Қауіпсіздік

Мақала қазіргі кезеңдегі бейбіт атомның дамуын талдауға арналған. Әлемдік нарықтардың тұрақсыз жағдаяттары,  жетекші  өндірістік және дамушы мемлекеттердің экономикасының дағдарыстан кейін қалпына келу үдерісінің төмен қарқыны әлемдік энергетикадағы жағдайға әсер ете отырып, оның жаһандық энергетикалық кеңістікте даму болашағын айқындау мәселесін өзекті етті. Соңғы он жылдардағы маңызды феномен – әлемдік энергетикалық теңгерімінде атом саласының меншікті салмағының өсуі болып отыр. Мақалада теориялық көзқарастар және атом энергетикасын қалыптастыру саясаты зерттеледі. Қысқаша түрде атом саласының эволюциясы қарастырылып, төрт кезеңге бөлінеді. Атом энергетикасының басқа энергия көздерінен басымдығы көрсетіледі. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының ядролық-энергетикалық әлеуеті талданып, Қазақстанда бейбіт атомды пайдалану және дамытудың маңыздылығы анықталады. Атом энергетикасының даму динамикасы көрсетіп отырғандай, ол болашақта көптеген мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі факторының біріне айналуы әбден  мүмкін.
2015

Құқық теориясының, оның ішінде еңбек құқығы теориясының қазіргі даму деңгейінде құқық қағидасына деген жалпы, өзара келісілген, бір ортақ көзқарас әлі де қалыптаспаған. Кездесетін тұжырымдамаларды негізгі үш топқа бөлуге болады: біріншілері, құқық қағидасының құқық нормаларында белгіленгеніне немесе белгіленбегеніне қарамастан негізгі бастапқы идея болып қала береді дейді[1]. Екіншілері, құқық қағидасының идея арқылы анықталуына, белгіленуіне қарсы екенін білдіреді[2]. Ал үшінші топ зерттеушілерінің көзқарасына сәйкес, құқық қағидасы – бұл қоғамдық қатынастарды реттеудің жалпы бағыты мен мазмұнын анықтайтын, заңнамада бекітілген негізгі бастама, идея[3].
2009

Орнықты даму Концепциясы 1984 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Хатшысының бастамасы бойынша қоршаған ортаны қорғау және даму жөніндегі Халықаралық комиcсиямен БҰҰ-ң екінші Стокгольмдық (1972 жыл) Конференцияcынан кейін даярланған болатын. Комиссия міндеті 2000 жылға дейінгі және одан арғы мерзімге арналған қоршаған ортаны қорғау саласындағы ұзақ мерзімді стратегия ұсыныстарын; әлемдік қоғамдастықтың қоршаған ортаны қорғау мәселелерінің тиімді шешімін табуға болатын әдістер мен құралдарды жасау болды. Орнықты даму жөніндегі ойлар «Біздің ортақ болашақ» атты 1987 жылы БҰҰ-ң Бас Ассамблеясына ұсынылған қоршаған ортаны қорғау мен даму жөніндегі Халықаралық комиссия Баяндамасында көрініс тапқан.
2010

Ғылыми-техникалық прогрестің дамуы мен кең таралуы 20-21 ғасырлардың жетістіктері ғана емес, олар адамзат эволюциясынаң барлық орын алып отырды. Экономикалық жағынан дамыған мемлекеттердің қазіргі таңдағы қоғамдық жағдайын ғалымдар ақпараттық қоғамның құрылуы деп сипаттайды. Жақын болашақта Қазақстан да осындай мəртебеге ие болатынына еш күмəн жоқ. Ғылыми-техникалық прогресс адамның қызметінің əртүрлі салаларына кіре тұра, 20-ғасырдың екінші жартысына қарай «ақпарат» ұғымы өзге сипатқа, маңызға ие болды. Осындай өзгерістердің басты себебі компьютерлік техника саласындағы революциялық өнертабыстар болып табылады. Осындай өнертабыстардың нəтижесі ретінде адамдардың қатынастарының жаңа түрі – ақпараттық қатынастар пайда болды.
2011

Берілген мақалада табиғатты пайдаланудағы қауіпті басқарудың бір шарасы ретінде экологиялық сақтандырудың тиімділігі, табиғатты пайдалану қаупі, экологиялық сақтандырудың негізгі ерекшелігі қарастырылған,сақтандыру саласындағы тəжірибелік қызметтің қазігі кездегі əдістерін жетілдіруге арналған ұсыныстар берілген. Соның ішінде жер қойнауын пайдалану саласындағы экологиялық сақтандыруға назар аударылған.
2012

Осы мақалада автор Ішкі істер органдары қызметкерлерінің азаматтармен, қоғамдық бірлестіктермен қоғамдық тəртіпті жəне қауіпсіздікті қамтамасыз етуде өзара əрекеттесудің заң жүзіндегі жəне тəжірибедегі өзекті мəселелерін қарастырған
2012

Мақала пенитенциарлы қауіпсіздікті қамтамасызетуде еңбектің ықпалымен байланысты жазаның рөлін анықтауға арналған. Сотталған адамдардың еңбегі, қылмыстардың факторлар превенциясы сияқты қарастырылады.
2012

Мақалада Қазақстан Республикасының пенитенциарлық жүйесін реформалаудың жəне жеке аспектілерін түзеу мекемелерінде əлеуметтік  жүйесін сынақтан өткізу мəтінінде қарастырылады.
2012

Елбасының Қазақстан халқына жылсайынғы жолдауында экономиканы қозғаушы күш ретінде кəсіпкерлікке көңіл көп бөлінеді: «Диверсификацияның өзегі – кəсіпкерлік болып табылады. Біз өз мойнына тəуекел алатын, жаңа нарықтарды игеруге тырысатын, инновациялар енгізуге дайын күшті кəсіпкерлер санатын көргіміз келеді. Тек кəсіпкерлер экономиканы модернизациялаудың қозғаушы күші болып табылады» [1].
2012

Бұл ғылыми мақалада автор экологиялық қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыстардың объективтік жағы бойынша саралау мəселелерін ҚР күшіндегі жəне жобаланып жатқан қылмыстық заңнамасы негізінде қарастырған. Автор экологиялық қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыстарды объективтік жағынан жаңа редакцияда толықтыруға тырысқан: ҚР ҚК-нің 277,278,279,294 баптары жəне ҚР ҚК-нің (жобасы) 329,330,331,348 баптары. Автор зерттеудің нақты нəтижелерін ҚР бағдарламалық құжаттарымен, отандық жəне шетелдік ав- торлар пікірлерімен, шетелдік қылмыстық заңнаманы қолданудың практикасымен жəне эмпирикалық мəліметтермен анықтаған.
2013

Осы мақалада əркімнің өмірін, денсаулығын сақтауға деген құқығын іске асыру мəселелеріне қатысты ұлттық заңнамалық нормалардың халықаралық стандарттарға сəйкестігі зерттеуге алынды.
2013

Экологиялық қауіпсіздігін құқықтық қамтамасыз ету мəселелерінің адамзат өркениетінің даму жолында ұзақ əрі күрделі тарихы бар. Мемлекетімізде экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларының бірқатар тетіктері қалыптастырылды. Қоршаған ортаның қауіпсіздігі – ол тиісті ортаның антропогендік жəне басқа да факторлардың қатерлі əсерінен қорғалуының жай-күйі. Со- нымен қатар қоршаған ортаны қорғау динамиканы құраса, ал экологиялық қауіпсіздік табиғатты тиімді, кешенді пайдалану жəне қоршаған ортаны тиісті деңгейде қорғалу нəтижесін құрайды. Тиісті нəтижеге жету немесе адам баласының талабын қанағаттандыратын қауіпсіздік көрсеткішінің сақталуы, осы бағыттағы заң нормаларының тиімді болуымен тікелей байланысты.Адамзат өркениеті дамуының бүкіл тарихы көрсетіп отырғандай кез келген мемлекеттің қатардағы адамдарының əл- ауқаты, ең алдымен, оларды қоршаған табиғи ортаның қауіпсіздік дəрежесіне байланысты екендігін анық көрсетіп отыр.
2013