Дәлелдемелер

Ғылыми мақалада алдын ала тергеуді аяқтаудың барлық түрін қарауға талпыныс жасалды. Мақаланың соңғы бөлігінде зерттеуші дәлелдеме келтірілуімен ғана шектеліп қоймай, зерттеу барысында алдын ала тергеудің әдебиетте аталған нысандарын да, сондай-ақ, аяқтаушы уақыт аралығы яғни – кезеңдері де талданды. Және де тергеушінің алдын ала тергеуді жүргізудегі құзіреті, құқықтары мен міндеттері іске қатысушылармен арақатынастары қандай болу керектігі қарастырылды.
2014

Заң әдебиеттерінде жанама дәлелдемелердің тікелей дәледемелерден ажыратудың бір белгісі ретінде жанама дәлелдемелерге қарағанда тікелей дәледемелер дәлелденетін мән-жайлардың кең шеңберін анықтайтындығы жөнінде көзқарастар айтылған. Мұндай пікірлер тек сыртқы белгілерге ғана негізделген: дәлелдеу пәніне кіретін жекелеген фактілер егер тікелей дәлелдеменің шынайылығы күмән тудырмайтын болса бір ғана тікелей дәлелдемемен анықталуы мүмкін; осы фактіні жанама дәлелдемелер арқылы дәлелдеу үшін жанама дәлелдемелердің жиынтығы қажет. Сыртқы белгілеріне қарай, шынында да, жанама дәлелдемелер тікелей дәлелдемелерге қарағанда дәлелденетін мән-жайлардың аз ғана көлемін анықтайды: бір фактіні анықтауда бір ғана тікелей дәлелдеменің орнына бірнеше жанама дәлелдемелер қолданылады. Шын мәнінде бір жанама дәлелдеме дәлелдеу пәніне кіретін мән-жайлардың ешқайсысын да сөзсіз анықтай алмайды. Бұл мақсатқа жету айғақтар жиынтығы арқылы ғана мүмкін болады.
2015

Қылмыстық іс бойынша дәлелдемелердің жүйесі жоғарыда аталған құрылымға ие болып ғана қоймай, толықтық, дұрыстық, сенімділік, келісімділік сияқты талаптарға да жауап беруі тиіс. Іс бойынша дәлелдеу пәніне кіретін барлық мән – жайларды анықтайтын жүйе ішіндегі жүйелер мен аралық фактілері болған жағдайда дәлелдеу жүйесінің толықтығы орын алады. Дәлелдемелер жүйесінің бұл қасиеті негізгі болып табылады: зерттеулердің толықтығы мен жан-жақтылығы – қылмыстық іс жүргізудің маңызды қағидасы, оны бұзу барлық жағдайларда үкімнің күшін жоюға әкеліп соқтырады.
2015

Мақала адвокат-қорғаушының қылмыстық іс жүргізу субъектілері арасындағы ерекше маңызға ие қатысушы екені белгілі. Себебі айыпталушының, сезіктінің немесе жəбірленушінің құқықтары мен бостандықтарын қорғауда үлкен рөл атқаратыны сөзсіз. Сол себепті осы əрекеттерді жүргізу барысында дəлелдемелер жинау жəне дəлелдеу процесіне қатысудағы үлкен мəселелер мен ауқымды іс-шаралар ұсынылады. Жалпы, дəлеледеме жəне дəлелдеу — қылмыстық процестің маңызын анықтайтын негізгі мəселелер. Оларға көптеген зерттеулер арналған. Сондықтан дəлелдемелерді жинау туралы мəселелерді қарастыру аса қажет.
2014