Терроризм

Қазіргі кезеңдегі жаһандану жағдайында халықаралық жəне аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мəселелерí өзекті болып саналады
2018

Адамзаттың саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени және рухани жағдайына әсер етіп отырған діни экстремизм мен терроризм ХХІ ғ. ең бір өзекті мәселелерінің біріне, әуелі дертке айналып отыр
2018

Берілген маĸалада ҚР діни экстремизмге ĸарсы күрес жүргізу барысында кездесетін жедел іздестірулік алдын алудыц тиімді жолдары ĸарастырылып ұсынылған. Діни терроризмді алдын алу шаралары көрсетілген. 
2017

Сібір жарасы қоздырғышы - В.anthrasis - тің биологиялық қару, террористік және арандатушылық мақсатта пайдаланылу мүмкіндігі жан-жақты дәлелденеді, оны қолдануға тыйым салған халықаралық Женева конвенциясының орындалу динамикасы талқыланып, биоқауіпсіздік қағидалары келтіріледі.
2015
Гендерлік контексттің лаңкестікке қатынастылығын зерттеу

Мақалада террор, терроризм және террорист ұғымдары, лаңкестік дамуының шарттары мен себептері, лаңкестіктің дамуына ықпал ететін факторлар, адамдардың лаңкестікке қатынасы талданады. Зерттеуді талдау нәтижесінде, көптеген әйелдердің лаңкестікке қа тынасы теріс сипатта болса, ал ер адамдарда негативтіден пози­ тивтіге дейінгі әртүрлі қатынаста екенін көруге болады. Өткізілген зерттеу нәтижесі адамдардың лаңкестікке адекватты қатынасының қалыптасуындағы мәселені анықтауға және жүйелендіруге көмек береді.
2015

Халықаралық терроризм, сепаратизм, экстремизм, оның ішінде діни экстремизм халықаралық қауымдастыққа және жалпы адамзатқа қауіп төндіріп отырған келеңсіз құбылыстар болып табылады. Олар құқық тұрғысынан қылмыстар деп дәрежеленеді. Аталған қылмыстар халықаралық сипаттағы қылмыстар болып табылады. Әмбебаптық, аймақтық, екіжақты мемлекеттераралық шарттарда қылмыстар болып танылып, мойындалады.
2009

Мақалада жарылғыш заттар және жарылғыш құрылғыларды қолданумен жасалған террористік актілерге қарау жүргізудегі маман криминалистің әрекеттерінің ерекшеліктері қарастырылған. Оқиға болған жерге дер кезінде және сапалы қарау жүргізу, дәлелдеу затына қатысты барлық жағдайларды, маңызды мәліметтерді алуға мүмкіншілік береді. Террористік жарылыстың материалды және идеалды іздерін дер кезінде табу және зерттеу қолданылған жарылғыш құрылғы туралы және оның жеке сипаттамасы мен жару тәсілі туралы ақпарат алуға, қолданылған жарылғыш заттың түрін және оның тротилді эквивалентін, жару кезіндегі жарылғыш құрылғының орналасқан жерін, қылмыскердің кәсіби  дағдысын  анықтау мүміндік береді.
2015