Қоғам

Адамзат баласы мына қара жерде пайда болғалы бері небір оқылым заманалар өтіп, қаншама ұрпақтар жалғасын табуда. Алайда, өзге жаратылыстардан адамзат баласы ақылды сана – сезімі күшті болғанымен нағыз әділетті, нағыз мамыражай қоғам құра алмай келеді.
2009

Қазіргі айтылып та, жазылып та жүрген құқықтық мемлекет тек әділеттіліктің белгісі болып қана қоймай, сонымен бірге жеке тұлғаның бостандығын, қадір-қасиетін, ар-намысын, теңдігін қорғайтын, демократиялық үлгідегі жаңаша мемлекет қалыптастыру. Міне, қоғамның алдында тұрған осы мақсатты орындау мемлекеттің міндеті, ал осы бағытта қалыптасқан құқықтық нормаларды орындау, сол арқылы заңдылықты құқықтық тәртіпті қатаң сақтауға үлес қосу адамдардың міндеті. Сонымен құқықтық мемлекет туралы ойларды қорыта келіп, оның негізгі мазмұны – халықтың, адамдардың егемендігі, олардың табиғи бостандығы мен құқықтары үстемдік етуі керек. Ондай мемлекетті қалыптастырудың негізгі күші адам, қалың бұқара. Сондықтан құқықтық мемлекетке толығымен жету үшін, халықты қоғамның барлық саласын басқаруға қатыстыруы қажет. Ежелгі заманның тарихи деректері бүгінгі қазақ ұлтының арғы тегі сақ, үйсін, ғұн және қаңлы тайпалары екенін көрсетеді.
2015

Мақалада этносаралық қатынастардың мəселелері, проблематикасы, кезеңдері, зерттеу əдіснамасының теориялық-тұжырымдамалық сипаттамасы қарастырылған. Қазіргі оқушы-жастардың этносаралық қатынастар мəдениетін қалыптастырудың жаңашыл тəсілдері мен əдістері анықталған. Авторлар қалыптасу тетіктері жəне көріністері əсер ететін факторлардың этносаралық қатынастар динамикасын мен сипатын ашқан. Əлеуметтік-психологиялық феноменнің этносаралық қатынастардың бейнелейтін мазмұны жəне динамикасының рөлі мен маңызы көрсетілген.
2016

Мақалада азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің қалыптасуының негізгі кезеңдері жəне қайнар көздерінің теоретикалық-құқықтық негіздері саяси жəне құқықтық ілімдер тарихы негізінде қарастырылды. Қазақстан Республикасындағы құқықтық мемлекеттің теориясы мен практикасының негізгі аспектілері көрсетіліп, азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің жəне азаматтық қоғамның құрылымдық элементтеріне жалпы сипаттама берілді. Азаматтық қоғамның дамуы құқықтық қатынастар мен əлеуметтік байланыстағы маңызды өзгерістермен тығыз байланыстылығы анықталды.
2013

Мақалада ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының көрнекті өкілдерінің бірі Ə.Н. Бөкейханның іргелі еңбектері қарастырылды. Автор Ə. Бөкейханның экспедициялар, ғылыми топтар ішінде жүріп, түрлі бақылау, сұрау, есептеу, саралау негізінде жазылған зерттеулерін қарастыра отырып, оның отан тарихын зерттеуге қосқан үлесіне талдау жасайды, сонымен қатар ғалымның сол кезеңдегі қазақ халқының өміріндегі тарихи оқиғаларға деген көзқарасын айқындайды. Сонымен қатар Ə.Н. Бөкейханның «Исторические судьбы Киргизского края и культурные его успехи» «Киргизы», «Из переписки хана Средней Киргизской орды Букея и его потомков», «Из бумаг султана Большой Киргизской Орды Сюка Аблайханова», «Из переписки киргизских ханов, султанов и проч.» жəне т.б. зерттеулерін пайдаланa отырып, отан тарихына қатысты мəселелерді көрсетеді.
2016

Мақалада адамды тануда діни антропологияның ерекшелігіне назар аударылып, ол басқа да ілімдермен салыстырылды. Автор адамға деген діни көзқарастардың алуан түрлілігі мен оның өмір сүруінің өзінің көп қырлы екендігін көрсетті. Теологтардың антропологияға деген қызығушылықтары мен діни жəне философиялық антропологияның ара қатынасы туралы пікірталастар келтірілді. Адам туғанда мəнімен бірге тумайды. Ол кейінгі қалыптасуында ғана мəнділікке ие болуы мүмкін деген ойшылдардың ойларымен автор келісетіндігін білдіреді. Адам үшін дүниеде тек тірі ағза болып тіршілік ету, организмдік мұқтаждықтардың шеңберімен шектелу жеткіліксіз екендігі туралы айтқан дана Абайдың адам туралы айтқан ойларын автор ортаға салады.
2015