Несиелік операциялар – бұл несие беруші мен қарыз алушының арасындағы біріншінің екіншісіне төлемділік, мерзімділік жəне қайырымдылық шарттарына белгілі ақша қаражаттары сомасын ұсынуы бойынша қатынастар. Коммерциялық банктің несиелік операцияларын əр түрлі белгілер бойынша жіктеуге болады: мерзімдері бойынша - қысқа мерзімді (1 жылға дейін), орта мерзімді (1-ден 5 жылға дейін) жəне ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары); қамтамасыз ету түрлері бойынша-қамтамасыз етілмеген (қарыз алушыға сенімге негізделген жəне қамтасыз етілуі жоқ бланкілер) жəне қамтамасыз етілген; банктің роліне байланысты-(несие беруші немесе қарыз алушы) активті жəне пассивті қарыздық операциялар (активтік бұл клиентті жəне басқа банктерді несиелеу; пассивтік – Орталық банктен жəне басқа коммерциялық банктерден банк аралық несие алу); несиелендіру мақсатына байланысты - негізгі капиталды арттыруға, айналым капиталын қаржыландыруға, тұтынушылық мақсаттарға арналған қарыздар.
А.С. Умирзакова
2011