Тергеу

Бұл ғылыми мақалада қолданыстағы қылмыстық-процестік заңнама нормаларына талдау жасау қарастырылып, ондағы тергеушінің қылмыстық қудалауды жүзеге асырудағы еріктілігіне шектеу қойылғандығы айтылады
2017

Бұл маĸалада күш ĸолдану және күш ĸолданамын деп ĸорĸыту арĸылы жасалатын ĸылмыстыĸ кұкыкбұзушылықтардың анықтамасы шетел заңнамаларының осы түсінікке берілген анықтамасымен салыстыра отырып беріледі.
2017

Бұл мақалада экономикалық контрабанда қылмыстарымен күрес жүргізу бүкіл әлем бойынша әлеуметтік және экономикалық тұрғыда өзекті мәселелердің бірі екендігі туралы жазылған.
2017

Берілген маĸалада ҚР діни экстремизмге ĸарсы күрес жүргізу барысында кездесетін жедел іздестірулік алдын алудыц тиімді жолдары ĸарастырылып ұсынылған. Діни терроризмді алдын алу шаралары көрсетілген. 
2017

Бұл мақалада ҚР сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысындағы мүлікке тыйым салу процессуалдық әрекетінің түсінігі мен мәні, тәртібі туралы жазылған.
2017

Бұл мақалада Қазақстан Республикасының экономикалық қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлық қылмыстарына заңды талдау жасалынады.
2018

Әлем парламенттерінің қызметі негізінде қалыптасқан тәжірибе көрсетіп отырғандай парламенттік тергеу институты – парламенттік бақылаудың маңызды әрі қажетті элементі екендігін дәлелдей түседі. Негізінен бұл институт жоғары экономикалық көрсеткіштерге ие елдерге тән және мемлекеттік механизмнің нәтижелі жұмыс істеуіне, адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының қамтамасыз етілуіне тікелей ықпал етеді. Қазақстан парламентаризмінің тарихында ХІІ және ХІІІ шақырылған Жоғарғы Кеңес 1986 жылы 16-17 желтоқсанда Алматы қаласында алаңға шығып, қылмыстық қудалауға ұшыраған қазақ жастарын ақтау мәселесі бойынша тергеу комиссиясын құрып, едәуір жұмыстар атқарды. Бұдан басқа ретте парламенттік тергеу жүргізілген емес.
2009
Тег: Тергеу

Қылмыстық істі тергеуде жұмыстың эксперименттік əдісін дəлелдеуімен, тергеуші əрекетінің негізгі мазмұны болып табылатын, тəжірибеден тұратын тергеу эксперименті, тергеу əрекетінде өз мазмұнын алып, маңызды рольді иеленді.
2011
Тег: Тергеу

Мақалада кәмелетке толмағандардың қылмыстарын қарау ерекшелігі және сот төрелігін жүзеге асыру кезіндегі бастамалары сипатталады
2012

Бұл мақалада автор қылмыстық іс жүргізудегі дəлелдеу субъектілерінің құқықтық мəртебесін, сонымен қатар ҚР-ның ҚІЖК-де орын алмаған мəселелерді талқылап, оларды шешу жолдарын қарастырған.
2012

Мақалада қылмыстық іс жүргізудің өзегі болып табылатын дәлелдемелерді бағалаудың критерийі ретіндегі ішкі сенімнің мәні мен маңызы қарастырылады. Автор бұл жұмыста ішкі сенімнің қалыптасу үрдісін және оның қалыптасуына әсер ететін мән-жайларды ашуға тырысады. Сонымен бірге құқықтық сана категориясына сипаттама жасалып, оны нормативті түрде бекітудің қажеттілігі ашылып кетеді.
2014

Қылмыстық іске араласқаннан кейін адвокат өзінің қорғау жоспарларын құрып, содан кейін тергеу процесінің кез келген сатысынан тыс қалмауға тырысады. Адвокат өзінен көмек сұрап келген адамдарға заң көмегін көрсетіп, құқығын қалпына келтіруі тиіс. Осындай міндеттерін орындауға өз жоспарын қолданады. Адвокаттың қорғау жоспары жәй, күрделі, қысқа, ұзақ болуы мүмкін. Адвокат алдын ала тергеу сатысында айып тағылған, не адам сезікті деп танылған кезден бастап іске қатысуға жіберіледі. 
2015
Тег: Тергеу