Әскери қызмет

Қазіргі кезде ҚР жоғары əскери оқу орындарында енгізілген жоғары кəсіби білім беру жүйесінде белгілі-бір білім, білік жəне дағдыларды меңгерумен шектелген емес, сондай-ақ кəсіби іс-əрекет процесінде өзіндік шыңдалуға, өзіндік қалыптасуға көмектесетін ішкі потенциалы бай тұлғаларды дайындау мақсатында құзырлы органдар үшін жоғары дəрежелі мамандарды кəсіби даярлау процесі қайта қарастырылуда. Сол себепті ЖОО-ның бағдарламалары кəсіби оқыту сатысында қажетті білімдерді, іскерліктерді жəне дағдыларды игерумен қатар өзінің шеберлігі туралы көзқарасты дамытуға жəне кəсіби іс-əрекетке деген өзіндік дайындықты қалыптастыруға бағытталған. Бір сөзбен айтқанымызда «кəсіби шеберлікті» дамыту мəселесін шешу алдыңғы орында тұрады. Осы тұста «кəсіби шеберлікке» жетудегі «кəсіби даярлық» жайлы тоқтағанды жөн көріп отырмыз.
2010
Əскери жоғары оқу орындарындағы курсанттардың мамандықты таңдау мəселесі

Әлемдегі қарулы қақтығыстар санының азаймауына орай, соғыстың зардабын тартып жатқан балалардың саны да барған сайын көбеюде. Кейбір елдерде қарулы күштер  мен топтар ұл балалар мен қыздарды әскер ретінде ерікті түрде немесе күштеп тартуда. Әсіресе жинаушылардың жеңіл олжасына және пайдалану нысанына кедейлік немесе кемсітушілік жағдайларындағы балалар айналуда. Оларды көбінеки мектептен, көшеден немесе үйінен ұрлап әкетіп жатады. Балалар әкетілгеннен кейін оларды әртүрлі әдістермен пайдаланады.
2009

Қарулы қақтығыстардың құқықтық регламенттелуі мен әскери қылмысқа қарсы күресті мемлекетаралық ынтымақтастықты дамыту мен қалпына келтіруге қатысты көкейкесті сұрақтарды талдауға кіріспес бұрын, мына сауалдарды қою қажет деп көруге болады. Негізінен, «әскери қылмыстар» деген түсініктің өзі қашан пайда болды? Осы фактінің құжат жүзіндегі куәгерлік күшін, шамамен болсын, анықтауға бола ма? Осы қылмыстардың заңдық құрылымын ғана емес, алғашқы түсінігі де берілетін нақты дереккөздерді қайдан іздеуге болады?
2009

Аталмыш мақалада Кіші жүз ханы Əбілқайырдың жəне Осман империясының сұлтаны Сүлейманның мемлекеттік қайраткерлік қызметтері суреттеледі. Олар өмір сүрген заманның саяси хал-ахуалы жəне көрші мемлекеттермен əскери, мəмілегерлік қарым-қатынастары баяндалады, сондай-ақ саяси- əскери іс-əрекеттері салыстырылып ғылыми зерттелінеді.
2013

Аталмыш мақалада мемлекет қайраткері – Кіші жүз ханы Әбілқайырдың өмір сүрген заманның саяси хал- ахуалы ғылыми сомдала келе, көрші мемлекеттермен әскери, мәмілегерлік, құқықтық қарым-қатынастары баяндалады.
2013

Мақалада Кіші жүз ханы Әбілқайырдың және Француз императоры Наполеон Бонапарттың мемлекеттік қайраткерлік қызметтері суреттеледі. Олар өмір сүрген заманның саяси хал-ахуалы баяндалады. Саяси-әскери іс-әрекеттері салыстырылып ғылыми зерттелінеді. Мақалада олардың тек әскер өнерін жетік меңгерген қолбасшы ғана емес, сонымен қоса тамаша саясатшы болғаны туралы сөз қозғалады. Екі тұлғаның бейнесі мемлекетаралық қарым-қатынастар шеңберіндегі тарихи-саяси рөліне қысқаша ғылыми шолу жасалынады.
2014

Мақалада Қазақстан Республикасындағы əскери қызметшілерді əлеуметтік қорғаудың конституциялық-құқықтық реттелу мəселелері қарастырылған. Автор əскери саясат жəне қауіпсіздіктің конституциялық-құқықтық нормаларының қорғау жəне қамтамасыз ету сұрақтарын қарастырды. Сондай-ақ Қазақстан өзінің тəуелсіздігін жариялап, əлем қауымдастығына толыққанды мүше болуына байланысты өзінің мемлекет ретінде қалыптасуын нақты жағдайда бекіту тікелей мемлекеттік саясатқа да байланысты болғаны жайлы сөз етті.
2014