Басқару

Соңғы жылДары білім беруДе стуДенттің тұлғасын ДамытуДа ауДиторияДан тыс жұмыстар зор қарқынмен орынДалуДа. АуДиторияДан тыс жұмыстар болашақ ДәрігерДі ДайынДауДа ерекше орын алаДы
2015

Мақалада қазіргі уақыттағы оқыту үрдісін жаңашаландыру әдістері мен ерекшеліктері қарастырылған. Осы бағытта білім берудің әртүрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар туралы жазылған.
2015
Білім беру жүйесіндегі оқытудың инновациялық технологияларын пайдалану ерекшеліктері

Экологиялық қолайсыз қаланың автобус жүргізушілерінің еңбек жағдайын зерттеу бойынша (ыстық климат, жоғары газданушылық және ауаның шаңдануы), жүмысқо қабілеттілігі өндірістік ортаның (шу, діріл, ықшамклимат микроклимат, азот оксиді және көміртек оксиді) жағдайына байланысты
2013

Ұлтаралық жанжалдардың көбісі қазіргі жаңа қоғамда көп таралған құбылыс болып келеді. Бұл мəселе тек бүгін ғана туындаған жоқ. Адамзат тарихында соңғы 5 мың жыл ішінде 3,5 млрд. адам дүние салған 15 мыңға жуық соғыс пен қаруланған жанжалдар болды. Халықаралық Стокгольм институтының зерттеулері бойынша ХХ ғасырдың 80-жылдары болған жанжалдардың көбісі этносаралық болды.
2011

Қоғамның қызмет етуі мен дамуы автоматты түрде іске аспайды, ол басқару əрекетіне ғылыми білімдердің жүйесінің енгізілуін талап етеді. Басқару əрекетінің тиімділігі теориялық жəне тəжірибиелік мəселелердің басқару əлеуметтануының зерттелуін қажет етеді. Ол бұл тек əлеуметтанулық білімінің құзыретіне жатады.
2011
Тег: Басқару

Отандық кəсіпорындардың өндіріс көлемінің динамикалық өсуі жəне тұтынылатын материалдық ресурстардың өсіп жатқан көлемі материалды-техникалық жабдықтауды басқаруға жəне материалдық ресурстарды кейінгі қолдануға жүйелік тəсілдемені қолдану қажеттілігін дəйектейді. Ол өзінің мəнін жабдықтау, өндіріс, бөлу жəне тұтыну үдерістерін біріктіретін логистикалық материалдық ағымдарды құруда табады. Мұнда басты роль осы үдерістердің ақпараттық қамтамасыз етуінде жатыр. Қолда бар жағдайдың талдауы көрсеткендей, Қазақстан экономикасының барлық салаларындағы кəсіпорындарында материалдық ресурстарды басқару жүйесі дамыған шет ел кəсіпорындарымен салыстырғанда дамудың төменгі деңгейінде жатыр.
2009
Өндірістік кəсіпорындарда материалды ресурстарды басқарудың ақпараттық жүйесін құру

Басқарушылық еңбектің бөлінуі — басқарушылық қызметкерлер түрлі топтарының еңбек əрекеттерінің тəуелсіз өрістерде дербестелуі — объективтік процесс. Бұл процесс басқарушылық ықпал сапасының жоғарылауына жағдай туғызады. Басқарушылық еңбек бірнеше түрге бөлінеді (кесте). Олардың арасында атқаратын міндетіне байланысты функционалды бөлінуі ерекше орын алады. Себебі, еңбек бөлінісінің бұл түрі басқаларының пайда болуының негізі [1]
2009
Персоналды басқару тиімділігін бағалау

Тəуелсіз қазақ елі əлемдегі аса дамыған мемлекеттердің қатарына қосылуға ұмтылуда. Ал сол дамыған, өркениетті елдердің қатарына қандай құндылығымызбен барамыз деген мəселе туындайды. Ұлттық салт-дəстүр, əдеп-ғұрып, ана тілімізді Батыс мəдениетіне айырбастап, дамыған елдердің қатарына қосыламыз деу бос əурешілік. Қашанда өз тілін менсінбейтін «Мен қазақпын» деп айтуға намыстанатын жастардан қорқуымыз керек. Өз ұлтын қадірлемейтін — нағыз мəдениетсіздер. Ал мəдениетті жоғары біліммен өлшеуге əсте болмайтынын əлдеқашан ұғатын кез болды. Қолында дипломы бар, бірақ мəдениеті төмен деңгейдегі жастар қаншама! Оларды «надандығын қағаз жүзінде бекітіп алғандар» деп айтуға болады.
2012

Мақалада саяси имидждің тарих беттерінде көрініс алуы мен ұлы ойшылдардың, саясаткерлердің «бейнесін» өзгерту мəселесі сөз етілді. Саясаткердің халық алдында қандай болуы керек. Билікті тілмен, жағымды іс-əрекеттердің көмегімен уысында ұстап қалудың жолдары ұлы ойшылдардың еңбектерінде қарастырылған. Рим жəне түркі ойшылдарының саяси еңбектеріндегі басшы мен қоғам арасындағы қатынас туралы тұжырымдарға шолу жасалған.
2016