Салықтар

Қазіргі еліміздегі əлеуметтік-экономикалық өзгерістер жастардың жоғарғы деңгейдегі экономикалық мəдениетін талап етуде. Осыған орай экономикалық мəдениеттің бір бөлігі ретінде салық мəдениетін қалыптастыру кезек күттірмес мəселеге айналуда, ол арнайы құжаттарда да белгіленген. Қазақстан Республикасы Конституциясының 35-бабында «заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды жəне өзге де міндетті төлемдерді төлеу əркімнің борышы əрі міндеті болып табылады» деп көрсетілген. Салық мəдениетін қалыптастыру мəселесінің зерттелуін тарихи деректерінен бастасақ, сонау Əмір Темір (1333) басқа деректерде (1336) заманынан бастауға болады. «Темір жарғысының» маңызды элементі — экономикалық мəселелер. Ол негізінде объективті көрсеткіші бар салық салу жүйесін жасап шығарды.
2010

Салықтар ұлттық табысты жəне жиынтық ішкі өнімді, өндірісті дамыту жəне мемлекет пен халықтың əр түрлі қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында бөлу жəне қайта бөлумен байланысты экономикалық қатынастарды көрсетеді. Яғни олар мемлекеттің шаруашылық субъектілерімен жəне халықпен қаржылық қатынастарын білдіретін экономикалық категория. Салықтың экономикалық мазмұны оның шаруашылық субъектілерімен азаматтар табысын құрайтын шаруашылық қатынастардың бөлігі болып табылады. Салық салу жүйесі қызметінің негізі осы уақыт кезеңіндегі мемлекеттің экономикалық саясатымен анықталады. Шаруашылықтың нарықтық жүйесінің қалыптасу кезеңінде салық салу жүйесін құру кезінде ерекше орынды оның құрылу принциптері алады.
2009
Өндірісті дамытудың салықтық ынталандыру механизмін құрудың тұжырымдамалық негіздері

Салық жинау — ежелден қалыптасқан қызмет жəне мемлекеттің өмір сүруінің бірден-бір шарты, сонымен қатар қоғамдық жəне саяси даму жолындағы өркендеу. Салықтар — кез келген мемлекеттің негізгі кіріс көзі. Негізінен салықтар қоғамның тапқа бөлінуімен қатар пайда болды. Адамзат тари- хында бірде-бір мемлекет салықсыз өмір сүріп көрген емес, өйткені қоғамның қажеттіліктерін өтеу үшін қаражат қажет, ал қаражат салық жинаудың нəтижесінде пайда болады. Демек, салықтың көлемі мемлекет қызметтерін өтеу үшін жұмсалған шығындармен анықталады, яғни мемлекеттің атқаратын қызметі көбейген сайын салық та арта түсуде. Салық мəселесі мен салық салудың бай тарихы бар. Салыққа ғылыми көзқарас ХVII–ХIХ ғасырларда пайда болған. Оған дəлелді теориялық экономия классикалық мектебінің ағылшын өкілдері еңбегінен табуға болады: В.Петти, Д.Рикардо, Ф.Аквинский, К.Маркс, Б.Франклин, тағы басқалар [1].
2009
Салық жүйесінің қалыптасуы жəне өнеркəсіптік кəсіпорындарды өндірістік бағытта салық жəрдемімен ынталандыру

 Мақалада нарықты экономика жағдайындағы салықтар жүйесінің рөлі мен маңызы қарастырылған. Жанама салықтардың мəні ашылып көрсетілген. Жанама салықтар жүйесін зерттеуде ілімдік көзқарастар талданған. Жанама салықтардың маңызды бөлігі болып табылатын қосымша құн салығына ерекше көңіл бөлінген. Қосымша құн салығының мөлшерлемелерінің өзгеру кезеңдері көрсетілген.
2014
Қазақстан Республикасында жанама салықтар жүйесінің қалыптасуы жəне дамуы