Шетелдік тәжірибе

Берілген еңбекте автор халықаралық теңіз құқығының қалыптасуын қарастырады. Теңіз кеңістігінің режимін жəне құқық статусты қадағалайтын негізгі көпжақты мемлекетаралық келісімдер талқыға салынған. Бұл мақалада қазіргі халықаралық теңіз  құқығының принциптері жете зерттеліп жүйеленген. Сонымен қоса, жаңа құқықтық принциптердің қалыптасуы мен теңіз құқығының аймақ аспектілері осы жұмыста сөз етілген. Осы мақалада басты назар Каспий теңізінің құқықтық статусының анықтауына бөлінген. Қазақстан Республикасының бұл мəселе жөніндегі көзқарасы талданып, бүгінгі күнде жағалау мемлекеттерінің аталған мəселе бойынша ұстанымдары қозғалған.  
2012

Бұл мақалада адвокатура қызметі, оның дамуының, ТМД елдер арасындағы заңи актілерінің салыстырмалы-құқықтық анализі оның даму жолдары мен осы бағыттағы қарым-қатынасты дамыту туралы пікірталаста үлкен септігін тигізетін болады. Мақалада, біздің ойымызша, əрбір республикада өзіндік ерекше қөңіл бөлінетін кейбір адвокаттық қызмет тəжірибесін жүзеге асыру туралы қызықты аспектілерге ғана көңіл бөлінген.
2012


Мақалада шетелдердің заңнамасы бойынш аайыппұл заңнамасын қолданудың ерекшеліктері көрсетіліп кетеді, яғни АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Швейцария сияқты мемлекеттердің қылмыстық құқықтық жүйесінде осы жазаны қолдану статистикасы, тəжірибеде кездесетін қиындықтары ата- лып кетеді.
2012

Этникалық көші-қон саласындағы Германия, Польша, Қазақстан құқықтық жүйелерін талдау негізінде отандастарды ықпалдастырудың құқықтық реттелуінің өзекті мəселелері қарастырылды. Осы мемлекеттерде ықпалдастырудың құқықтық негіздері мен түрлері зерттеліп, заңнама мен құқыққолдану тəжірибесін жетілдіруге бағытталған ұсыныстар əзірленді. Оған қоса салыстырмалы құқықтық талдау негізінде көрсетілген құқықтық жүйелердегі ықпалдасудың жалпы жəне ерекше белгілері, артықшылықтары мен кемшіліктері анықталған.
2013

Ғылыми жұмыстың мақсаты болып көлік қылмыстарының алдын алу шараларын қамтамасыз ету болып табылады. Зерттеу барысында көлік қылмыстарымен күрестің халықаралық мəселелері қарастырылып көлік қылмыстарымен күрес жүргізудің жəне көлік қылмыстарын ашу жолдары мен тəсілдері талқыланды. Көлік қылмыстарымен күрес жүргізу барысында халықаралық деңгейдегі құқық қорғау органдары қызметкерлерінің тəжірибелері, олардың негізгі міндеттері мен мақсаттары айқындалып, оны отандық тəжірибеге енгізу мəселелері қарастырылды.
2013

Осы мақалада этникалық көші-қонды құқықтық реттеудің өзекті мəселелері қарастырылады, құқық қайнар көздерінің анықтамаларына шолу жасалады, көші-қон құқығының қайнар көздеріне талдау жасалды, оралмандардың əлеуметтік-экономикалық құқықтарын жүзеге асыру барысында туындайтын қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу саласындағы проблемалық сұрақтар тұжырымдалды, Қазақстан Республикасының заңнамасы мен құқыққолдану тəжірибесін жетілдіру бойынша ұсыныстар берілді.
2013

Мақалада шетелдік виктимологияның дамуының негізгі кезеңдері қарастырылған. Шет елдегі виктимологиялық зерттеулердің негізгі бағыттары талданылған. Қылмыстың жәбірленушілерін оңалту мен оларға қызмет көрсетудің арнайы бағдарламалары ашылған. Сонымен қатар, қылмыстылық және қылмыстың жәбірленушілері туралы сенімді ақпарат алу үшін шетелдік виктимологиялық зерттеулердің тәжірибесіне назар аударылған.
2014

Мақалада АҚШ қылмыстық сот өндірісінде кінәні мойындау туралы мәміле институтын қолданудың ерекшеліктері қарастырылған. Сонымен бірге аталған институтты қолдануға қатысты  жақтаушылар  мен оған қарсы шығушы сын пікірлерге талдау жасалған. Автормен АҚШ кінәні мойындау туралы мәміле және жаңа редакциядағы ҚР қылмыстық іс жүргізу кодекс жобасының жаңалығы болып саналатын іс жүргізушілік келісімге салыстырмалы талдау жасалған. Салыстырмалы талдау жүргізе отырып автор отандық қылмыстық процесте қолданылуы мүмкін оң жақтарын атап өтеді.
2014

Мақалада мемлекеттік құпиялар анықтамасын анықтау мен түрлі мемлекеттерде оларды реттеу ерекшеліктері көрсетілген. Әрбір мемлекеттің мәліметтерді мемлекеттік құпияға жатқызу критерийлері мен олардың қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлі айқындалған. Мемлекеттік құпиялар саласындағы заңнамаларға жете талдау жүргізіліп, екі түрлі жүйенің ерекшеліктері, артықшылықтары мен кемшіліктері көрсетілген.
2014

«Жасыл экономика» ұғымы салыстырмалы түрде беріде пайда болды. Алайда бұл бағыт постиндустриялық әлемдік шаруашылықтағы негізгі трендтердің бірі болып табылады. ЮНЕП (United Nations Environment Programme – БҰҰ Бас Ассамблеясының 15.12.1972 ж. № 2997 резолюциясы негізінде құрылған БҰҰ-ның айналадағы орта жөніндегі Бағдарламасы) баяндамасында берілген анықтамаға сәйкес «жасыл экономика» – бұл халықтың әл-ауқатын көтеретін және әлеуметтік әділеттікті қамтамасыз ететін экономика [1].
2015

Мақалада қазіргі қазақ сөз өнерінің асыл арнасын құрайтын шетел қазақ əдебиетінің зерттелу үрдісі мен даму барысы қарастырылды. Шет елдегі қазақтардың əдеби-мəдени жетістіктерінің ерекшеліктері мен көріністеріне сипат берілді. Атамекеннен алшақ жүріп қазақ əдебиеті игілігіне жұмыс атқарушы азаматтардың бірқатар еңбектері басшылыққа алынды, сондай-ақ Қытай, Монғолия елдеріндегі қазақ əдебиетінің көркемдік-эстетикалық даму бағытын, тақырыптық-идеялық өзегін екшеген ғылыми зерттеулері талданды. Қазіргі қазақ əдебиетінің көркемдік өркендеуіне айрықша үлес қосып отырған шетел қазақ əдебиетінің өзіндік орны айқындалды.
2013

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.