Еңбек құқығы

Заң әдебиетінде, тәжірибелік және теориялық маңызы зор еңбекті қорғау институтының мәні мен мазмұнын түсінуге, ұғуға, басқаша айтқанда оның түсінігін ашып көрсетуге көңіл бөлінгенімен, әлі де шешілмеген сұрақтар мен мәселелер бар. Біздің ойымызша, еңбекті қорғаудың маңызды белгілерін табу үшін  оның түсінігін, мазмұнын әрі әлеуметтік, әрі құқықтық тұрғыдан қарастырған жөн.
2009

Еңбек қатынастары дегеніміз өндіріске қатысушылар арасында қалыптасатын қатынастар. Бұл қатынастар құқықпен реттеледі, оның өзінде құқық нормалары еңбектену процессінде не тек оның нәтижесін алумен байланысты туындайтын қатынастарды ғана реттейді. Еңбек құқығының затына еңбек қатынастары жатады. Бұл қатынастардың жалғыз «еңбек» терминімен белгілеу реттеу затын бөлектегенде қандай да бір қиындық тудырады, себебі бұл терминнің мәндік, семантикалық мазмұны еңбек заңдары ықпал ететін еңбек қатынастарына қарағанда едәуір ауқымды.
2009

«Əрбір адам еңбек еркіндігіне, мамандық жəне қызмет түрін еркін таңдауға құқылы. Еріксіз еңбекке тек сот үкімі бойынша, яки төтенше немесе əскери тəртіп жағдайында жол беріледі». Конституцияның 24- бабының 1- тармағында бекітілген еңбек еркіндігі құқығы, өз бетімен өзінің еңбек мүмкіндіктерін басқару, қызмет түрі мен мамандықты таңдау, тек қана əркімнің өз құқығын түрлі жолдармен ерікті қалауын білдірген кезде жүзеге асады, еңбек келісім шарты бойынша жалдау, кез келген жеке меншік түріндегі ұйымдарда, əскери жəне мемлекеттік қызметті атқару, арнайы білімі жоқ заңды тұлға немесе шаруашылық серіктестік қатысушысы, өндірістік кооператив немесе шаруашылық (фермерлік шаруашылық) мүшесі, сонымен қатар азаматтық- құқықтық келісім шарттар шеңберінде (авторлық келісім шарт, мердігерлік келісім шарт, тапсырма келісім шарты жəне т.б) кəсіпкерлік қызметпен айналысу əрбір тұлғаның еркіндігін қамтыған.
2010

Өзіміз білетіндей өкілдік институты азаматтық және азаматтық іс жүргізу құқығы салаларына тән және аталған салалардың мақсаттары мен міндеттеріне сай бұл институт анағұрлым зерттелген. Сонымен қатар еңбек құқығы қазіргі заң шығару процесінде қолданылатын қазіргі заманғы теоретикалық-құқықтық және заңшығарушылық технологияларының аясында дами отырып, азаматтық құқықтың кейбір институттарын, нормаларын қолданады, Мысалы, қызметкердің денсаулығына келтірілген зиянды өтеу мәселесі. Нарықтық қатынастардың дамуы жағдайында еңбекті қолдану мен пайдалану аясында ұқсас қоғамдық қатынастарды реттеу белгілі заңи қиындықтарға тап болады, себебі, «азаматтық құқық пен еңбек құқығын бөлу процессі қазірігі кезде де аяқталды деп айтуға келмейді» [1].
2010

Еңбек қауіпсіздігі институты еңбек құқығының негізгі институты болып танылады жəне оның субъектілері ретінде қызметкерлермен қатар өндіріс ортасымен байланыста болатын басқа да жеке тұлғалар танылады. Əркімнің Конституцияда көрсетілген еңбек саласындағы құқықтары əлеуметтік- еңбек қатынастары саласындағы конституциялық құқықтары болып танылады. Конституцияда айқындалған əркімнің еңбек жəне əлеуметтік саладағы құқықтары мен міндеттерін анықтай келе, еңбек құқығы субъектілерінің құқықтары мен міндеттердің бірлігі мен өз-ара байланыстылығын талдауымыз қажет. Жалпы құқықтар мен міндеттердің бірлігі құқықтық қатынастардың мазмұнын құрайды [1, 83-б].
2011

Адам құқықтары мен мүдделерінің қамтамасыз етілу жағдайлары құқық қолдану практикасы негізінде жəне өтініштерді тіркеу, қарау, сəйкесінше, өтініштер жайлы жүргізілетін ведомствалық, республикалық ақпараттық жүйенің көрсеткіштері негізінде айқындалады. Ведомствалық жəне республикалық ақпараттық жүйенің қалыптасуы заңнамаға негізделеді. Жалпы,  мемлекеттік деңгейде, сол өтініштер негізінде жинақталған мəліметтер саяси шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта, əркімнің өтініштерін қарауды реттейтін нормативтік құқықтық актілердің жеткілікті екендігіне қарамастан, мемлекеттік жəне мемлекеттік емес ұйымдардың басшыларымен жəне басқа да лауазымды тұлғалармен өтініштерге байланысты дəйекті, дəлелді шешім қабылдау, оларды тіркеу туралы іс-қағаздар өндірісін сол ұйымдарда ұйымдастыру мəселелеріне байланысты құқық бұзушылықтардың жиі орын беретіндігі мемлекеттік бақылау жəне қадағалау органдарымен айқындалуда.
2011

Еңбек шарттарының азаматтық шарттардан айырмашылығына, ерекшеліктеріне тоқталатын болсақ, аталған құқықтық салалардың бастамаларының (принциптерінің) негіздерінің өзгеше болуында. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 6-бабына сәйкес, негізгі бастама ретінде «әркімнің де еңбекті еркін таңдауға немесе еңбекке қандай да болмасын кемсітушіліксіз және мәжбүрлеусіз еркін келісуге құқығы, өзінің еңбекке қабілеттілігіне иелік етуге, кәсіп және қызмет түрін таңдауға құқығы бар» -делінген, ал Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (жалпы бөлім) негізгі бастама ретінде қатынастарға қатысушылардың теңдігін...... (АК., 2-бап) аталып көрсетілген.
2011

Еңбек шартының мерзімі, жеке еңбек шартын жасасудың мерзімдері, жұмысқа алар кезде сынақ мерзімін белгілеу мүмкіндігі жəне жеке еңбек шартының мазмұны, еңбек кітапшасына байланысты негізгі туындайтын мəселелер қарастырылған.
2012

Нарықтық қатынастарда еңбек саласындағы қоғамдық қатынастардың қатысушыларына жеке еңбек шарты негізінде еңбек жағдайларын реттеуде теңдей мүмкіндіктер ұсынылуы, Кодек- ске сəйкес еңбек шартын тоқтатудың негізі, еңбек заңдарының мақсаты жəне тəртіптік жазалар қарастырылған.
2012

Осы мақалада Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының халықаралық стандарттарға сай үйлесімділігі, олардың қолданылу аясының теориялық жəне практикалық ерекшеліктері қамтылды.
2013

Осы мақалада əркімнің өмірін, денсаулығын сақтауға деген құқығын іске асыру мəселелеріне қатысты ұлттық заңнамалық нормалардың халықаралық стандарттарға сəйкестігі зерттеуге алынды.
2013

Осы мақалада еңбек ету бостандығының өзекті мəселелері талданған. Мақалада қазіргі кездегі еңбек ету бостандығына құқықты іске асыру кезінде туындайтын мəселелер жете зерттелген. Мақалада еңбек ету бостандығын қамтамасыз ету жəне қорғаудың ерекшеліктері қарастырылған. Авторлар еңбек ету бостандығына құқықты қамтамасыз ету саласындағы ҚР заңдарын əрі қарай жетілдіру бойынша ұсыныстар жасауға нұсқама берген.
2013