Діни экстремизм» ұғымы және оның кешенді түрде талқылануының кейбір қырлары
«Діни экстремизм» ұғымы қазіргі уақытта әр түрлі ғылым салалары бойынша талқыланып жатқандығы рас. Әрине бұл құбылыс кешенді, обьективті, жан-жақты зерттелу деңгейінде емес. Оның мынандай негізгі себептері мен күрделі мәселелері бар: біріншіден, әлі күнге дейін әр түрлі ғылым салаларының зерттеу жұмыстары кешенді түрде жүргізілмеуі; екіншіден, аталмыш ұғымның мәнін түсінудегі түрлі талқылаудың орын алуы; үшіншіден, «діни экстремизм» ұғымына қатысты ғылыми пікір-таластардың теология мен ғылым салаларынын арасында туындауы; төртіншіден, оны зерттеудің теориялық-әдістемелік және тәжірибелік аспектілерінің кешенді түрде жүйеленбеуі; бесіншіден, осы құбылыстың халықаралық сипат алуы. Міне, осындай себептер мен күрделі мәселелердің орын алуы, сонымен қатар олардың әлі де реттеліп шешілмеуі «діни экстремизм» ұғымының кешенді түрде талқылануына кедергілер келтіретіндігі ақиқат. Соған қарамастан «діни экстремизм» ұғымына қатысты мәселелерді зерттеуге тиісті ғылым салалары бойынша талқылануы мен оны зерттеушілердің талдаулары қарастырылады.
Е.Т. Бекбосынов
2009