Еңбек құқығы

Жұмыста жұмыс уақытының Қазақстан Республикасындағы кейбір мәселелері қарастырылады. Бүгінгі таңда еңбек – адамдардың өмір сүруінің маңызды шарты болып отыр. Жұмыста еңбек құқығындағы жұмыс уақытының халықаралық құқықтық реттелеуінің кейбір мәселелері туралы айтылған. Жұмыс уақытын пайдаланудың, құқықтық қатынастарды реттеудің ыңғайлы әрі жаңа түрлері көрсетілген. Сонымен қатар жұмыс уақытын белгілеу ерекшеліктеріне тоқталып, жұмыс уақытын реттейтін бірқатар аса маңызды құқықтық актілерді атап көрсеттік.
2014

Мақалада қызметтік туынды ұғымына жалпы сипаттама берілді. Қызметтік туындыға авторлық құқықтардың пайда болу, қызметтік туындыны пайдалануының ерекшеліктері көрсетілген және осы саладағы түйіткілді мәселелерді оңтайлы шешу жолдары қамтылды.
2014

Мақалада Қазақстан Республикасында қызметкерлердің еңбек құқықтарының қазіргі таңдағы қорғалу дəрежесі қарастырылған. Авторлар Қазақстан Республикасы еңбек құқығының ерекшеліктерін ескере отырып, қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғауды жетілдіру бойынша ғылыми негізделген ұсыныстар мен қорытындылар жасауға тырысқан. Сонымен қатар қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғауды реттейтін еңбек заңнамасының нормаларын, аталған нормаларды қолдану барысында пайда болатын теориялық жəне практикалық мəселелерді зерттеген.
2015