Әлеуметтік педагогика

Қоғам өміріндегі қазіргі өзгерістер, экономиканың, саясаттың, əлеуметтік-саяси саланың дамуы қоғамдағы негізгі фактор болып табылатын жеке тұлғаның жалпы даму деңгейіне байланысты болмақ
2011

Әлеуметтік педагогика кешеуілдеп болса да дамып келе жатқан ғылым саласы. Оның маңыздылығы әлі де болса толық ашылып болған жоқ, мүмкіндіктерін де толық пайдалана алмай келеміз. Дегенмен күнделікті тұрмыс көріністері, мектеп орта және жоғары оқу орындарындағы оқып жатқан балалар мен жастар арасындағы әлеуметтік –педагогикалық  мәселелердің күн сайын арта түспесе азаймай отырғаны осы ғылым саласының қажеттілігін көрсетіп отыр. Әсіресе бұл мектеп пен ондағы оқушылардың ата-аналарының арасында осы мәндегі жұмыстарды жандандыру және бұрынғыдан басқа арнада жүргізу қажет екендігі белгілі болып отырған жағдайда тағы да айқындала түсті.
2011

Бұл мақалада қазіргі кездегі қоғамдағы әлеуметтік-психологиялық мәселелердің бірі болып отырған жастар арасындағы нашақорлық пен жастардың есірткі мен психоактивті заттарды қолдануының негізгі себептері қарастырылған. Жастардың есірткі мен психоактивті заттарды қолдануының алғы шарты болып табылатын өтпелі жеткіншектік кезеңнің негізгі ерекшеліктері мен осы жастық шақта жеткіншектердің әлеуметке жат қылықтарға бейім болуының себептері айқын көрсетілген. Бұл себептердің қатарына тұқымқуалаушылық, тәрбие мен қоршаған орта жатады. Автор бұл үш факторды жан-жақты тұрғыда қарастырып, жеткіншектік шақта есірткі мен психоактивті заттарды қолдануының негізгі механизмдерін анықтауға тырысты. Жеткіншектік кезеңде есірткі мен психоактивті заттарды қолдануының негізгі механизмдерінің қатарына жеткіншектердің психикасының тұрақсыздығы мен еліктеуге бейімделгіштік, педагогикалық және отбасылық назардан тыс қалу, ата-ана тарапынан гиперопека, қарым-қатынастың жеткіліксіздігі сияқты механизмдерді жатқызды. Сондай-ақ есірткі мен психоактивті заттарды қолдану мотивтеріне сапалы талдау жасады. Тал-   дау арқылы әлеуметтік-психологиялық мотивтерді, өз санасының өзгеруін қажет ету мотиві мен есірткіге патологиялық елігу мен абстинентті синдромның салдарымен байланысты патологиялық мотивтерін бөліп көрсетті.
2014

Мақалада әр алуан тoптардың, таптардың бір­біріне деген қа­ рым­қатынастарын, жақындығын, қарама­қайшылығын, қoғамдағы oрнын білдіріп, әлеуметтік қатынас құрылымының дәстүрдің сәй­ кестендіріліп, заманауи ағымына сай өзіндік итеграциялауын ғылыми әдіснамалық жолмен сараптап, негізгі ерекшеліктеріне тоқталған.
2015

Жас мүгедектермен жұмыс жасау ерекшеліктері олардың не­ гативті әлеуметтік өзгерістерге бейімделуінің айтарлықтай қиын болуында. Өзін қорғау қабілетінің төмен болу салдарынан олар ха­ лықтың ең аз қамтылған бөлігінен орын алды. Мақала тақырыбының өзектілігі мемлекеттің бұл бағытта аз жұмыс жасағанына және жал­ пы мүгедек жандарды әлеуметтік қамсыздандырудың жақсарғанына қарамастан барлық категориядағы мүмкіндігі шектеулі адамдардың жаппай әлеуметтік қамсыздандыру жоғары дәрежеде еместігімен, мүгедектік мәселесінің шиленісе түсуімен және мүгедек жастардың қарқынды өсуімен байланысты.
2015

 Қазіргі заманда орталық психологиялық-педагогикалық мəселелердің бірі қиын өмірлік жағдайда қалған жасөспірімдерді əлеуметтендіруді қамтамасыз етуге бағытталған жаңа психологияларды іздеу болып табылады, өйткені нормативтік-заңды базаға қарамастан, мұндай жасөспірімдердің əлеуметтік мəселесі сақталуда.Əлеуметтік педагогиканың қатар жүруін əр түрлі тұрғысында А.В.Мудриктің жəне И.С.Конның еңбектерінен кездестіруге болады [1, 2].
2009

1980 жылы баланың əлеуметтік белсенділігін қалыптастыру жəне дамыту мəселесі бойынша шет елде мектепке дейінгі жəне кіші мектеп жас кезеңі көптеген зерттеушілердің назарын аударды (Ш.А.Амонашвили, С.П.Баранов, Е.А.Ануфриев, Р.Г.Казакова, В.И.Логинова, В.С.Мухина жəне тағы басқалар). Мектепке дейінгі кезеңнен бастап əлеуметтік белсенділікті қалыптастыру бойынша қажырлы еңбектеніп, мақсатқа бағытталған жұмыстар жүргізілуі керек. Осы кезеңнен бастап болашақ тұлға ретінде өзіне, адамдарға, қоршаған ортаға көзқарасы қалыптаса бастайды. Əлеуметтік ережелер мен қағидаларды меңгере отырып бала дамиды. Əрине, əлеуметтену процесі баланың қоршаған ортамен белсенді өзара əрекеті нəтижесінде жүзеге асады. Субъектінің əлеуметтік белсенділігінсіз оның танымы да, шығармашылығы да, іс-əрекеті де дамымайды. Сондықтан балалық шақтан бастап белсенділік əлеуметтік маңызды сипатқа ие болуы керек.
2011

 Мақалада жетімдік, əлеуметтік жетімдіктің пайда болу себептері қарастырылды. Авторлар əлеуметтік жетім жəне отбасында тəрбиеленетін балалардың психологиялық-педагогикалық даму ерекшеліктерін айқындауға көп көңіл бөлген. Əлеуметтік жетім жəне жетім болу қауіпінде тұрған балаларға əлеуметтік, ата-аналарға психологиялық-педагогикалық көмек жəне қолдаудың мүмкін болар түрлерін атап көрсеткен. Сондай-ақ отбасылық үлгідегі балалар ауылының балалардың психологиялық- педагогикалық даму ерекшеліктеріне əсерін, балаларды тəрбиелеу ерекшелігіне жəне оның интернаттық мекемелердегі тəрбиеден айырмашылығын атап көрсеткен.
2015

Мақалада бастауыш сынып оқушыларының əлеуметтенуі жəне адами қарым-қатынасқа үйренулері жəне өзін-өзі пəні бойынша елімізде жүзегі асып жатқан мəселелері қарастырылды. Авторлардың пайымдауынша, бүгінгі күннің қояр басты талабы əрбір адамның өзі өмір сүріп отырған кезеңдегі өзгерістерді ой елегінен өткізіп, жаңа жағдайға, өмірге қарай бейімделуі, яғни өздерін қайта құруы, бойларындағы құндылықтарды қайта бағалап, байыта отырып, өмір сүре алуы болып отыр.
2015

Мақалада SOS Балалар ауылының шетелде жəне Қазақстанда пайда болуының тарихи аспектілер, ата- ана қамқорлығынан айырылған балалармен əлеуметтік-педагогикалық жəне əлеуметтік жұмыс жүйесінің қалыптасуының негізгі қарастырылды. Авторлар əлеуметтік педагог Герман Гмайнердің жетім балалардың құқығын қорғау бойынша əлеуметтік қызметіне көп көңіл бөлген. Олар интернаттық мекемелердегі əлеуметтік-педагогикалық жұмыс жүйесінің əдістемелік жəне басқарудың жəне қаржыландыру негізін зерттелген. Материал тарихи кезектілікпен орындалған, логикалық жағынан дұрыс құрастырылған.
2013
SOS Балалар ауылының əлеуметтік қызметінің қалыптасу тарихы

Мақалада этносаралық қатынастардың мəселелері, проблематикасы, кезеңдері, зерттеу əдіснамасының теориялық-тұжырымдамалық сипаттамасы қарастырылған. Қазіргі оқушы-жастардың этносаралық қатынастар мəдениетін қалыптастырудың жаңашыл тəсілдері мен əдістері анықталған. Авторлар қалыптасу тетіктері жəне көріністері əсер ететін факторлардың этносаралық қатынастар динамикасын мен сипатын ашқан. Əлеуметтік-психологиялық феноменнің этносаралық қатынастардың бейнелейтін мазмұны жəне динамикасының рөлі мен маңызы көрсетілген.
2016

 Мақалада отбасы тəрбиесі мен қоғамда қиын баланың болу себептері мен жүргізілетін жұмыс түрлері мазмұндалған. Қиын балаларды тəрбиелеу мəселесімен айналысқан қазақстандық белгілі ғалымдардың əлеуметтік-психологиялық жəне педагогикалық əдебиеттерге жасалған түрлі талдаулары баяндалған. Қиын балаларды тəрбиелеудегі ұстанымдар қатары, тəртібі қиын балаларға арналған мекемелер мен оқу орындарында жұмыс істейтін тəрбиешілердің арнайы білімдерінің міндеті жайында айтылған. Сонымен қатар тəрбиеленуі қиын оқушыларға тəн ерекшеліктерінің топтары берілген.
2016