Қылмыстық процесс

Қазақстанда қылмыстық процестің қылмыстың iс жүргізу сатысы басты институттарының бiрi болып табылады. Аталған инстанция бiрқатар объективтi факторларға байланысты қалыптасады. Қазақстан Республикасының жаңа ҚІЖК-нiң қабылдануы, оны қолдану тәжірибесінің болмауы, оның жетістіктерін бара-бар бағалаудың мүмкін еместiн. Мұндай факторларға жататын жағдайлар: 1997 жылғы қаңтарынан бастап ҚР ҚІЖК-нiң қабылданылып, енгізілуі қылмыстық iс жүргізу мiндеттерiн айқындай түстi.
2009

Өзінің құқықтық табиғатында жәбірленушінің жауап беруі куәгердің жауап беруіне өте жақын келеді. Куәгердің жауап беруі тәрізді, оның да азаматтың өзіне белгілі болған іске байланысты дерек пен іс-әрекет туралы ауызша түрде заңмен белгіленген процессуалдық тәртіпте тергеу мекемесіне, тергеушіге, прокурорға немесе сотқа жауап береді және жәбірленушінің жауап беруі, оның өкілі адвокаттың қатысуымен болғаны дұрыс. Себебі, жәбірленуші өзі таңдаған сенімді өкілінің көзінше өзін еркін сезініп, шындықты айтуға ұмтылады.
2009

Процесс философиялық ұғым ретінде, қандай да бір құбылыстың, қандай да бір даму барысының жағдайы, кезеңдерінің біртіндеп ауысу мағынасын береді [1]. Проф. В.Я. Кикотя, анықтамасы бойынша, процесс белгілі бір нәтижеге қол жеткізудегі дәйекті іс-әрекеттердің жиынтығы, қандай да бір қызметті жүзеге асырудың тәртібі» [2].
2009

Қолданыстағы қылмыстық іс жүргізу кодексінде сот-тергеу ісінің орасан зор мүдделері көрінеді. Осыған орай, халықаралық құқық нормасы тұрғысында «заңмен» есептесе алатын, заң нормалары жауап бере алатын, міндетті түрдегі сапалық шарттарға жүгінген жөн болар еді. Адам құқығының Еуропалық Конвенциясына сай, «заң сапасының» шарттық талаптары мынадай: заң – құқықтық, айқындылық немесе шарттылық қағидаларына сай болуы қажет, яғни мүдделі тұлғалардың мән- жайларға сәйкес алдын-ала болжамдауына, олардың әрекеттеріне сай орын алатын, санаға сыйымды салдарларына мүмкіндік беретіндей жеткілікті деңгейде қалыптасуы тиіс.
2010


Мақалада қылмыстық іс жүргізу құқығының негізгі құрамдас бөлігі дəлелдеу теориясының мəні мен маңызы қарастырылады. Дəлелдеу теориясы зерттейтін негізгі  мəселелерді  сараптай келе, олардың ерекшеліктері мен негізгі белгілері ашылып көрсетіледі. Сонымен бірге дəлелдеу теориясындағы соттық қателіктер, объективтік шындық жəне факт ұғымдары қарастырылады.
2012

Ғылыми жұмыстың мақсатына сəйкес қылмыстық іс жүргізу құқығы ғылымында аса өзекті болып табылатын англо-саксондық құқықтық жүйедегі мемлекеттердің қылмыстық процесінде қолданылып келе жатқан кінəні мойындау туралы мəміле институтын отандық заңнамаға енгізу сұрақтарына арналған. Зерттеу барысында бұл институттың ұғымына заңи əдебиеттерде берілген екі түрлі терминдердің болуының сұрақтарына талдау жасалған. Аталған институттың қылмыстық іс жүргізу кодексінің жобасына берілген түсініктемесі қарастырылып, оның кемшіліктері көрсетіліп, ұсыныстар берілген.
2013

Заң әдебиеттерінде жанама дәлелдемелердің тікелей дәледемелерден ажыратудың бір белгісі ретінде жанама дәлелдемелерге қарағанда тікелей дәледемелер дәлелденетін мән-жайлардың кең шеңберін анықтайтындығы жөнінде көзқарастар айтылған. Мұндай пікірлер тек сыртқы белгілерге ғана негізделген: дәлелдеу пәніне кіретін жекелеген фактілер егер тікелей дәлелдеменің шынайылығы күмән тудырмайтын болса бір ғана тікелей дәлелдемемен анықталуы мүмкін; осы фактіні жанама дәлелдемелер арқылы дәлелдеу үшін жанама дәлелдемелердің жиынтығы қажет. Сыртқы белгілеріне қарай, шынында да, жанама дәлелдемелер тікелей дәлелдемелерге қарағанда дәлелденетін мән-жайлардың аз ғана көлемін анықтайды: бір фактіні анықтауда бір ғана тікелей дәлелдеменің орнына бірнеше жанама дәлелдемелер қолданылады. Шын мәнінде бір жанама дәлелдеме дәлелдеу пәніне кіретін мән-жайлардың ешқайсысын да сөзсіз анықтай алмайды. Бұл мақсатқа жету айғақтар жиынтығы арқылы ғана мүмкін болады.
2015

Қазақстан Республикасында басқа да посткеңес кеңістіктердің мемлекеттеріндегі сияқты адам және азамат құқықтары мен мақсаттары институтының құрылуы жаңа формула бойынша қалыптасады: жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтарының мемлекеттегі басқа да саяси, құкықтық институттардан басымдығы. Бұл норма Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабында бекітілген: Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары [1]. Дәл осы нормадан республикада жеке тұлға мәртебесінің қалыптасуының, оның қоғамның барлық мемлекеттік-құқықтық құрылымында үстем жағдайының жаңа эпопеясы басталады.
2015

Қылмыстық процеске қатысушы азаматтарды құқықтық қорғау өз алдына көп аспектілер жүйесін құрады, яғни Қазақстан Республикасының бірқатар нормативтік актілерінен тұрады, оның ішінде ең маңыздысы болып Қазақстан Республикасының Конституциясы танылады. Қылмыстық іске қатысушы азаматтардың қауіпсіздігін қорғау кепілдіктері еліміздің Конституциясында ресми мəлімденеді, сонымен қатар олар өзге заңдар мен құқық салаларында өздерінің заңды негізін табады.
2011

Мақалада қылмыстық сот өндірісінде қолданылатын арнайы білімдер мазмұны түсінігіне қатысты мəселелер қарастырылған. Қылмыстылықпен күрестегі арнайы білімдердің алатын орны көрсетілген. Автор арнайы білімдер мазмұны түсінігі жайлы бірқатар ғалымдардың пікірлерін талқылап, осы мəселеге қатысты өз көзқарасын қалыптастыруға тырысқан. Арнайы білімдердің белгілері жан-жақты зерттеліп, олардың сипаттамасы берілген.
2015

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.