Ұлттық саясат

Қазіргі кездегі халықаралық күрделі өзгерістер Таяу Шығыс аймағын айналып өтпеді. Таяу Шығыс – геосаяси, геостратегиялық және экономикалық тұрғылардан аса маңызды аймақ, халықаралық қауіпсіздіктің мәселелері мен қауіптердің басты қайнар көзі болып табылады. Жаппай қырып жоятын қарудың таралу, халықаралық терроризм қауіптері, дербестігін алмаған ұлттардың қоныстануы, палестиналық-израильдік қақтығыстың реттелмегендігі Таяу Шығыс аймағын қазіргі таңдағы әлемнің ең тұрақсыз нүктесіне айналдырды.
, 2009

Екінші дүниежүзілік соғыстың аяғында Иран өндірісі нашар дамыған, ауыл шаруашылығында жартылай феодалдық қатынастар басым келген аграрлық ел болып қала берді. Капитализмге дейінгі өндірістік қатынастардың ыдырауы және осы реттегі капитализмнің үздіксіз дамуы елдегі ішкі саяси жағдайды қиындатты. Бұған Иран үкіметінің жүргізген экономикалық саясаты әсер етпей қоймады. Шетел тауарларының елге кіргізілуіне кең мүмкіндік бере отыра Иран үкіметі ұлттық өндірушіні тең емес бәсекеге итермелеп отырды.
, 2009

Қоғамтану ғылымының түрлі-түрлі білім бөлінуіне байланысты саясаттану да өзіндік бір жүйелі, пәндік сипаты, категориялық құрылымдары мен өз заңдылықтары бар ғылым болып қалыптасқан. Оның өз алдына дербес ғылым болып қалыптасуына қоғам өміріне, қоғамдық қарым-қатынастарға саясаттың өктемдік жасап қоғамдық болмыстың (формасына) түр-бейнесіне тигізетін ықпалы күшті, сол арқылы қоғамның саяси өміріне тигізетін әсері себеп болды.
, 2009

Референдум жалпы халық билігін жүзеге асырудың бірден-бір əдісі болып табылады. Ол  туралы А.Т. Мухамбедьярова: “Институт народовластия – референдум является одним их важных в казахстанской  модели народовластия на переходном этапе его развития.
, 2010

Кеңестер Одағының ыдырауы, Орталық Азиядағы геосаяси ва­ куумның пайда болуына алып келді. Осыған дейін әлемдегі жетекші мемлекеттер үшін қол жетпейтін аймақ Орталық Азия өзінің табиғи­ шикізат көзінің, ең алдымен, мұнай мен газ және Батыс пен Шығыс­ ты қосатын көліктік инфрақұрылымды қалыптастыруға, сондай­ақ, халықаралық терроризмге қарсы күресте пайдалануда плацдарм ре­ тіндегі рөлінің маңыздылығына байланысты, жетекші мемлекеттер­ дің геосаяси және геостратегиялық талас аймағына айналды. 2001 жылдың 11 қыркүйегінен кейін Орталық Азияның әлемдік саясаттың басты ойыншылары саналатын – АҚШ, Ресей және Қытайдың страте­ гиялық үстемдігі үшін күрес аймағына айналуы, бұндай бәсекелестік­ ке жаһандық сипат  берді. 1999 жылы Орталық Азия АҚШ Орталық қолбасшылығының жауапкершілік аумағына өткізілді. Бұл жағдай аймақ мемлекеттерінің АҚШ­ пен әскери ынтымақтастығы үдерісін күшейте түсті. Осылай, АҚШ аймақты өзінің дербес геостратегиялық және геосаяси жүйесі­ не тарта отырып, өзінің жаһандық деңгейдегі позициясын күшейтуді көздеуде.
, 2015

Мақалада Моңғолияның қазіргі саясатына талдау жасалып, сырт­ қы саясатының негізгі бағыттары ашылып, ұлттық қауіпсіздік тұжы­ рымдамасы және сыртқы саяси құжаттары қарастырылады. Қазір Моңғолия әлемдегі және аймақтағы ықпалды мемлекеттермен қа­ тынастарын дамытуды көздей отырып, қандай да бір елге тәуелді болмауға тырысады. Моңғолияға сырттан әскери қауіп төнбеген жағ­ дайда қандай да бір әскери ұйымға қосылмау, жер аумағы және әуе кеңістігін қандай да бір елге қарсы пайдаландырмау, территорияға шетелдік әскери күш еңгізбеу, орналастырмау, транзит арқылы өткіз­ беу саясатын ұстанады. Мақалада ашық қоғам саясатын қабылдаған Моңғолияның саяси күштер арасында тепе­теңдік таба отырып, көп­ векторлы сыртқы саясат жүргізетіндігі туралы қорытынды жасалады
, 2016

Азаматтық қоғам мен демократия, егемендік құндылықтары негізінде этносаяси дамудың басты мəселелерін шешу Қазақстан Республикасындағы ұлттық-мемлекеттік саясаттың басым бағыты болып табылады. Еліміздің негізгі функцияларының бірі этносаралық қатынастарды реттеудің ҚР Конституциясы нормаларына сəйкес берік саяси-құқықтық негізі бар. Ұлтаралық қатынастарды реттейтін құқықтық негізін құрайтын заңнамалық нормалар мен актілер жиынтығы туралы сөз болады. Елімізде ұлттық саясатты жүзеге асырудағы мемлекеттік саясат пен қоғамдық ұйымдардың қызметін үйлестіруде қоғамдық институт — Қазақстан халқы Ассамблеясының маңызды рөлі көрсетілген.
, 2014