеу маңыздылығы көрсетілген. Əлеуметтік экономикалық тиімділік кез келген формада шетел инвестицияларын тартудың міндетті шарты екендігі пайымдалған. Шетел инвестициялары қатысатын инвестициялық жобалардың алынатын қарыз бен несиелердің экономикалық лайықтылығы қағидасы қарастырылған. Шетел инвестицияларын тартудың маңызды қағидасы жобалар мен келісімдердің өзара тиімді болуы негізделген. Еуразиялық экономикалық қоғамдастық елдеріне инвестиция тартудың ерекшеліктері келтірілген.
2012

Мақалада мемлекеттік инвестициялық саясаттың негізгі тапсырмалары, сондай-ақ Қазақстандағы инвестицияларды басқару жүйесін жетілдіру механизмдерінің басымды бағыттары қарастырылған. Мемлекеттік-жеке серіктестіктердің базалық принциптері көрсетілген. Мемлекеттік-жеке серіктестіктің əлемдік тəжірибесінің қазіргі заманғы экономикаға тиімді жақтары мен болашағына ерекше назар аударылған. ЕЭА-ты құрудың тиімділігіне талдау жасалды.
2016

 Мақалада Қазақстан Республикасының экономикасына шет елдерден тартылатын инвестицияның жағдайы талданған. Инвестиция тартудың жəне оның қолдануын мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары айқындалған. Экономикалық əлеуетті жоғарлату үшін Қазақстанда жағымды инвестициялық ахуалды қалыптастыру қажет болып отыр. Мемлекеттің экономикасының дамуына əсер ететін маңызды факторлардың бірі инвестициялық саясатты қалыптастыру болып табылады. Ел экономикасына шет ел инвестициясын тартудың жəне жағымды инвестициялық климатты орнатуда мемлекеттің негізгі мақсаты болып отырған көрсетілген əлеуметтік, саяси, экономикалық жаһандану жəне дағдарыс жағдайында мемлекет алдында тұрған маңызды мəселе айқындалды. Инвестициялық жобалардың дамуында қолданылатын стратегиялық мақсат белгіленді. Шетел инвестициясын тартуда мемлекеттің белсенді болуына қажетті модельдің қажеттілігі қарастырылуда. Жылдар бойы тартылған шетел инвестицияларының жалпы пайдасының құрылымы мен көлемі толық талданғаны көрсетілген. Соңғы он екі жылда ел экономикасына тартылған инвестиция бойынша іс- шаралардың бағдарламалары көрсетілген.
2016

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.