Индустриялық-инновация

Дамыған елдердің интенсивті инновациялық қызметі экономикасының дамуына тәуелді болып келеді. Қазақстанның экономикасының технологиясы көбінесе импортты техника мен технологияға тәуелді болып барады.
2011

Мақалада индустриалдық және индустриалды-инновациялық дамудың нақты түрде ерекшеліктерін ажы- ратып алу керектігіне баса назар аударылады. Егер алғашқысы экономикалық жүйенің кәсіптік және өндірістік негіздерін қалыптастыру процесін білдірсе, екіншісі сол қалыптасқан өндірістік-кәсіптік негізін жетілдіру, оны жаңа жағдайларға байланысты қайта құрылымдау дегенді білдіреді.
2013

Қазақстан өнеркәсібінің инновациялық дамуының жаңа тұжы­ рымдамалық тәсілдердің бірі кластерлеу болып табылады, оның шеңберінде биліктің, ғылымның, білім мен бизнестік байланысы то­ лық көлемде іске асырылады. Қазақстан өнеркәсібін инновациялық дамыту мақсатымен өнеркәсіптің барлық салаларында кластерлер құру қажет. Өнеркәсіптік өндірісті кластерлік ұйымдастыруды енгі­ зуден синергетикалық әсер көрсеткішін аталған көрсеткішке иннова­ циялар саласындағы, әлеуметтік сала, жаңару саласы мен бірлестік­ терді нарықтық позициялары саласындағы көшбасшылыққа қатысты деректерді кіргізе отырып, өнеркәсіптік кластерлердің экономика­ лық­экологиялық көшбасшылығы саласындағы өзгерістердің  сипа­ ты бойынша бағалауға болады. Осыған байланысты автор өнеркәсіп кластерлерін құрудың синергетикалық әсерін кластерлік бірлестік­ тердің қызметіндегі, не болғанда да болуы және синергетикалық әсерге қол жеткізу тұрғысынан олардың қызмет етуінің тиімділігі ту­ ралы дәлелдеуі тиіс өзгерістерді балмен есептеу негізінде бағалауды ұсынды.
2015

Автордың пікірінше, елдер үшін қалыпты болып келетін адами капиталды «ығыстырудың» басты факторлары өндіруші салалардағы біліктілігі жоғары жұмыс күшіне деген сұраныстың болмауы (немесе аз ғана болуы), халықтың кедейлігі, сондай-ақ кен орындарын ашумен және пайдалы қазбаларды өндірумен байланысты кәсіпорындардың көпшілігін бақылайтын қоғамдық сектордағы халықаралық бәсекелестіктің  жетіспеуі  болып табылады. Алайда, егер елде пайдалы қазбалардың кен орны ашылған кезде ол демократияның жоғары индексімен, ал оның халқы – білімнің жоғары индексімен сипатталса (адами даму индексінің үлесі), онда мұнай, газды экспорттаудан алынатын кірістер экономикалық өсуді ынталандыруға ықпал етуі ықтимал. Кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігі мәселелерін зерттеулерде ғана пайдаланылған тәсіл қазіргі уақытта ауқымды міндеттерді шешу, оның ішінде салалар мен өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру кезінде қолданылады.
2015

Экономикалық өсудің қажетті шарттары, жаңа қуаттылық көзқайнарлары, технологиялар, басқару жүйелеріне айналатын білім мен ойлар болып табылады. Осы ойлар мен білімдер  адамдардың шығармашылық қызметіндегі үрдісте үздіксіз ұдайы өндірісте болуы тиіс. Форсайт — ғылыми-техникалық дамудың басымдықтарын анықтайтын жаңа модель, онымен ұзақ мерзімді келешектегі елдің əлеуметтік-экономикалық дамуына əсер ететін, жаңа ғылыми- стратегиялық бағыттар мен технологиялық жетістіктерді анықтаушы жүйелендірілген үрдіс түсіндіріледі. Форсайт үрдісі басты орынды ғылыми-техникалық бағыттарды алатын, орта немесе ұзақ мерзімді уақытша жиекті жүйелену болып табылады. Форсайт мемлекеттік-жеке серіктестік спектрін кеңейтеді, өзіне жеке болжамалы жəне байланыс технологияларын үйлестіреді. 1990 жылдары форсайт үрдісін АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Жапония жəне Австралия (30 мемлекетке жуық) үкіметтері белсенді түрде пайдалана бастады [1]. Қазақстанда бұл əдіс ҒЗТКЖ саласындағы институционалды өзгерістерге қажетті анықтау механизмі жəне ұлттық инновациялық жүйені қалыптастыру ретінде, ҒЗТКЖ-дың жаңа бағыттарында мемлекеттік қаржыландыру басымдықтарын өңдеу үшін қолданылуы мүмкін.
2010

Қазіргі ғылыми-техникалық прогресс ұғымы индустриялы-инновациялық дамудан туындайды десек, соңғы жылдары шыққан зерттеулер аграрлық салаға қажетті озық технологияны көрсетеді жəне нақты іс пен ғылымның байланысы қажеттілігін айғақтайды. Бұл ойымызға А.А.Акулов, А.С.Гаврилович [1], И.П.Буздалов, Б.И.Пошкус [2] сияқты авторлардың еңбектері дəлел. Сондай-ақ астықты аймаққа жататын Ресейде соңғы кезде жарияланған екі монографияны атау қажет. Олардың бірі нарық жағдайындағы аграрлық сала проблемаларына [3], екіншісі шыдамды астық түрін [4] дамытуға арналған. ҚР Президенті Н.Ə.Назарбаев Қазақстан халқына 2011 жылғы Жолдауында агроөнеркəсіп кешені қызметкерлерінің алдына нақты міндет қойған-ды, яғни 2014 жылы ауыл шаруашылығы саласында өнімділікті екі есеге арттыру жəне етті мал шаруашылығын дамыту басты мақсатқа жатқызылды.
2012

Мақалада өңірлік инновациялық саясаттың жүзеге асырылу мəселелері қарастырылған, сонымен қатар облысымызда инновациялық белсенділік бойынша жасалынып жатқан шаралар талданған. Облысымызда индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасы бойынша жүзеге асырылған жобалар мəні толығымен ашылған. «Инновациялық даму» түсінігіне анықтама берілген. Өңірлік инновациялық жүйе арқылы өңірге инновацияны енгізудің шаралары айқындалып, осы шараларға қол жеткізу үшін өңірлік инновациялық жүйенің құрамындағы элементтер көрсетілген. Қарағанды облысы өңірлік инновациялық жүйесінің құрам бөліктері сурет түрінде келтірілген.
2013

 Мақалада ғылыми-зерттеу жұмыстарының нəтижелерін коммерцияландыру үдерісін табысты жүзеге асыру үшін жалпы инновациялық инфрақұрылымды тиімді дамыту маңыздылығы көрсетілген. Инновациялық инфрақұрылым ұғымы мен оның құрамындағы объектілерге түсінік берілген. Дамыған елдердің тəжірибесіндегі инновациялық қызметті жүргізу мысалдары келтірілген. Қазақстан Республикасындағы инновациялық инфрақұрылымның ағымдағы жағдайына жан-жақты талдау жасалып, ұлттық инновациялық инфрақұрылымды дамытудың моделі ұсынылған. Нəтижесінде автор Қазақстан үшін инновациялық саясатты жүргізудің басым бағыттары, сатылы қадамдары мен аталған модельдің ерекшеліктерін негіздеген.
2016

Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы Қазақстанның өндірістік саясатының бір бөлігі болып есептеледі. Ол өнеркəсіпті тиімді реттеуді пайдалана отырып, саны шектеулі секторлар мен ресурстардың концентрациясы бар өңдеуші өнеркəсіптің дамуына бағытталған. Мақалада үдемелі индустриялық-инновациялық даму бойынша мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асуының нəтижелері жəне оның ел экономикасына ықпалы талқыланған. Мемлекеттік жобаны іске асыру кезіндегі экономиканың дамуының негізгі бөлшектері қарастырылған. Елдің экономикасын дамытудың жаңа айналысына шығара алатын басты салалардың орны мен рөлі қарастырылған.
2016

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.