Интеграция

Қоғамдағы үздіксіз және түбегейлі өзгеріс білім беру жүйесінде байыпты реформаларды жасау қажеттілігін туындатты.
2015

Мақалада бастауыш білім берудің мазмұнын құрудың теориясы мен тәжірибесіне терең талдау жасалып, оны жаңартудың педагогикалық- психологиялық ерекшеліктері қазіргі көзқарастар тұрғысынан қарастырылған. 
2016

Мақалада Қазақстан Республикасында өңірлік экономиканы басқаруда желілік әдістердің жеңіл өнеркәсіпте қолданылу жағдайлары атап көрсетілген
2019
Қазақстан республикасында өңірлік экономиканы басқаруда желілік әдістердің жеңіл өнеркәсіпте қолданылу жағдайлары

Мақала барысында Қазақстанның болашағы қашанда халықтар арасындағы татулықпен тікелей байланыстылығы және мемлекетіміздің саяси жүйесіндегі маңызды элемент
2020

Қазіргі таңда шет тілі ретінде ағылшын тілін оқытуды жаңа сатыға көтеру отандық педагогикадағы іргелі міндеттердің біріне айналып отыр
2013
Экономика курсын оқытуда кәсіпаралық байланыстың маңыздылығы

Білім беруді дамыту векторы адам мен адамзаттың толыққанды өмір сүруінің басты шарты ретінде алынған руханилықпен анықталатын өмір сапасын қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл мәселені шешудегі  бүгінгі күні оқытушының басты мақсаты – өзіндік рухани­адамгершілік құндылықтарын білім алушының бойына дарыта отырып, оның жүрек түкпі­ ріндегі рухани қазынасын жарыққа шығару, әрбір білімгерді жеке тұлға ретінде жетілдіру үшін оның бойындағы бар құндылықтарын дамыту мәселесі баяндалған. Осыған орай, білім беру ұйымдарында өзін­өзі та­ ну пәнін оқытудың маңызды мәселелерінің бірі ретінде пәнді интегра­ циялаудың тәрбиелік мәнін ашып көрсетудің жолдары қарастырылған. Қоғамның қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында «Өзін­өзі тану» ру­ хани­адамгершілік білім беру жобасының авторы, еліміздің Бірінші Ха­ нымы Сара Алпысқызы Назарбаева тұңғыш рет мемлекеттік деңгейдегі өскелең ұрпақты жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу мәселесін көтерді. Рухани­адамгершілік білімнің қазіргі әлемдегі ба­ сымдығы туралы сөз қозғауда қазіргі замандағы жаһандық мәселелер, адамзаттың жалпы дүниежүзілік тұтастығы мен рухани­адамгершілік құндылықтардың сипаты жан­жақты қарастырылып, жалпыадамзаттық құндылықтардың мәнін ашу көзделуде.
2015

Мақалада ТМД шегіндегі экономикалық интеграцияның дамуы жайлы қысқаша шолу жасалған. Әсіресе Ресей Федерациясының ТМД елдерінің экономикалық дамуына әсері талданған.
2009

Қазақстан тəуелсіздік алғаннан кейін өзінің сыртқы саясатының басымдылық бағыттарының бірі халықаралық ұйымдарға мүшелікті стратегиялық басымдылық ретінде анықтаған болатын. Соған сəйкес Қазақстан Республикасы халықаралық универсалды ұйымдармен бірге аймақтық беделді ұйымдарға мүше болуды мақсат етті. Оның ішінде БҰҰ, Европадағы Қауіпсіздік пен Ынтымақтастық Ұйымы (ЕҚЫҰ), Ислам Конференциясы Ұйымы жəне т.б. бар. Сонымен бірге Қазақстан өзі бірнеше аймақтық интеграциялық ұйымдарды құрудың бастамашысы болды. Мұндай ұйымдардың қатарында АӨЫСКШ, ЕврЭҚҰ-ны атап өтуге болады.
2010

Бұл мақалада АСЕАН-тың жаһандық əлемдегі болашағы мен проблемалары қарастырылған. АСЕАН соңғы жылдардағы қызметін өз бетінше дамуындағы өзгеше үрдісін бағалауға, экономика- лық өзара тəуелділік формаларын, əсіресе, ішкіаймақтық саудасын жəне өндірістік желілердің құрылуы, халықаралық қатынастар жүйесінің өзгеруіне орай Оңтүстік-Шығыс Азияның тəсілдері оның əлдеқайда дамығандығы көрсетілген. Шығыс Азия елінің аймақтық ынтымақтастығын нығайту, макроэкономикалық жəне қаржылық тұрақтылық негізін құру мақсатында əр түрлі тəсілдерін іске асыруда.
2012
Оңтүстік Шығыс Азия елдері ассоциациясының экономикалық интеграциясының дамуы

Қазақстан Республикасының ЕурАзЭҚ мемлекеттерімен экономикалық ынтымақтастығы сыртқы саясаттың негізгі басымдықтарына айналды, өйткені Қазақстан мен Қауымдастықтың өзге де елдері экономикаларының тұрақты дамуын қамтамасыз етуге байланысты, олардың экономикалық қауіпсіздік деңгейінің көтерілу кепілдігі болып отыр. Қауымдастық шеңберінде ұлттық экономикалар міндеттерінің бірдей болуына және олардың бірін-бірі толықтырып отыруына негізделген терең интеграцияланған экономикалық жүйенің құрылуы, ЕурАзЭҚ халықаралық құқықтық негізінің даму деңгейіне де байланысты. ЕурАзЭҚ шеңберіндегі интеграция еркін сауда аймағы сатысынан өтіп, кеден одағын құру сатысына тіреліп тұр. Кеден одағы бастапқы кезде үш мемлекет арасында (Қазақстан, Ресей, Белоруссия) 2010 жылы құрылмақ, одан кейн оған Қырғызстан мен Тәжікстан дайындық сатысынан өткеннен кейін қосылмақ. Кеден Одағынан кейінгі келесі интегарция сатысы – бірыңғай нарықты құру, одан кейін толық экономикалық одақтың құрылуы.
2013