Құқықтық реттеу

Этникалық көші-қон саласындағы Германия, Польша, Қазақстан құқықтық жүйелерін талдау негізінде отандастарды ықпалдастырудың құқықтық реттелуінің өзекті мəселелері қарастырылды. Осы мемлекеттерде ықпалдастырудың құқықтық негіздері мен түрлері зерттеліп, заңнама мен құқыққолдану тəжірибесін жетілдіруге бағытталған ұсыныстар əзірленді. Оған қоса салыстырмалы құқықтық талдау негізінде көрсетілген құқықтық жүйелердегі ықпалдасудың жалпы жəне ерекше белгілері, артықшылықтары мен кемшіліктері анықталған.
2013

Осы мақалада еңбек ету бостандығының өзекті мəселелері талданған. Мақалада қазіргі кездегі еңбек ету бостандығына құқықты іске асыру кезінде туындайтын мəселелер жете зерттелген. Мақалада еңбек ету бостандығын қамтамасыз ету жəне қорғаудың ерекшеліктері қарастырылған. Авторлар еңбек ету бостандығына құқықты қамтамасыз ету саласындағы ҚР заңдарын əрі қарай жетілдіру бойынша ұсыныстар жасауға нұсқама берген.
2013

Осы мақалада этникалық көші-қонды құқықтық реттеудің өзекті мəселелері қарастырылады, құқық қайнар көздерінің анықтамаларына шолу жасалады, көші-қон құқығының қайнар көздеріне талдау жасалды, оралмандардың əлеуметтік-экономикалық құқықтарын жүзеге асыру барысында туындайтын қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу саласындағы проблемалық сұрақтар тұжырымдалды, Қазақстан Республикасының заңнамасы мен құқыққолдану тəжірибесін жетілдіру бойынша ұсыныстар берілді.
2013

Ғылыми жұмыстың мақсатына сәйкес кеден одағы аясында кедендік рәсімдерді құқықтық реттеудің мәселелерін анықтау жүргізілді. Зерттеу барысында Кеден одағының нормативтік құқықтық базасымен танысып, Кеден одағының Кеден кодексінің қабылдануымен орын алған өзгерістерге талдау жүргізілді. Талдау барысында Кеден одағының Кеден кодексіндегі өзгерістердің кемшіліктері мен артықшылықтары қарастырылды.
2013

Біріккен Ұлттар Ұйымының Азшылықтардың құқықтары туралы декларациясына сәйкес, азшылықтар ерекше болмысқа ие ұлттық немесе этникалық, мәдени, діни және тілдік топтар ретінде қарастырылады және мемле- кеттер олардың тіршілік етуін қорғауға міндетті болып табылады. Мақалада ұлттық азшылықтарға жататын тұлғаларды қорғаудың мәні теңдік мүдделерін, әділеттілікті, тұрақтылықты, демократиялық қауіпсіздік пен бейбітшілікті қамтамасыз ету мақсатындағы адам құқықтарын халықаралық қорғаудың құрамдас бөлігі ретінде Еуропада Еуропа Кеңесінің азшылықтар жағдайын құқықтық реттеу мәселелері қарастырылған.
2014

Тәуелсіз алғаннан бері еліміз мемлекет дербестігін нығайту мен азаматтарының өміріне тірек болатындай құқытық негіздерді қайта құруда біршама жетістіктерге қол жеткізді. Осыған байланысты елімізде жүргізіліп отырған құқықтық реформаның басты мақсаты құқықтық, зайырлы демократиялық қоғам қалыптастырып, мемлекетімізді өркениетті елдер шоғырына іліктірумен қатар мемлекеттік меншік пен жекеменшік секторын да қатар дамыта отырып дүниежүзінде қалыптасқан еркін әрі мықты бәсекеге қабілетті нарықтық экономикаға өту және сәйкес орын алу.
2015

Қазақ халқының ғасырлар бойғы тәуелсіз ел болуды және қоғамның мүддесінен шығып, бейбітшілік пен тыныштық орнататын мықты елбасының келуі туралы арманы егемендік алғаннан кейін мүмкін бола бастады. Өтпелі даму кезеңінен өту, нарықтық экономиканы қалыптастыру, қоғамдық қатынастардың барлық салаларын нарықтық экономикаға сәйкестендіру, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы әлеуметтік-экономикалық қиыншылықтарды шешу проблемасы – XX ғасырдың 90-жылдарындағы Қазақстан Республикасының күн тәртібіндегі ең өзекті мәселе болды.
2015

Егемен ел, тәуелсіз мемлекет ретінде әлемдік қауымдастықтың ішінде тұғыры биік, беделі асқақ елу елдің қатарына енген Қазақстан Республикасының даму үдерісі бүгінгі таңда зерттеп-зерделеуге тұрарлық феноменге айналды. Ал мұның өзі Мәңгілік Ел Концепциясына негіз екендігі айдан анық. Өйткені әлемдік бәсекелістікке қабілетті қазақ елі мәңгілік келешекке құқылы деуге толық негіз бар. 
2015

Жалпы жалдау қатынастары біздің заманымызға дейін 2000 жылдары пайда болған және оның заты ретінде жер учаскесі танылған. Кейін жалдау объектісі ретінде тек қана жер ғана емес, сонымен бірге, ғимараттар, құрылыстар, барлық заттар, тіпті ядролық энергетикалық кешендер де таныла бастады. АҚШ-та жалдаудың дамуы 1950 жылдардан басталып 1987 жылы жалға берілген мүліктің бағасы 107,9 млрд долларды құрап, әр жыл сайын 7 пайызға өсіп отырған [1, 59 б.].
2015

Мемлекет қаржыны өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін, белгілі бір мақсаттарға жету үшін пайдаланады. Қойылған мақсаттарды іске асыруда қаржылық саясат маңызды рөл атқарады.
2015

Сот билігі – қазақтардың мемлекеттік символы болып табылады. Ұлттық санада да сот билігі халыққа етене жақын тұрған билік саласы болып есептеледі. Би, бүгінгі тілмен айтқанда, судья – ел қамқоры, халық жанашыры әрі ақылшысы бола біледі. Қазақ даласындағы сот билігінің мұраты – сот процесіне қатысушылардың «жеңуі», не «жеңілуінде» емес, екі жақтың «жеңілдеп» шығуында еді. Өйткені, оның басты мақсаты – бітім, бітімгершілік болатын. «Дау мұраты – бітім» деген аталы сөз де сол кезден қалған. Қазіргі күнде біздің еліміздің саяси жүйесінің жаңғыртылуы және әрі қарай дамуы мемлекет дамуының басым бағыттарының бірі ретінде атап көрсетілген. Бұл кездейсоқ емес, өйткені, бәсекеге қабілеттілік көптеген елдердің, соның ішінде Қазақстанның дамуының саяси аспектілерін де анықтай бастады [1].
2015

Конституцияның 13-бабының 1-тармағының нормаларына сүйене отырып, оралмандардың құқықтық мəртебесі «Халықтың көші-қоны туралы» Заңында жəне басқа да қолданыстағы əр түрлі заңдарда дамытылған. Конституцияның 13-бабында айтылған құқық субъектісің санаты азаматтардың құқық қабілеттілігі мен əрекет қабілеттілігі азаматтық-құқылық ұғымды құрайды. Оралман деп жаппай саяси қуғын-сүргін актілері, заңсыз реквизициялау, күштеп ұжымдастыру ізгілікке жат өзге де іс-əрекеттер салдарынан тарихи отанынан тысқары жерге қуылған жəне азаматтығынан айырылған Қазақстан Республикасына тұрақты тұру мақсатымен ерікті түрде қоныс аударған байырғы ұлт адамы, сондай-ақ оның ұрпақтарын айтамыз.
2010

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.