Автокөлік құралдары

Егер жалпылама алатын болсақ, көлік қылмысы, яғни қылмыстар ұғымдары және көліктік-әкімшілік  деликті,  яғни  құқықбұзушылық,  екі  ұғымдар  жалпы  көрсеткішке  – «құқықбұзушылық» ұғымына келіп саяды.  «delict» латын термині   этимологиялық тұрғыдан «құқықбұзушылық» сияқты әлеуметтік құбылысты білдіреді. Көптеген заңгер ғалымдардың арқасында «деликт» термині біраз тарлау шеңберде, яғни азаматтық-құқықтық, әкімшілік- құқықтық және тәртіптік-құқықтық тәртіптегі құқықбұзушылықтарға қатысты пайдаланыла бастады, сонымен қатар қылмыс сол деликтінің өзі болып табылады, бірақ бұрыннан айтылып жүргендей «delictum sui generis», яғни «айрықша текті құқықбұзушылық».
2009

Көлік-коммуникация инфрақұрылымының маңызды міндеті көрсетілген көлік қызметтерінің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету және шалғайдағы өңірлер мен халық тығыз орналаспаған өңірлерде «инфрақұрылымдық орталықтар» құру, сондай-ақ ауылды қажетті көлік қатынасымен қамтамасыз ету мәселесін шешу болып табылады. Көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың ілгері қарқыны болмайынша, елдің экономикалық өсуінің орнықты қарқынын, оның қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін, әлемдік экономикаға ұтымды ықпалдасуын және тиісінше әлемнің бәсекеге қабілетті елдердің қатарына кіруін қамтамасыз ету жөніндегі стратегиялық міндеттерді ойдағыдай шешу мүмкін емес. Қазақстанның транзиттік және экспорттық әлеуетін іске асыру, сондай-ақ экономикалық өсуді қолдау көлік-логистика жүйесінің халықаралық түйінді көлік дәліздеріне жоғары ықпалдасуын, оның ішінде жүк ағындарын бөлуге ықпал ету үшін тасымалдың жоғары жылдамдығын, мерзімділігін, қолжетімділігін және сенімділігін, сондай-ақ көлік қызметтерін пайдалану жайлылығын талап  етеді.
2015

Көлік қылмыстарын детерминациялайтын себептер мен алғышарттардың көптүрлілігі және әртараптығы тиісінше, жүзеге асыру саласы мен өзінің сипаты, мазмұны бойынша әртүрлі іс- шаралардың жүйелі кешенін ұсынады. Бұл шаралар әр алуан деңгейде жүзеге асырылуы мүмкін.
2009

1959 ж. 25 желтоқсандағы «ССР Одағы мен одақтас республикалардың қылмыстық заңнамасының негіздері» атты Одақ Заңының негізінде қабылданған Одақтас республикалардың қылмыстық заңнамасында бастапқыда автомотокөлік құралдарын пайдалану процесінде жасалатын қоғамға қаупі бар әрекеттер үшін жауапкершілікті қарастыратын баптар белгілі бір топтарға бөлінген.
2009

Қылмыстық құқық ғылымында, қылмыстың обьектісі ретінде-қылмыстық қол сұғушылықтын кезінде зиян шеккен немесе зиян шегу қауіпі төнген, қылмыстық заңмен қоғалатын нақты қоғамдық қатынас танылады.
2012

Ғылыми жұмыстың мақсаты болып көлік қылмыстарының алдын алу шараларын қамтамасыз ету болып табылады. Зерттеу барысында көлік қылмыстарымен күрестің халықаралық мəселелері қарастырылып көлік қылмыстарымен күрес жүргізудің жəне көлік қылмыстарын ашу жолдары мен тəсілдері талқыланды. Көлік қылмыстарымен күрес жүргізу барысында халықаралық деңгейдегі құқық қорғау органдары қызметкерлерінің тəжірибелері, олардың негізгі міндеттері мен мақсаттары айқындалып, оны отандық тəжірибеге енгізу мəселелері қарастырылды.
2013

Бұл мақалада көлік құралдары іздерінің трасология объектілерінің бірі ретінде криминалистикалық маңызы қамтылып, қажетті пайымдаулар жасалған. Көлік құралдары іздерін зерттеу арқылы көліктің трасологиядағы идентификациялық және диагностикалық мәселелерді шешуге болады. Қозғалатын бөлшектерден қалған іздер арқылы көліктің қозғалысын идентификациялауға болады. Сондай-ақ көлік құралдары іздерінің крими- налистика ғылымындағы рөлі мен маңызы жан-жақты қарастырылған.
2013

Автокөлік тарихының басталғанына бірнеше ғасыр болғанына қарамастан, автокөлік индустриясының даму қарқыны жыл сайын өсуде. Қазіргі таңда автокөлік қоғамда өзіндік орны бар мүлікке айналып, жол қозғалысының ажырамас бір бөлігін құрайды. Бұл үдеріс біздің елімізде де байқалады. 1991 жылы Қазақстанда жалпы алғанда 1,4 млн.-ға жуық автомобиль, соның ішінде 372 мың жүк автомобилі, 54 мың автобус, 849 мың жеңіл және 119 мың арнайы автомобиль болды [1]. 20 жыл өткеннен кейін жолдағы шетелдік өндірістегі жоғары жылдамдықты көліктер қатары көбейіп, ол 3553,8 млн. құрады [2]. Барлық көлік құралдарын пайдалану арқылы жүк тасымалы 2011 ж. 2974,9 млн. тонна болса, бұл 2010 жылмен салыстырғанда 22% тоннаға артық.
2015

Көліктік міндеттемелердің түрлері бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілікке жүргізілген талдаулар олардың құқықтық реттелу деңгейлерінің бірдей еместігін байқатады. Қолданыстағы заңнамада тек қана тасымалдау міндеттемелеріне қатысты жауапкершілік жан-жақты əрі толық реттелген. Сол себепті құқықтық қатынастардың нақтылы жəне толық реттелмеуіне байланысты жауапкершіліктің негіздері мен шектерін анықтау қиындық туындататын көліктік міндеттемелер де (тасымалдаудан басқасы) кездеседі. Ол бірінші кезекте көлік экспедициясы шартына қатысты мəселе. ҚР АК-нің 35-тарауында көлік экспедициясы шарты туралы нормаларды бекіткенімен [1], оларды бұзғаны үшін мүліктік жауапкершілікті толық реттемейді, ал көліктік заңнамалар көлік экспедициясы шарты бойынша жауапкершілік туралы арнайы ережелерді бекітпеген. Бұл құқық қолданушылар үшін тəжірибеде қиындықтар туындатады.
2010

Көлік ел экономикасының маңызды құрамдас бөлігі ретінде мемлекетіміздің негізгі стратегиялық объектілерінің бірі болып табылады. Əсіресе кең, байтақ жері бар жəне Еуразияның орталығы ретінде геосаяси мəнге ие Қазақстан Республикасы үшін өте жоғары роль атқарады. Шаруашылықтың инфрақұрылымдық саласы ретінде көлік жүктер мен жолаушыларды тасымалдап жеткізуді қамтамасыз ете отырып, экономика салаларының біртұтастығын қамтамасыз етеді. Соңғы кезде нарықтық қатынастарды дамытуға жəне көлік жүйесінде бəсекелестікті дамытуға бағытталған экономиканы жандандыру нəтижесінде одан əрі ілгерілеуге нақты алғы шарттар жасалды. Соңғы онжылдықта Қазақстанда нарықтық талаптарға бейімделген көліктік қызмет көрсету нарығы қалыптасты. Алайда еліміздің көлік жүйесінің қуатты əлеуеті, соның ішінде Қазақстанның аумағы арқылы өтетін халықаралық мүмкіндігі əзірше жеткілікті тиімді пайдаланылмайды. Осы аталған мəселелерді шешу мақсатында ҚР мемлекеттік көлік саясатының тұжырымдамасында аталған негізгі басымдықтардың бірі Қазақстан көлік кешенін халықаралық көлік жүйесіне кіргізу жəне елдің транзиттік əлеуетін дамыту болып табылады [1].
2010

 Мақала қазіргі таңдағы өзекті тақырып — көлік құралдарын ұрлау немесе құқыққа сыйымсыз иеленіп алу құқық бұзушылықтарының алдын алу мен ашу мəселелеріне арналған. Автор көлік құралдарын ұрлау жəне құқыққа сыйымсыз иеленіп алу құқық бұзушылықтарының алдын алу мен ашуда ақпараттық технологияларды қолдану мəселелерін нақтылап көрсетіп, өздерінің құрған ugonstop.kz сайт туралы ақпарат беріп отыр. Аталған сайттың көлік құралын ұрлау немесе құқыққа сыйымсыз иеленіп алу құқық бұзушылығының алдын алу мен оны тергеуді жүргізу үшін бірден бір пайдасы тиетін сайт екенін атап өткен.
2016

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.