Қылмыстық іс жүргізу

Соттың, қорғау тарабы мен айыптау тарабының қылмыстық іс жүргізудің қазіргі заманғы теориясындағы орны осы уақытқа дейін даулы болып отыр. Қарастырылып отырған мәселенің мәні жарыспалы қылмыстық сот процесінде сот, тараптар белсенділік танытуы қажет пе, ал егер қажет болса онда ол қандай қызмет түріне ие болуы керек екендігінде.
2015

Қылмыстық іс бойынша дәлелдемелердің жүйесі жоғарыда аталған құрылымға ие болып ғана қоймай, толықтық, дұрыстық, сенімділік, келісімділік сияқты талаптарға да жауап беруі тиіс. Іс бойынша дәлелдеу пәніне кіретін барлық мән – жайларды анықтайтын жүйе ішіндегі жүйелер мен аралық фактілері болған жағдайда дәлелдеу жүйесінің толықтығы орын алады. Дәлелдемелер жүйесінің бұл қасиеті негізгі болып табылады: зерттеулердің толықтығы мен жан-жақтылығы – қылмыстық іс жүргізудің маңызды қағидасы, оны бұзу барлық жағдайларда үкімнің күшін жоюға әкеліп соқтырады.
2015

Мақала адвокат-қорғаушының қылмыстық іс жүргізу субъектілері арасындағы ерекше маңызға ие қатысушы екені белгілі. Себебі айыпталушының, сезіктінің немесе жəбірленушінің құқықтары мен бостандықтарын қорғауда үлкен рөл атқаратыны сөзсіз. Сол себепті осы əрекеттерді жүргізу барысында дəлелдемелер жинау жəне дəлелдеу процесіне қатысудағы үлкен мəселелер мен ауқымды іс-шаралар ұсынылады. Жалпы, дəлеледеме жəне дəлелдеу — қылмыстық процестің маңызын анықтайтын негізгі мəселелер. Оларға көптеген зерттеулер арналған. Сондықтан дəлелдемелерді жинау туралы мəселелерді қарастыру аса қажет.
2014