Инновация

Қазіргі уақытта инвестициялық үрдісті қаржыландыру нарықтық тетікті бір қалыпқа келтіру Қазақстан Республикасы экономиканың дамуының басты мəселелерінің бірі болып табылады. Тиімді инвестициялық тетікті қалыптастыру арқылы өнеркəсіптік өндірісті қалпына келтіру жəне сапаны қайта құру үшін əр түрлі көзқарастар мен тəсілдер ұсынылуда. Инвестициялар деп өнеркəсіпке, құрылысқа, ауыл шаруашылығына жəне өндірістің басқа да салаларындағы шаруашылық субъектісіне мүліктей, заттай, сондай-ақ ақша қаражаты түрінде, яғни капитал түрінде, салынып, ол шаруашылықты əрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың жиынтығын айтады [1]. Жалпылай айтқанда, инвестиция дегеніміз — бүгінгі күні қолда бар ақшаны, мүлікті жəне басқа да заттарды, яғни капиталды, қандай да бір өндірісті дамыту үшін жұмсап, сол арқылы келешекте пайыз түрінде немесе басқадай үлкен кəсіпкерлік табыс табу болып табылады. Бұл жоғарыда айтылған үрдіспен екі фактор байланысты болып келеді. Оның біріншісі — уақыт, ал екіншісі — тəуекелдік (тəуекелге бару). Сонымен қатар инвестиция экономикалық өсудің негізі бола отырып, елдің əлеуметтік дамуына жағдай жасайды. Осы айтылғандармен қатар инвестиция экономикалық дамудың жоғарғы жəне тұрақты қарқынын қалыптастырудың, ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін өсірудің, инфрақұрылымды дамытудың маңызды факторы болып саналады.
2009

Экономикалық өсудің қажетті шарттары, жаңа қуаттылық көзқайнарлары, технологиялар, басқару жүйелеріне айналатын білім мен ойлар болып табылады. Осы ойлар мен білімдер  адамдардың шығармашылық қызметіндегі үрдісте үздіксіз ұдайы өндірісте болуы тиіс. Форсайт — ғылыми-техникалық дамудың басымдықтарын анықтайтын жаңа модель, онымен ұзақ мерзімді келешектегі елдің əлеуметтік-экономикалық дамуына əсер ететін, жаңа ғылыми- стратегиялық бағыттар мен технологиялық жетістіктерді анықтаушы жүйелендірілген үрдіс түсіндіріледі. Форсайт үрдісі басты орынды ғылыми-техникалық бағыттарды алатын, орта немесе ұзақ мерзімді уақытша жиекті жүйелену болып табылады. Форсайт мемлекеттік-жеке серіктестік спектрін кеңейтеді, өзіне жеке болжамалы жəне байланыс технологияларын үйлестіреді. 1990 жылдары форсайт үрдісін АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Жапония жəне Австралия (30 мемлекетке жуық) үкіметтері белсенді түрде пайдалана бастады [1]. Қазақстанда бұл əдіс ҒЗТКЖ саласындағы институционалды өзгерістерге қажетті анықтау механизмі жəне ұлттық инновациялық жүйені қалыптастыру ретінде, ҒЗТКЖ-дың жаңа бағыттарында мемлекеттік қаржыландыру басымдықтарын өңдеу үшін қолданылуы мүмкін.
2010
Мемлекеттік үдемелі индустриалдық-инновациялық бағдарламаны іске асырудың қыр-сыры хақында

Мақалада өңірлік инновациялық саясаттың жүзеге асырылу мəселелері қарастырылған, сонымен қатар облысымызда инновациялық белсенділік бойынша жасалынып жатқан шаралар талданған. Облысымызда индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасы бойынша жүзеге асырылған жобалар мəні толығымен ашылған. «Инновациялық даму» түсінігіне анықтама берілген. Өңірлік инновациялық жүйе арқылы өңірге инновацияны енгізудің шаралары айқындалып, осы шараларға қол жеткізу үшін өңірлік инновациялық жүйенің құрамындағы элементтер көрсетілген. Қарағанды облысы өңірлік инновациялық жүйесінің құрам бөліктері сурет түрінде келтірілген.
2013
Өңірлік инновациялық саясаты дамуының негізгі бағыттары

Мақала өңірлік инновациялық жүйені (ӨИЖ) қалыптастырудағы маңызды факторлар — білім-ғылым жəне инновациялық белсенділікті зерттеуге арналған. Осы аталған мəселенің тəжірибелік аспектісін қарастыруда ӨИЖ қалыптастыру мен оны дамытудағы қазіргі кезеңде Қазақстанда жасалып жатқан іс-шараларды, сондай-ақ үкіметпен қолға алынып жатқан кешенді жұмыстардың жетістіктері мен кемшіліктерінің статистикасын пайдалану көзделген. Оның ішінде инновациялық жүйе құрудағы ғылым мен инновациялардың маңыздылығы зерттелген. Ғылым мен инновациялық белсенділік жан- жақты талданған. Корреляция-регрессиялық жəне салыстырмалы талдаулар негізінде ӨИЖ тиімділігін бағалаудың танымал жəне тиімді қолданыстағы əдістердің кешені көрсетілді.
2014
Ғылым мен инновациялық белсенділік өңірлік инновация жүйені дамытушы факторлар ретінде

Мақалада «инновация» ұғымына қатысты əр түрлі авторлардың көзқарасы қарастырылған. Автор оның өзінің эволюциялық дамуында алуан түрлі мазмұны мен нысандары болғандығына назар аударған. Сонымен бірге инновацияның түрлері мен оның белгілері бойынша жіктелуі, функциялары, инновациялық қызметке қандай қызмет түрлерін жатқызуға болатындығы көрсетілген. Инновациялық үдеріс кезеңдеріне назар аударылған. Автордың «инновация» ұғымына қатысты өзіндік пікірі келтірілген.
2014
Инновацияның теориялық жəне əдіснамалық негіздері

Мақалада «инновация» ұғымына қатысты əр түрлі авторлардың көзқарасы қарастырылған. Автор оның өзінің эволюциялық дамуында алуан түрлі мазмұны мен нысандары болғандығына назар аударған. Сонымен бірге инновацияның түрлері мен оның белгілері бойынша жіктелуі, функциялары, инновациялық қызметке қандай қызмет түрлерін жатқызуға болатындығы көрсетілген. Инновациялық үдеріс кезеңдеріне назар аударылған. Автордың «инновация» ұғымына қатысты өзіндік пікірі келтірілген.
2014
Инновацияның теориялық жəне əдіснамалық негіздері

Мақалада Қазақстан Республикасында кəсіпкерлікті инновациялық негізде жүргізудің ілімдік жəне тəжірибелік мəселелері қарастырылған. Кəсіпкерліктің инновациялық түрлері ретінде венчурлік, концессиялық, лизингтік жəне франчайзингтік бағыттары алынған. Қазақстандағы инновациялық кіші кəсіпкерлік субъектілерінің қызметін қалыптастыру мен дамытуда кедергі болатын факторлар талданған. Инновациялық кəсіпкерлік субъектілерінің дамуына қол жеткізу үшін қажетті жағдайлар ұсынылған. Шағын жəне орта инновациялық кəсіпорын ғылыми ұйымдар аумағында құрылуы мүмкін екендігі дəлелденген. Еліміздегі кəсіпорындарының инновациялық белсенділігінің меншікті салмағы екшеліп сараланған.
2014
Кəсіпкерлікті инновациялық негізде дамытудың басты бағыттары

Мақалада экономика үшін инновацияның алатын орны мен аймақтың дамуына əсері анықталған. «Əлеует» ұғымының теориялық мəні ашылған. Қазақстан экономикасында əр аймақ өзіндік ерекшеліктер тəн, сондықтан инновациялық əлеуетті бағалау үшін негізгі көрсеткіштер жиынтығы қарастырылған. Аймақтар ғылыми жəне техникалық əлеуеті бойынша талданған. Елдегі негізгі қорлардың тозуы болғанымен, жаңаруы қарқынды түрде өсіп келе жатқаның байқауымызға болады. Қазақстан аймақтары əлеуетінің жағдайына қарай төрт топқа бөлінген. Аймақтардың инновациялық əлеуеті бағаланып, елдің басты мəселелері мен алда тұрған міндеттері анықталған.
2016
Қазақстан аймақтарының инновациялық əлеуетін бағалау

Мақалада Қазақстанның ұлттық инновациялық жүйесінің қазіргі даму үрдістері оның қызметін сипаттайтын негізгі көрсеткіштердің динамикасы арқылы көрсетілген. Қазақстанның ұлттық инновациялық жүйесі өзара байланысты жəне ғылыми білімдер мен технологияларды ұлттық шекараның аумағында өндірумен жəне коммерциялық жүзеге асырумен айналысатын ұйымдар мен құрылымдардың жиынтығы ретінде сипатталып, инновациялық процесті дамытудың негізгі нəтижелері мен көрсеткіштері талданған. Бағаланған көрсеткіштердің ішінде елдегі инновациялық белсенділіктің қарқыны, инновациялық өнімді шығару қарқыны, ЖІӨ құрамындағы инновациялық өнім үлесінің қарқыны мен жалпы технологиялық инновацияларға жұмсалған шығындардың қарқыны тəрізді басты көрсеткіштердің соңғы жылдардағы динамикасы келтірілген. Талдау нəтижесінде негізгі көрсеткіштердің оң даму үрдісіне қарамастан, олардың индустриалды-инновациялық даму талаптарына əлі де қанағаттандырмайтыны жəне осы бағыттағы мемлекеттік саясатты əлі де жетілдіру қажеттігі негізделген.
2016
Қазақстан Республикасы ұлттық инновациялық жүйесінің негізгі даму үрдістері мен көрсеткіштерін талдау

Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы Қазақстанның өндірістік саясатының бір бөлігі болып есептеледі. Ол өнеркəсіпті тиімді реттеуді пайдалана отырып, саны шектеулі секторлар мен ресурстардың концентрациясы бар өңдеуші өнеркəсіптің дамуына бағытталған. Мақалада үдемелі индустриялық-инновациялық даму бойынша мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асуының нəтижелері жəне оның ел экономикасына ықпалы талқыланған. Мемлекеттік жобаны іске асыру кезіндегі экономиканың дамуының негізгі бөлшектері қарастырылған. Елдің экономикасын дамытудың жаңа айналысына шығара алатын басты салалардың орны мен рөлі қарастырылған.
2016
Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының мемлекеттік стратегиялық бағдарламаларының басым бағыттары