Қазіргі уақытта инвестициялық үрдісті қаржыландыру нарықтық тетікті бір қалыпқа келтіру Қазақстан Республикасы экономиканың дамуының басты мəселелерінің бірі болып табылады. Тиімді инвестициялық тетікті қалыптастыру арқылы өнеркəсіптік өндірісті қалпына келтіру жəне сапаны қайта құру үшін əр түрлі көзқарастар мен тəсілдер ұсынылуда.
Инвестициялар деп өнеркəсіпке, құрылысқа, ауыл шаруашылығына жəне өндірістің басқа да салаларындағы шаруашылық субъектісіне мүліктей, заттай, сондай-ақ ақша қаражаты түрінде, яғни капитал түрінде, салынып, ол шаруашылықты əрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың жиынтығын айтады [1].
Жалпылай айтқанда, инвестиция дегеніміз — бүгінгі күні қолда бар ақшаны, мүлікті жəне басқа да заттарды, яғни капиталды, қандай да бір өндірісті дамыту үшін жұмсап, сол арқылы келешекте пайыз түрінде немесе басқадай үлкен кəсіпкерлік табыс табу болып табылады.
Бұл жоғарыда айтылған үрдіспен екі фактор байланысты болып келеді. Оның біріншісі — уақыт, ал екіншісі — тəуекелдік (тəуекелге бару). Сонымен қатар инвестиция экономикалық өсудің негізі бола отырып, елдің əлеуметтік дамуына жағдай жасайды. Осы айтылғандармен қатар инвестиция экономикалық дамудың жоғарғы жəне тұрақты қарқынын қалыптастырудың, ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін өсірудің, инфрақұрылымды дамытудың маңызды факторы болып саналады.
С.С.Əменова, М.С.Ақылбаева
2009