Жеке тұлға

Жастарды халықтық педагогика идеялары негізінде тəрбиелеу мəселесі ұлттық мəдениетімізді дамытуға, ұлттық құндылықтар мен мəдени мұраларымыздың мəнін түсіну, тарихты зерделей отырып, жан-жақты дамыған, рухани мəдениетті жеке тұлға тəрбиелеуде маңызы зор. Осы орайда ең негізгі талаптардың бірі — ұлттық қасиеттерімізді танып-білу, соның негізінде олардың психологиялық жас ерекшеліктерін ескеру болып табылады. Өзімізді-өзіміз танып, өзгелерге таныту, яғни ұлттық ерекшеліктеріміз бен құндылықтарымызды бүгінгі талаптарға сəйкес жүйелеп, байытып, дамытып, басқаларға тарату арқылы өзіміздің ұлттық деңгейлерімізді көтере білу. Осыған байланысты ер балаларында кездесетін психологиялық ерекшеліктерге тоқталғанды жөн көрдік.
2009

Қазіргі біздің қоғамда өзекті мəселелер қатарына жарнаманың адам санасына əсер етуіне байланысты зерттеулер жатады. Осы бағытта адам санасына əсер етуіне байланысты «мотивтер», «ынталар», «қажеттіліктер», «қызығушылықтар» сияқты түсініктер тұтынушыны, жеке кəсіпкерлерді зерттеу салаларында алғашқы орынға шығады. Жарнаманы жүзеге асыруда тұлғаның мотивациялық аумағы, мотивтері маңызды орынға ие болып, негізгі əсер ету тəсілінің біріне айналып отыр.
2009

Ұстаздық мамандықтың ерекшелігі тек оның оқушыға білім беретіндігінде емес, біз балалар үшін барлық жағынан үлгі боламыз. Осы басты мəселе. Біз жұмысымыздың, біліміміздің, шеберлігіміздің үнемі елге, халыққа қажет екендігін, ертең бізден білім алған əрбір адамның үлкен, дербес өмірге қадам басатынын ұмытпағанымыз абзал. Барлық адам, президенттен бастап қарапайым жұмысшыға дейін, ұстаз «жасаған өнім».
2010

Бүгінде қоғамдық қатынастардың нарықтық жағдайда қайта құрылумен байланысты жеке тұлғаны мəдени кеңістікте тəрбиелеп жетілдіріп қалыптастыру актуалды мəселе болып отыр. Бұл мəселенің философиялық, психологиялық жəне педагогикалық аспектілері бар. Рухани адамгершілікке тəрбиелеудің мақсаты жастардың белсенді өмірлік жолын, қоғамдық борышқа саналы көзқарасын, сөз бен істің бірлігін қамтамасыз етіп, адамгершілік нормаларынан ауытқушыларға жол бермеуді қалыптастыру болып табылады. Тəрбие өмірбақи үздіксіз жүретін үрдіс болса да, қазақ халқына жетілген тұлғаның сипатын «Сегіз қырлы бір сырлы» деген бір ауызбен түйіндеген. Өйткені адамның тəндік жəне жандық сипатын бірлікте қарастырған [1].
2010

1980 жылы баланың əлеуметтік белсенділігін қалыптастыру жəне дамыту мəселесі бойынша шет елде мектепке дейінгі жəне кіші мектеп жас кезеңі көптеген зерттеушілердің назарын аударды (Ш.А.Амонашвили, С.П.Баранов, Е.А.Ануфриев, Р.Г.Казакова, В.И.Логинова, В.С.Мухина жəне тағы басқалар). Мектепке дейінгі кезеңнен бастап əлеуметтік белсенділікті қалыптастыру бойынша қажырлы еңбектеніп, мақсатқа бағытталған жұмыстар жүргізілуі керек. Осы кезеңнен бастап болашақ тұлға ретінде өзіне, адамдарға, қоршаған ортаға көзқарасы қалыптаса бастайды. Əлеуметтік ережелер мен қағидаларды меңгере отырып бала дамиды. Əрине, əлеуметтену процесі баланың қоршаған ортамен белсенді өзара əрекеті нəтижесінде жүзеге асады. Субъектінің əлеуметтік белсенділігінсіз оның танымы да, шығармашылығы да, іс-əрекеті де дамымайды. Сондықтан балалық шақтан бастап белсенділік əлеуметтік маңызды сипатқа ие болуы керек.
2011

Студенттердің тəрбиесін əлеуметтік-жеке тұлғалық басқару тұжырымдамасы бойынша тəрбиелеу əрекеттестігіндегі нысан мен үрдіс жағдайына ғылыми негізделген көзқарас жүйесі бойынша түсіну қажет. Жоғары оқу орнындағы тəрбиелеу үрдісінің əлеуметтік-жеке тұлғалық басқару тұжырымдамасының басты көріністегі ғылыми негіздемелері студенттердің тəрбиесін ұйымдастыру əдісі мен түрлерін, функцияларын, принциптерін, заңдылықтарын анықтау болып табылады.
2011

ХХ ғасырдың көрнекті ғалымы, тау-кен ісінің білгірі Əбілқас Сағыновтың педагогикалық жəне қоғамдық қызметі, сондай-ақ ғылыми мұрасы суреттелген. Оның Қарағанды политехникалық институтының ректоры ретіндегі қызметіне, сондай-ақ Қазақстанның тау-кен ғылымдарының дамуына қосқан үлесіне баға берілген. Ə. Сағыновтың ғылыми-педагогикалық мұрасы — оның шығармаларының құнды естелігі — Қазақстан Республикасына ұзақ жылдар қызмет ететіндігі туралы қорытынды жасалған.
2015

Мақалада ХІХ ғасырдың көрнекті ғалымы Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен қызметі суреттелген. Оның ірі педагог, фольклорист, этнограф, əдебиеттанушы, ағартушы ретіндегі шығармашылығына сипаттама берілген. Алтынсариннің тұңғыш рет қазақ даласында жергілікті тұрғын халықтың балалары үшін бастауыш мектеп құрудағы тарихи рөлі көрсетілген. 1860–1879 жылдары ол педагогикалық қызметпен қатар, сан қырлы жұмыстар жүргізгендігі, атап айтқанда: Торғай уездік басқармасында іс жүргізуші, Торғай уездік судья, Торғай уезі басшысының аға көмекшісі, Торғай облысы Халық училищелерінің инспекторы болғандығы айтылған. Ұлы ағартушының Илецк, Николаев, Торғай, Ырғыз уездерінде орыс-қазақ мектептерін, Орскіде мұғалімдер мектебін, Торғайда Кəсіпшілік училищесін, Ырғызда Қазақ қыздары үшін мектеп-интернатын ашу жолында арылмай- талмай қажырлы еңбек атқарғандығы көрсетілген. Оның «Қырғыз хрестоматиясы» жəне «Қырғыздарды (қазақтарды) орыс тіліне оқытудың бастауыш нұсқауы» атты алғашқы оқулықтары демократиялық жəне гуманитарлық рухқа толы екендігі туралы қорытынды жасалған.
2015

Мақалада адам қалыптасуының əр түрлі кезеңдері қарастырылған. Сондай-ақ мұнда отбасындағы тəрбие ерекше мəнге ие. Мəселен, мектепке дейнгі жаста баланың барлық талаптарын (материалды, рухани, танымдық) қанағаттандырады, кіші мектеп жасында материалды, эмоциялық, коммуникативті талаптар алдынғы қатарға шығады. Ал есею шағында отбасы əсері əлсірейді, алайда, авторлардын ойынша, өзін-өзі тану, жеке тұлға болып қалыптасуында, əлеуметтік, кəсіби тұрғыда өз орнын табуға көмектеседі.
2016

Мақалада «Өзін-өзі тану» курсын оқыту барысында жеке тұлғаның рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруының жолдары қарастырылған. Заманауи педагогиканың маңызды міндеттерінің бірі — жастарды жалпы адамгершілік құндылықтар негізінде тəрбиелеу, жеке тұлғаның қалыптасуында өзін- өзі оқыту, өзін-өзі жетілдіру арқылы руханилыққа жетелеу. Кəсіби білікті мамандар дайындау - үшінші мыңжылдықта орта білім мектебінің білім жүйесінің басты мақсаты. Ұлттық білім беру жүйесі өскелең ұрпақтың дамуына, балалар мен жастарда адамгершілік сенімдерінің, мейірімділік, əдемілік, адамгершілік сынды жалпы адами кұндылықтар мен адамгершілік мінез-құлықты қалыптастыру арқылы жеке тұлғаны дамытуға бағытталған.
2016

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.