Инновациялық жүйе

Мақалада техникалық жəне кəсіптік білім беру жүйесін реформалаудың жəне модернизациялау процесіне байланысты өзекті мəселелер қарастырылған. Авторлар Қазақстан экономикасының индустриялық-инновациялық даму, техникалық жəне кəсіптік оқыту мамандарын даярлауда жаңа сапалы оқытудың талаптарына байланысты сұрақтарды талдады. Кəсіптік оқытуды ұйымдастырумен тиімді модельдеуді қамтамасыз етудің бастапқы жағдайы анықталды жəне қалыптастырылды. Еңбек нарығының қажеттіліктеріне сəйкес білім беру жəне кəсіби біліктілікті интеграциялау — негізгі мақсатына жету үшін кəсіптік оқытудың нақты инновациялық жолдарының тиімділігі жоғары екендігі дəлелденді.
2015

Мақалада Қазақстанның ұлттық инновациялық жүйесінің қазіргі даму үрдістері оның қызметін сипаттайтын негізгі көрсеткіштердің динамикасы арқылы көрсетілген. Қазақстанның ұлттық инновациялық жүйесі өзара байланысты жəне ғылыми білімдер мен технологияларды ұлттық шекараның аумағында өндірумен жəне коммерциялық жүзеге асырумен айналысатын ұйымдар мен құрылымдардың жиынтығы ретінде сипатталып, инновациялық процесті дамытудың негізгі нəтижелері мен көрсеткіштері талданған. Бағаланған көрсеткіштердің ішінде елдегі инновациялық белсенділіктің қарқыны, инновациялық өнімді шығару қарқыны, ЖІӨ құрамындағы инновациялық өнім үлесінің қарқыны мен жалпы технологиялық инновацияларға жұмсалған шығындардың қарқыны тəрізді басты көрсеткіштердің соңғы жылдардағы динамикасы келтірілген. Талдау нəтижесінде негізгі көрсеткіштердің оң даму үрдісіне қарамастан, олардың индустриалды-инновациялық даму талаптарына əлі де қанағаттандырмайтыны жəне осы бағыттағы мемлекеттік саясатты əлі де жетілдіру қажеттігі негізделген.
2016
Қазақстан Республикасы ұлттық инновациялық жүйесінің негізгі даму үрдістері мен көрсеткіштерін талдау