Зиян келтіру

Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің субъективтік жағын сурыптау үлкен қиындықты туғызады. Бұл күрделілік денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің табиғатында жатыр. енсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді дұрыс саралау жəбірленушінің денсаулығына келтірілген зиянның мөл- шеріне қарағанда субъективтік жағына көбірек байланысты. Сот-тергеу тəжіребесі енсаулыққа касақана ауыр зиян келтіруді саралау кезінде көп қателіктер субъективтік жағын ұрыс анықтамау себебінен жіберілетіндігін көрсетіп отыр.
2012

Мақалада азаматтық-құқықтық жауапкершілікке тартудың негізіне алынатын зиян келтіру қағидасы мен кінə қағидасы деп аталатын екі түрлі тұжырымның айырмашылықтары, артықшылықтары мен кемшіліктері қарастырылды. Зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелер бойынша азаматтық құқық ғылымындағы «кінə» ұғымына қатысты əр түрлі көзқарастарға талдау жүргізілді. Соның нəтижесінде автор зиян келтірушінің кінəлі жауапкершілік қағидасын қолдай отырып, деликтілік құқықтық қатынастағы тараптардың кінəсі осы міндеттемелердің құқықтық табиғатына қарай кеңірек көрініс табады жəне өзіне тəн ерекшеліктерге ие болады деген қорытынды жасайды.
2015