Салықтар жүйесі

Жер әлемдегі әр түрлі мемлекеттердің үлкен құндылығы – негізгі жетістігі болып табылады. Жерді тиімді пайдалануды реттеу әр түрлі заңдар негізінде ( ҚР Жер кодексі, ҚР Үкіметінің қаулысы, т.б.) жүзеге асырылады. Жерді салық салу мақсатында аймаққа бөлу жер кадастрының бір бөлігі болып, ҚР Жер кодексінің 11-бабы мен ҚР Салық кодексінің 338-баптары негізінде жүзеге асырылады.
2011
Жерді салық салу мақсатында аймақтаудың, квалиметриялық негізі

Мемлекетіміздің егемендігі, оның əлеуметтік бағдарлы нарықтық қатынастарға бағытталған даму жолына көшуі, сондай-ақ мемлекет жəне қоғам мүддесіне қажетті қаржы-қаражаттардың мемлекет құзырында орталықтандырылуы жəне өтпелі кезеңдегі экономиканы реттеу барысында пайдаланылатын салық механизмінің жаңаша қалыптастырылуы салықтық құқықтың экономика жəне құқық аяларынан өзіне тиесілі орын алуының басты себебіне айналып отыр. Демек, мемлекеттің материалдық мүддесі мен қоғам өмірінің айрықша аясының тоғысатын жері, көбінесе объективті қаржылық-құқықтық құбылыс ретінде көрініс табатын салық салу аясы əрқашан да мемлекеттің салықтық құқығының реттеуші ықпалының ауқымы болып табылады.
2010

Салықтар ұлттық табысты жəне жиынтық ішкі өнімді, өндірісті дамыту жəне мемлекет пен халықтың əр түрлі қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында бөлу жəне қайта бөлумен байланысты экономикалық қатынастарды көрсетеді. Яғни олар мемлекеттің шаруашылық субъектілерімен жəне халықпен қаржылық қатынастарын білдіретін экономикалық категория. Салықтың экономикалық мазмұны оның шаруашылық субъектілерімен азаматтар табысын құрайтын шаруашылық қатынастардың бөлігі болып табылады. Салық салу жүйесі қызметінің негізі осы уақыт кезеңіндегі мемлекеттің экономикалық саясатымен анықталады. Шаруашылықтың нарықтық жүйесінің қалыптасу кезеңінде салық салу жүйесін құру кезінде ерекше орынды оның құрылу принциптері алады.
2009
Өндірісті дамытудың салықтық ынталандыру механизмін құрудың тұжырымдамалық негіздері

Салық жинау — ежелден қалыптасқан қызмет жəне мемлекеттің өмір сүруінің бірден-бір шарты, сонымен қатар қоғамдық жəне саяси даму жолындағы өркендеу. Салықтар — кез келген мемлекеттің негізгі кіріс көзі. Негізінен салықтар қоғамның тапқа бөлінуімен қатар пайда болды. Адамзат тари- хында бірде-бір мемлекет салықсыз өмір сүріп көрген емес, өйткені қоғамның қажеттіліктерін өтеу үшін қаражат қажет, ал қаражат салық жинаудың нəтижесінде пайда болады. Демек, салықтың көлемі мемлекет қызметтерін өтеу үшін жұмсалған шығындармен анықталады, яғни мемлекеттің атқаратын қызметі көбейген сайын салық та арта түсуде. Салық мəселесі мен салық салудың бай тарихы бар. Салыққа ғылыми көзқарас ХVII–ХIХ ғасырларда пайда болған. Оған дəлелді теориялық экономия классикалық мектебінің ағылшын өкілдері еңбегінен табуға болады: В.Петти, Д.Рикардо, Ф.Аквинский, К.Маркс, Б.Франклин, тағы басқалар [1].
2009
Салық жүйесінің қалыптасуы жəне өнеркəсіптік кəсіпорындарды өндірістік бағытта салық жəрдемімен ынталандыру

 Мақалада нарықты экономика жағдайындағы салықтар жүйесінің рөлі мен маңызы қарастырылған. Жанама салықтардың мəні ашылып көрсетілген. Жанама салықтар жүйесін зерттеуде ілімдік көзқарастар талданған. Жанама салықтардың маңызды бөлігі болып табылатын қосымша құн салығына ерекше көңіл бөлінген. Қосымша құн салығының мөлшерлемелерінің өзгеру кезеңдері көрсетілген.
2014
Қазақстан Республикасында жанама салықтар жүйесінің қалыптасуы жəне дамуы