Ақпарат қазіргі қоғам өмірінің алғашқы негізі, қоғам қызметінің нәтижесі мен өнімі болып табылады. Ақпаратты құру, жинақтау, сақтау, беру және өңдеу оны өндіру құралдары: электронды есептеу техникасы, телекоммуникация құралдары мен байланыс жүйесі аясындағы үдерісті ынталандырады. Осы аталғандардың барлығы адам қызметінің әртүрлі салаларындағы ақпараттық үдерістерді жүзеге асырудың әдістері мен құралдарының жиынтығы болып табылатын, жаңа ақпараттық технологиялардың анықтамасының ауқымды ұғымына кіреді. Яғни, ақпарат қоғамдық қатынастардың өніміне айнала отырып, тауар қасиетіне ие болып, сатып алу сатудың заты ретінде қарастырылады.
Маликова Ш.Б., Ергали А.М.
2015