Көші-қон құқығы

Бұл мақалада Оңтүстік Еуропа мемлекеттерінің мұсылман көші-қон үдерісі мəселесі жəне оны реттеуге байланысты саясаты қарастырылған. Оңтүстік Еуропадағы мұсылман көші-қон үдерісіне тарихи шолу негізінде қазіргі таңда орын алып отырған мұсылман көші-қон мəселесі негізгі назарға алынады. Еуропа – иммигранттар үшін тартымды орталықтардың бірі. Оңтүстік Еуропадағы мұсылман миграциясы мəселесі араб əлеміндегі көтерілістерден кейін жаңа күшке ие болды. «Араб көктемі» миграция толқынына алып келді. Əрине, бірінші кезекте Италия, Грекия, Испания елдері Африкаға жақын орналасуына байланысты жапа шекті. Иммигранттар мемлекеттердің сыртқы, ішкі өміріне тікелей əсер етеді. Иммигранттардың келуін шектеуде Оңтүстік Еуропаның миграцияны қадағалау жүйесі əлсіз. Ал еуропалық одақтың иммиграцияға қатысты біртұтас саясаты əлі қалыптаспады. Бұл мəселе бірлікті қажет етеді. Кез келген мəселеге қатысты шешім қабылдауда Еуропа бірлессе, бұл бүкіл Еуропаның жарқын болашағының кепілі болмақ.
2014

Қазіргі кездегі мемлекеттік билік күннен күнге халық санының өсіп-өнуіне үлкен назар аударуда. Адам санын есептеу мемлекетке өзінің əлеуметтік функцияларын атқару үшін қажет. Ол өз кезегінде барлық еңбек ресурстарын анықтайды, сонымен қатар, əлеуметтік даму саласында белгілі бір шешім қабылдау үшін жəне басқа мемлекеттің функцияларын орындау үшін негіз болып табылады.
2011


Конституцияның 13-бабының 1-тармағының нормаларына сүйене отырып, оралмандардың құқықтық мəртебесі «Халықтың көші-қоны туралы» Заңында жəне басқа да қолданыстағы əр түрлі заңдарда дамытылған. Конституцияның 13-бабында айтылған құқық субъектісің санаты азаматтардың құқық қабілеттілігі мен əрекет қабілеттілігі азаматтық-құқылық ұғымды құрайды. Оралман деп жаппай саяси қуғын-сүргін актілері, заңсыз реквизициялау, күштеп ұжымдастыру ізгілікке жат өзге де іс-əрекеттер салдарынан тарихи отанынан тысқары жерге қуылған жəне азаматтығынан айырылған Қазақстан Республикасына тұрақты тұру мақсатымен ерікті түрде қоныс аударған байырғы ұлт адамы, сондай-ақ оның ұрпақтарын айтамыз.
2010

Қазақстанның тəуелсіздігін жариялағанына тарихи өлшем мен онша көп уақыт өте қоймаса да жаңа мемлекеттің конституциялық дамуының кейбір қорытындыларын шығаруға айтарлықтай негіз бар. Бұл мемлекеттік маңызды болғандықтан, мемлекеттану ғылымы үшін де мемлекет құрылыс тəжірибесі үшін барлық уақытта маңызды мəселе. 1990 жылы 25 қазанда қабылданған Қазақ КСР-ның мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясы осы кезеңнің де конституциялық сипаттағы маңызды актісі болып табылады. Бұл Қазақстанның жаңа заңдарын қалыптастыруға ұйтқы болды. Аталған Декларация мемлекеттің басқару жүйесіне айтарлықтай өзгеріс əкелді. Ол жəй көздеушілік Декларация емес еді, оның нормативтік-құқықтық сипаты болды [1].
2010

Қазақстандағы көші-қон мəселесі өзінің күрделілігімен ерекшеленеді. Себебі, оған тек қана құқықтық сұрақтардан басқа, саяси-экономикалық, демографиялық, əлеуметтік сұрақтармен қатар, этногеографиялық жəне экономикадағы еңбек ресурстары мəселелері де өзектілігімен көрінуде. Солардың ішінде заңдық аспекті ерекше орынды иеленеді. Заң саласы көші-қон үрдісін ұйымдастыру мен оны реттеуде құқықтық қамтамасыз ету де маңызды ролді атқарады.
2013

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.