Ресурстар

Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы саласындағы бюджеттік субсидиялау үрдістері зерттелді, агроөнеркəсіптік кешенді республикалық бюджеттен субсидиялау жүйесінің 2012–2018 жж
2019

Болашақта цифрландырудың деңгейі экономиканың жəне оның өнеркәсіп салаларынын тиімді дамуының шегізгі анықтаушы факторы жəне олардың әлемдік нарықтағы бəсекеге қабілеттілігішің арчыкшылығы болады
2019
Еуразиялық экономикалық одақ мүше-мемлекеттердің өнеркәсіп салаларын цифрлық трансформациялау жəне олардың бəсекеге қабілеттілігін жоғарылату

Мақалада Қазақстан Республикасының кеңестік дәуірден кейін жаппай өндірістің құлдырауы тəн шағын қалаларын ұлттық экономиканы индустриалды-инновациялық дамыту жағдайында
2018

Бүкілəлемgік туристік үйым зерттеулері Қазақстанда туризмнің неғұрлым əлеуеттı түрлері ретінде анықталған табиғи жəне экологиялық туризмнің өсіп келе жатқан •іапымалдығып атап өтті.
2018

Аталмыш мақала өндірістік үстеме шығыстардың теориялық және тәжірибелік аспектілерін жан-жақты қарастырады. Сонымен қатар үстеме шығыстарды талдау мен бөліп-таратудың АВС әдісі көрсетілген.
2016

Теория және практикалық мәні нарықтық экономика жағдайында туризмді дамыту жолдарының бір бағыты болып табылатын туристік-рекреациялық ресурстарды әлеуметтік-экономикалық бағалауды теориялық негіздеу қарастырылды
2016

Мақала экономикалық субъектінің "бәсеке", "бәсекелік артықшылықтар", "бәсекеге қабілеттілік" ұғымдарының мәнін түбегейлі түрде зерттеуге арналған.
2017

Мақалада білімге негізделген инновациялық экономика дәуіріндегі интеллектуалды ресурстар, капитал теорияларына талдау жасалған. Білім экономикасы постиндустриалды экономика мен инновациялық экономиканың дамуының жоғарғы кезеңі тұрғысынан қарастырылған. Интеллектуалды капитал мен адам капиталы қоғамның постиндустриалды дамуының қайнар көзі ретінде талданған. Батыс ғылымындағы интеллектуалды капитал теориясының Қазақстан қоғамының модернизациялануы жағдайындағы өзектілігі ашып қарастырылады.
2013

Автор «Табиғи ресурстар қарғысына» қарсы тұрудың халықаралық тәжірибесіне шолу жасаған. Табиғи ресурстарға бай елдердің дамуын талдау «голландық ауруға» қарсы тұруда экономикалық саясаттың сипаты басты рөл атқаратындығын көрсетеді. Боствана, Индонезия, Норвегия секілді елдерде тиімді экономикалық саясаттың нәтижесінде голландық аурудан аман қалып, айтарлықтай экономикалық өсуге қол жеткізе алды. Ал, кейбір елдерде керісінше жағдайлар орын алды. Бұл дұрыс жүргізілмеген экономикалық саясаттың, атап айтқанда қаржы және валюта саясатының, сондай-ақ елге шикізатты сатудан түсетін кірістерді тиімді басқара алмаудың нәтижесі екендігі дәлелденді. Экономиканың дамуына ресурстардың болуының өзі емес, оған сай келетін жауаптар іздеу қажет және солармен бпйланысты әрекет ету болып табылады. Ресурстық қарғыс түсінігінің мазмұнын басқаша ойлаудың авторлық көрінуі қалыптастырылған.
2014
«Табиғи ресурстар қарғысына» қарсы тұрудың халықаралық тәжірибесі

Елдер экономикасын трансформациялау тәжірибесін қоса алғанда экономикалық жүйелердің дамуының тарихи тәжірибесі ұлттық шаруашылықтың іргелі мәселелерін шешуде универсалдық құралдар қолдану әрдайым бірдей нәтижелерге алып келе бермейтінін көрсетті. Экономикалық саясатты жүргізу – жүзеге асырылатын ортаның сипаттамаларын, соның ішінде институционалдық орта және қалыптасқан макроэкономикалық ерекшеліктерді мұқият зерттеуді қажет етеді. Осыған байланысты табиғи ресурстармен жоғары деңгейде қамтамасыз етілуімен сипатталатын Қазақстан экономикасын зерттеу ерекше қызығушылық тудырады. Ресурс байлығы елдің индустриялық-инновациялық дамуына қандай әсер ететінін анықтау маңызды. Бұл мәселені анықтау қалыптасқан жағдайды түсіндіруге айтарлықтай үлес қосып, бір жағынан Қазақстанның экономикалық дамуын болжауға және табиғи ресурстарға бай елдегі экономикалық саясаттың бағыттарын түзетуге мүмкіндік береді. Шынында, экономиканың дамуына кедергі ресурстардың болуының өзі емес, оған сай келетін жауаптар іздеу қажет және солармен байланысты әрекет ету болып табылады.
2015
Әлемдік экономиканың ғаламдануы мен дағдарыстың жаңа үрдістері және «ресурсы мол» елдердегі экономикалық даму мәселелері