Мәслихат

Көптеген шетелдерде жергілікті басқару сайлау органдары мен атқарушы аппараттар арқылы жүзеге асырылады.
2012

Қазақстанда жергілікті өкілді органның қалыптасуы мен дамуы тарихында бұл акті мəслихаттардың қызметін ары қарай дамытып, жетілдіру бағытында əрекеттер жасауға, біраз мəселелерді қайта қарап, жаңаша реттеуге негіз салды.
2012

Қазақстан Республикасы өзінің тəуелсіздігі мен егемендігін паш ете отырып, жаңа мемлекеттіліктің өмірге келуі, экономикалық жəне саяси жүйелердің қайта құрылуы, қоғам өмірінің түбегейлі өзгеруі сияқты оңай емес кезеңді басынан өткергені баршамызға мəлім. Құқықтық жəне демократиялық мемлекетті құру жағдайында орталық жəне жергілікті билік органдарының өкілеттіктерінің арасында айырмашылық нақты анықталған тиімді, кəсіби мемлекет құру мəселелеріне ерекше орын берілетіні дұрыс. Аңсаған тəуелсіздігімізге қол жеткізген уақыттан бастап мемлекетіміз көптеген қиын сəттерді басынан кешіріп, күрделі экономикалық жəне саяси өзгерістерді жүзеге асырды. Демократиялық мемлекет құрудағы ең ауыр жəне ірі қадамдар жасалды. Экономиканың, əлеуметтік, құқықтық жəне өзге де ахуалды ауыртпашылықтардың ауыр жүгі қоғамның еңсесін басып, көптеген қиыншылықтар туғызды. Бұл қиыншылықтардың бірден-бір шешімі мемлекеттік институттарды түбегейлі реформалау жəне мемлекет пен халықтың ықпалдасуының жаңа сапалы тетігін ойлап табу болатын. Мұндай тетікте ерекше орынды өкілді демократия алатындығы ешкімнің де күмəнін туғызбайды. Себебі мұнда азаматтар саяси шешім қабылдауды, заң шығаруды, жоспарларды қоғам игілігі үшін жүзеге асыруға көмектесетін билікті таңдайды.
2010

Заң əдебиеттерінде сайлау құқығы қағидалары жалпылаушы мағынада беріледі. Қазақстан Республикасы сайлау заңнамасында «сайлау құқығы қағидалары» деп көрсетілгенімен [1], норманың диспозициясында сайлаудың қағидалары анықталған. Осыған орай «заң шығарушы қолданған термин мен əдебиеттерде қолданылған термин арасында қаншалықты ұқсастық бар жəне оларды біртұтас ұғым ретінде пайдалануға болады ма?» деген сұрақ туады. Кеңестік мемлекеттанушы А.И.Ким «сайлау қағидалары міндетті мағынаға ие болатын сайлау құқығының қағидалары болып табылады. Ал осы қағидаларды бекітетін нормалар сайлау құқығының сəйкес институты болады» деп анықтаған [2].
2011

Мақалада Қазақстан Республикасындағы мəслихат депутаттарын сайлау барысындағы сайлау үрдісінің кезеңдеріндегі ерекшеліктері анықталды. Авторлармен мəслихат депутаттарының жергілікті билікті орталықсыздандыру негіздерін нығайту жағдайындағы қызметін жетілдірудің негізгі қырлары қарастырылды. Жергілікті билікті қалыптастырудың үздік нысаны ретіндегі сайлау үрдісінің маңызды қырларына талдау жасалып, жергілікті өзін-өзі басқару негіздерін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізілді.
2013