Әлеуметтік қорғау

«Орта тапты» əртүрлі түсіну қазіргі ғылымда орта тапты зерттеудің көптеген əдістерін анықтап, нəтижесінде зерттеліп отырған қоғам құрлымы туралы əртүрлі мəліметтер алу.Орта таптың қалыптасу мəселесіне назар аудара отырып, бірінші кезекте оның идентификациясына көңіл аударсақ, дəл осы мəселеге қандай да бір жалпы анықтама беруге əлі ертерек десек те болады.Орта таптың негізгі белгілерінің бірі тұрмыс жағдайының жақсы болуы, ол нақ осы əлеуметтік топтың идентификаторы рөлін атқарады.
2010

Əлеуметтіксалақоғамныңнегізгісаласыболыптабылады. Бұлсаланыңмамандарықоғамды гумандандыруда басты рөл атқарады. Азаматтық қоғамды, əлеуметтік мемлекетті қалыптастыру қазіргі кезеңде өзекті мəселелердің қатарына жатады. Қазақстанда əлеуметтік мемлекеттің, азаматтық қоғамның өзіндік үлгісін қалыптастыруға əлеуметтік сала мамандары белсене қатысады. Халықтың аз қорғалған бөлігін əлеуметтік қорғау, олардың тұлғалық белсенділіктерін, өз тұлғасына құрметпен қарауын дамыту, əлеуметтік тұрғыдан қолдау көрсетудің жолдарын жетілдіру стратегиялық тұрғыдан маңызды. Бұл Қазақстанның ұлттық мемлекет ретінде өз ерекшеліктерін ескере отырып, əлеуметтік дамудың мақсаттарын белгілеуді көздейді.
2012

Мақалада  әлеуметтік көңіл-күй категориясы адамдардың қоғамдағы  әртүрлі реформаларға деген реакциясы ретінде теориялық аспектілері жан-жақты зерттелінген. Индивидуалдық әлеуметтік көңіл-күй мен топтық көңіл-күй категорияларына түсініктеме беріліп, олардың индикаторларын айқындауға талпыныс жасалынды. Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 18 қаңтардағы халыққа жолдауында атап өтілгендей, ел дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ететін индикаторлардың бірі азаматтардың әлеуметтік көңіл-күйі болып табылады. Қазіргі кезде жалпы ғалымдар қауымдастығымен ортақ қабылданған «әлеуметтік көңіл-күй» мен «өмір са- пасы» түсініктерінің нақты біржақты анықтамасы мен көрсеткіштер жүйесі қалыптаспаған. Екі түсінік те ғылыми әдебиеттерде объективті – субъективті сипаттама ретінде қарастырылады. Өмір сапасы – объективті көрсеткіштерге негізделген халық тұрмысының жүйелік сипаттамасы, ал әлеуметтік көңіл-күй – индивидтің жеке эмоционалдық күйін сипаттайды. «Әлеуметтік көңіл-күй» терминін айқындауда индивидтің, әлеуметтік топтың, халықтың эмоционалдық-субъективті бағалауы арқылы сипатталатын шынайы қоғамдық сана  және мінез-құлық екендігін ескеру керек.
2014

Бұл мақалада өмір сүру деңгейі әлеуметтік жұмыстың негізгі экономикалық категориясы ретінде қарастырылған. «Халықтың өмір сүру деңгейі – бұл халықтың әл-ауқатының, игіліктер мен қызметтерді тұтыну деңгейі, адамдардың негізгі өмірлік қажеттіліктерін қанағаттандыру шамасын сипаттайтын жағдайлар мен көрсеткіштер жиынтығы». Басқа сөзбен айтқанда, өмір сүру деңгейі қоғамда тұратын адамның қажеттіліктерін қанағаттандыру мен даму дәрежесі, ол әртүрлі игіліктерді тұтынумен немесе тұтыну жиынтығының пайда деңгейімен анықталады. Қазіргі жағдайларда қазақстандық экономистер осы категорияның келесі сипаттамасын ұсынады: «өмір сапасы  экономикалық,  әлеуметтік  және  өнегелік  құндылықтардың  жиынтығын  қосады».  Бұл  жағдайда «еңбек жағдайлары мен қауіпсіздігі, бос уақыттың бар болуы мен пайдалану мүмкіншілігі, мәдени деңгейі, азаматтардың қауіпсіздігі» қарастырылады.
2014

Қазақстанда нарықтық қоғамның дамуы мүмкіндігі шектеулі адамдармен жұмыстың мәнінің, технологиясының, әдістерінің жаңа деңгейге көтерілуімен сипатталады. Адамдық потенциалды дамытуға, адамдық капиталға қаржының салынуына мән берілуі әлеуметтік жұмыстың объектілеріне қатысты серіктестікке негізделген қарым-қатынасты дамытуды талап етеді. Оларға мүсіркей қараудың орнына қоғамның тең құқылы азаматы ретінде барлық жағдайлардың жасалуына мән берген жөн. Қоғамның мүсіркей қарауы олардың басқа адамдармен тең емес екендігін мойындаумен бірдей. Қоғам мұндай қатынастардан арылмайынша мүгедектердің өздеріне деген сенімдерінің қалыптасуы мүмкін емес. Мүмкіндігі шектеулі адамдарды қорғау мен қолдау және оңалту әлеуметтік жұмыс мамандарының маңызды міндеттерінің бірі.
2014

Қазақстан Республикасының реформалану жағдайларында, нарықтық қатынастардың қалыптасуы кезінде миллиондаған адамдар (зейнеткерлер, мүгедектер, жетім балалар, босқындар, т.б.) жедел әлеуметтік көмекті және қорғауды қажет етеді. Әлемде әлеуметтік жұмыстың, соның ішінде халықтың бөлектенген топтарымен әлеуметтік жұмыстың үлкен тәжірибесі жинақталды. Біздің елімізде де аз тәжірибе жинақталған жоқ. Қазіргі кезде еліміздегі әлеуметтік жағдай күрт өзгеріске ұшырады, әлеуметтік қатынастардың шиеленісу үрдістері мағына беруді және талдап қорытындылауды талап етеді. Халықпен әлеуметтік жұмыстың ғылыми негізделген тұжырымын, сонымен қатар әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру мен жүргізудің түсінікті де сенімді тәсілдерін, әлеуметтік технологияларын жасау қажет.
2014

Қазіргі таңда мүгедек балалар күн санап артып келе жатқаны жаңалық емес. Оның ішінде күрделі кемістігі бар балалар көбеюде. Кемшіліктері бар балаларды әлеуметтендіруде үлкен жұмыстар атқарылуда. Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы мекемелердің барлық түрлері қызмет көрсететіні,мүмкіндігі шектеулі балалар санының артуымен түсіндіріледі. Мүгедек бала тәрбиелеу, отбасының шаруасы, әртүрлі жанұялық проблемалар,кей жағдайда баланың болашағын, оның кейінгі тағдыры туралы ойлануға мойын бұрғызбайды. Дегенмен де, ата-ана түзете-дамыту үрдісінен тыс қалмай белсенді қатысушы болып, мамандармен, медициналық, психологиялық кеңес алып отырса, баласының өмірлік қажеттілік дағдыларды меңгеруіне сауатты түрде ықпал  етеді.
2015

Мақала халықты төтенше ахуал жағдайларында әлеуметтік қорғау механизмі ретінде әлеуметтік жұмыстың рөлін зерттеуге арналған. Дүниежүзінде тіркеліп жатқан табиғи және техногендік апаттардың көбею тенденциясы халықтың әлеуметтік жағдайын төмендететін материалдық және әлеуметтік жоғалтулармен, адамдардың өлімі­ мен бірге жүреді. Бұл өзекті мәселелер төтенше жағдайдан зардап шеккендерге әлеуметтік қызмет көрсету, бейімделу, реабилитациялау бағытында әлеуметтік қызметкерлердің қатысуын талап етеді. Сондықтан, әлеуметтік жұмыстың осы бағытын дамыту өте маңызды болып отыр. Авторлар төтенше жағдайлардағы әлеуметтік жұмыстың функциялары мен принциптерін анықтаған. Мақалада әлеуметтік қорғаудың, әлеуметтік жұмыстың спецификалық ыңғайы мен техно­логияларының қажеттілігі көрсетіледі, олар төтенше жағдайлардың зардаптарын азайтуға және жоюға ықпал етеді. Эксперттік интервью әдісімен жасалған кейс­стадидің негізінде әлеуметтік жұмыс маман­ дарының қажеттілігі жайында және ол мамандардың төтенше жағдайларда тұрғындарға әлеуметтік көмек көрсетуді ұйымдастыру бойынша  ұсыныстар берілген.
2015

Жас мүгедектермен жұмыс жасау ерекшеліктері олардың не­ гативті әлеуметтік өзгерістерге бейімделуінің айтарлықтай қиын болуында. Өзін қорғау қабілетінің төмен болу салдарынан олар ха­ лықтың ең аз қамтылған бөлігінен орын алды. Мақала тақырыбының өзектілігі мемлекеттің бұл бағытта аз жұмыс жасағанына және жал­ пы мүгедек жандарды әлеуметтік қамсыздандырудың жақсарғанына қарамастан барлық категориядағы мүмкіндігі шектеулі адамдардың жаппай әлеуметтік қамсыздандыру жоғары дәрежеде еместігімен, мүгедектік мәселесінің шиленісе түсуімен және мүгедек жастардың қарқынды өсуімен байланысты.
2015

Заң әдебиетінде, тәжірибелік және теориялық маңызы зор еңбекті қорғау институтының мәні мен мазмұнын түсінуге, ұғуға, басқаша айтқанда оның түсінігін ашып көрсетуге көңіл бөлінгенімен, әлі де шешілмеген сұрақтар мен мәселелер бар. Біздің ойымызша, еңбекті қорғаудың маңызды белгілерін табу үшін  оның түсінігін, мазмұнын әрі әлеуметтік, әрі құқықтық тұрғыдан қарастырған жөн.
2009

Қажетті қорғану - әр адамның өміріне, денсаулығына, мүлкіне, тұрғын үйіне, меншігіне және басқа да заңмен қорғалатын құқықтары мен мүдделеріне қоғамға қауіпті қол сұғушылықтардан қорғануға ажырамас конститктциялық құқығы болып табылады. Барлық адамдардың кәсіби немесе өзге де арнаулы даярлығына және қызмет жағдайнына, жынысына, жасына және басқа  да жағдайларға қарамастан тең дәрежеде қажетті қорғануға құқығы бар.
2010

Ғылымның қандай салалары болса да, зерттеу барысы мен іс жүзінде біртекті  əдістерді қолдана бермейді. Ғылыми ойларды дамытудың жаңа əдістеріне қолданбалы математика, ақпарат теориясы, кибернетика секілді ғылым түрлері себеп болады. Əр түрлі кезеңдер мен құбылыстарды, оның ішінде өндірістік-экономикалық жəне ақпараттық жүйелерді зерттеудің озық əдістеріне көбінесе жүйелік зерттеу тəсілі қолданылып жатады.
2011

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.