Қос салық салуды болдырмау шарасы ретіндегі салықтық жеңілдіктерді құқықтық реттеу
Жалпыәлемдік салықтық глобализация процесінде маңызды байланыстырушы тізбек болып белгілі бір мемлекеттің сыртқыэкономикалық қызметіндегі салық салуды реттейтін салық жүйесінің бір бөлігінің қызмет етуі мен оны дамыту табылады. Теория мен тәжірибеде бұл бөлім «халықаралық салық салу» деп аталады. Д.Ю. Мельник халықаралық салық салуға мынандай анықтама береді: «Әрбір жекелеген мемлекеттің заңнамалық және басқа да нормативтік ережелердің, сондай-ақ құқық қолданушы тәжірибелердің комлексі танылады. Халықаралық, яғни, мемлекетаралық қатынастар деңгейінде белгіленетін салық салу әлі жоқ. Көпшілік жағдайларда салықтық келісімшарттар жаңа салықтық ережелер орнатпайды, олар мемлекеттермен белгіленген ережелерді шектеп қана қояды (немесе оларды қолдану тәртібін нақтылай түседі).
А.И. Тлеужанова
2009