Мемлекеттік басқару

Мақалада мемлекет функциясына қатысты әртүрлі авторлардың көзқарастарына талдау жасалынып, мемлекет функцияларын жіктеу­ дің ерекшеліктеріне сипаттама беріледі. Мемлекеттің сыртқы функ­ цияларының бірі халықаралық маңызы бар мәселелерді шешуге атса­ лысу функциясына жан­жақты талдау жасалып, оның ерекшеліктері атап өтіледі. Бұл функция түріне қатысты өзге авторлардың пікірле­ ріне тоқталып, солардың негізінде оған өзіндік анықтама беріледі. Сонымен қатар, Қазақстанның халықаралық маңызы бар мәселелерді шешуге атсалысу функциясына сипаттама беріліп оның жүзеге асы­ рылу ерекшеліктеріне және бүгінгі күні мемлекетіміз үшін бұл функ­ цияны жүзеге асырудың маңыздылығы көрсетіледі. Автор нақты тә­ жірибеден мысалдар келтіре отырып аталмыш функцияны жүзеге асырмастан бұрын ең алдымен мемлекеттің ішкі функцияларына на­ зар аударып, бұл функция түріне басымдық бермеу қажеттілігін алға тартады.
2015

Қазақ даласындағы орта ғасырлардағы саяси-құқықтық ой тарихын қайта өрлеу дәуірінің бірі кезеңі деп бағалауға болады. Осы уақыт аралығында аты әлемге әйгілі орта ғасырлық түркі заманының  ойшылдары бірінен кейін бір өмірге келіп, жемісті шығармашылықпен айналысып жатты. Олардың қатарына: Шығыстың ұлы ғұламасы Әл-Фарабиді, Жүсіп Баласағұнды, Махмұд Қашқариді, Ахмет Игінүкиді және т.б. жатқызамыз. Бұл ойшылдардың еңбектері рационалды тұрғыда шығарма бейнесінде туындап жатумен қатар, өлең сөзімен өрілген поэма дастаны нысанында да беріліп отырды. Әрине, ойшылдардың шығармасы өз заманындағы философиялық, әлеуметтік, психологиялық, тарихи оқиғалар желісін суреттеумен қатар, мемлекеттану мәселелерін де қамтыған болатын.
2009

Жер бетіндегі экологиялық жағдайдың өзгеруі, әсіресе, ғылыми-техникалық прогреспен тікелей байланысты екені рас. Соның нәтижесінде табиғат байлықтарын адамның шексіз пайдалануы жанартаулардың атқылауы, дауылдар, жер сілкіністері сияқты табиғи құбылыстардың нәтижелерімен тепе-тең, қазіргі заманда тіпті, одан асып түсетіндей жағдайға жетті. Өнеркәсіптің дамуы қазба байлықтарды игеруді арттырды. Соның кесірінен ауа, су көздері, топырақ ластанды. Өсімдіктер мен жануарлар әлемі зиян шекті.
2010

Қазіргі кезде қалыптасқан тәжірибе ауыл шаруашылығы саласы және азық-түлік нарығын реттеуде мемлекеттің рөлін арттыруды талап етеді. Бұл салаларда мемлекеттік реттеу мен қолдаудың қажеттілігі мынадай жағдайлармен байланысты: табиғат-климаттық әсер ету; экономиканың өзге салаларына қарағанда ауылшаруашылық тауар өндірушілердің монополизациясының төменгі деңгейі;  ауылшаруашылық  өніміне  бағаның  тұрақсыздығы  және т.б. 
2010



Бұл мақалада автор əкімшілік бақылау мен əкімшілік қадағалау институттары арқылы мемлекетте жəне қоғамда əкімшілік құықтық тəртіпті реттеуді мəселелерін талқылап, оларды шешу жолдарын қарастырған.
2012

Ғылыми жұмыстың мақсаты ауыл шаруашылығы тауарын өндіру саласындағы мемлекеттік-құқықтық реттеудің мәнін ашып, талдау болып табылады. Аталған мақсаттарға қол жеткізу үшін ауылшаруашылығы тауарын өндіру саласындағы жер қатынастарын мемлекеттік-құқықтық реттеуде көптеген міндеттерді алға қояды.
2014

Кез келген мемлекет үшін өзінің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі қашан да өзекті болып, заман талаптарына сай күрделене түсіп, мемлекет және қоғам өмірінің барлық жақтарын қамтитын жүйелі саясатқа айналды. Жаһандану үрдісі күшейген сайын ұлттық қауіпсіздік мәселесі, әсіресе экономикалық қауіпсіздік бағыты ерекше орын алды. Өйткені әлемдік қауымдастықта егеменді ел ретінде әрекет ету мемлекеттің экономикалық қуаттылығы, ал түбінде ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуінің бірден-бір көрсеткіші – ұлттық экономикалық даму деңгейі болады. Қазақстан Республикасындағы экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін шешімдерді жасау және оны жүзеге асыру мемлекеттік басқару органдарының құрылымы мен функцияларына тікелей байланысты. Ең бастысы, олар Қазақстан Республикасындағы экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің ұзақ мерзімдік және ағымдағы міндеттеріне, функциялар мен жауапкершіліктің нақты бөлінуіне қойылатын объективті талаптарға, міндеттер қайталауларын жоюға, орындаушылық тәртіпті реттеуге жауап беруге  тиіс.
2014

Басқару күрделі қоғамдық құбылыс, ол өзінің көрініс табуы тұрғысынан көп қырлы және қоғамдық өмірдің барлық салаларында орын алады. Заманауи ғылымда басқару мәселелері күрделі білім жүйесі болып табылатын  түрлі бағыттарда дамуда, онда түрлі ғылым салалары дара қарым-қатынаста, біріне-бірі ықпал ете отырып, бірақ өз әдістері мен пәнінің ерекшеліктерін сақтап, тәуелсіз негізде қалыптасып, даму үстінде. Заманауи қоғам түрлі ұйымдар жүйесі ретінде түрлі әлеуметтік процестерді үйлестіруге қатысты басқару қызметін, сондай-ақ сызықтық  емес, күрделі, нақты емес, көп қырлы параметрлерді құрайды. Басқару қызметінің шарттары болып саналатын бұл параметрлердің бірлесуі басқару түрлерін, формалары мен басқару әдістерін анықтайтын өз бетінше іштей дифференцияланатын детерминантаны құрайды.
2014

Мақалада қаржылық қауіпсіздіктің қазіргі жағдайына баға берілген. Мемлекеттік қаржыларды басқаруда мəселелер анықталды. Мемлекеттік бюджеттің түсімдеріне, сыртқы қарыз бен ұлттық валюталық резервке салыстырмалы талдау жүргізілді. Ерекше мəн қаржылық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қаржы секторын тұрақтандыру қадамдарына бөлінді.
2016

Авторлар дамыған мемлекеттердегі мемлекеттік басқару ерекшеліктерін қарастырған. Мемлекеттік органдардағы басқару тиімділігінің негізгі түрлері көрсетілген. Мемлекеттік шығындардың тиімділігін басқарудың құралы ретінде бюджеттеудің тəжірибесіне жетілдіру бойынша көп көңіл бөлінген. Мемлекеттік басшылықтың жұмысын жетілдіру əдістері ұсынылған: бенчмаркинг, реинжиниринг, жобаларды басқару, стратегиялық басқару, ұйымдастырушылық даму.
2016

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.