Бұзушылықтар

Экологиялық қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыстық құқық бұзушылықтардың объективтік жақтарын доктри­ налды талдау жасау їшін оның міндетті және факультативтік белгілерін нақты қылмыстық құқық бұзушылықтарға қарай ашудан бастау керек. 
2015

Ақпарат қазіргі қоғам өмірінің алғашқы негізі, қоғам қызметінің нәтижесі мен өнімі болып табылады. Ақпаратты құру, жинақтау, сақтау, беру және өңдеу оны өндіру құралдары: электронды есептеу техникасы, телекоммуникация құралдары мен байланыс жүйесі аясындағы үдерісті ынталандырады. Осы аталғандардың барлығы адам қызметінің әртүрлі салаларындағы ақпараттық үдерістерді жүзеге асырудың әдістері мен құралдарының жиынтығы болып табылатын, жаңа ақпараттық технологиялардың анықтамасының ауқымды ұғымына кіреді. Яғни, ақпарат қоғамдық қатынастардың өніміне айнала отырып, тауар қасиетіне ие болып, сатып алу сатудың заты ретінде қарастырылады.
2015

Қылмыс туралы ілімнің құрамдас бөлігі болып табылатын қылмыстардың көптігі мәселесі заңгерлерді бұрыннан толғандырып келеді. Дегенмен, ұзақ уақыт бойы қылмыстардың көптігінің құқықтық реттелуі тиісті деңгейде болмады. Айталық, Қазақ КСР 1959 жылғы Қылмыстық кодексінің Жалпы бөлімімен аса қауіпті рецидивистердің жауаптылығы мен қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау мәселелері ғана реттелді. Ал қылмыстардың көптігінің жекелеген нысандары (қайталану, бірнеше мәртелік, жүйелілік, кәсіп және рецидив) жүйеленбеген түрде Ерекше бөлім нормаларымен нақты қылмыстардың негізгі және сараланған құрамдарының белгісі ретінде ескерілетін.
2015
Автокөлік құралдарын ұрлау жəне құқыққа сыйымсыз иеленіп алу құқық бұзушылықтарың алдын алу мен ашуда ақпараттық технологияларды қолдану мəселелері жөнінде

 Мақала қазіргі таңдағы өзекті тақырып — көлік құралдарын ұрлау немесе құқыққа сыйымсыз иеленіп алу құқық бұзушылықтарының алдын алу мен ашу мəселелеріне арналған. Автор көлік құралдарын ұрлау жəне құқыққа сыйымсыз иеленіп алу құқық бұзушылықтарының алдын алу мен ашуда ақпараттық технологияларды қолдану мəселелерін нақтылап көрсетіп, өздерінің құрған ugonstop.kz сайт туралы ақпарат беріп отыр. Аталған сайттың көлік құралын ұрлау немесе құқыққа сыйымсыз иеленіп алу құқық бұзушылығының алдын алу мен оны тергеуді жүргізу үшін бірден бір пайдасы тиетін сайт екенін атап өткен.
2016

Мақалада компьютерлік қылмыстар қазіргі таңда бүкіл əлемде қылмыстылықпен күресудегі басты өзекті мəселелердің бірі ретінде қарастырылды. Қазақстан Республикасында ақпараттық қауіпсіздікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша қозғалған қылмыстық істердің мəселелері зерттелген. Компьютерлік ақпарат алдын алу шаралары бойынша кемшіліктер мен ұсыныстар берілген. Сонымен қатар ақпараттық қауіпсіздікке қарсы құқық бұзушылықтардың құқықтық қолданушылық мəселелері бойынша қылмыстық заңнамаға ұсыныстар, компьютерлік қылмыстардың статистикалық мəліметтергіне талдау жасалған. Авторлар аталған құқық бұзушылықтар үшін көзделген қылмыстық жауаптылық бойынша өзгертулер мен толықтыруларды жан-жақты талқылаған.
2016