Брендинг тәсілдері

Мақалада қазіргі таңда туристік нарықта ұсынылатын туристік өнімнің көптүрлігі, сонымен бірге көптеген мемлекеттермен өнімдердің ұқсастығы үлкен бəсекелестік жағдайында екендігі айтылған. Мұндай шарттарда ұсынатын өнімге жаңа позицияны табу, жеке алынған сегментті кеңейту қиындық туғызады. Туристік сала шетелдік туристерді де, отандық саяхатшыларды да қызықтыра алатын, өзіндік брендті қалыптастыруға көмектесетін ерекше өнім ұсынуға тиіс дейді. Сондықтан да брендинг мəселесі отандық туристік индустрияны толғандыратын мəселелердің бірі, ал оның жағымды шешімі үшін бренд-менеджменттің тұжырымдамалық негіздерін шешу қажет. Авторлар маркетингтік іс- шаралардың дұрысын таңдауға мүмкіндік беретін бренд-менеджмент тұғырларының дамуын жан- жақты талдаған.
2016
Бренд-менеджментті дамытудың теориялық негіздері

 Мақалада елдер брендингі тəсілін қолдану — айтарлықтай жаңа құбылыс. Қазақстан Республикасы үшін ел брендингі мəселесі үлкен мəнге ие. Брендті дұрыс позициялау мемлекетке басқа елдер алдында бəсекелестік үстемдік береді. Брендинг тəсілін қолдана отырып, ел үшін мəнді дифференциация құру брендинг үшін қосымша уəждеме болмақ. Авторлар ел брендингінің ерекшелігін қарастырған, əлемдік нарықта мемлекетті жылжыту мəселесін де жете көрсеткен. Бренд- менеджмент шараларын өткізу бағасын берген. Ел брендін қалыптастыруда шет елдік тəжірибені қолдану оңтайлы стратегияны қабылдауға мүмкіндік беретіндігі жайлы қорытынды жасалған.
2016
Ел брендингін қалыптастырудағы шет ел тəжірибесі