Оқыту

Мақалада қазіргі заманғы жəне дамыған мемлекеттердің талаптарына сəйкес жоғары оқу орындарында оқу үрдісін ұйымдастыруда диалогтық оқыту əдістемесін қолдану ерекшеліктері қарастырылған. Интербелсенді əдістер жəне рефлексия түсінігіне жауап алынды. Интербелсенді əдістердің басты мақсаттары, нəтижелілігі мен тиімділігі зерттелген. Интербелсенді оқытуды ұйымдастырудың ережелері ұсынылған. Интербелсенді əдістердің бірі болып табылатын диалогтық оқытудың стратегиялары мен əдістері қарастырылған. Диалогтық оқыту əдістемесін қолданып өткізілген сабақтан үзінді келтірілген жəне сол сабаққа рефлексия жасалған.
2016
Диалогтық оқыту əдістемесін жоғары оқу орындарында қолдану ерекшеліктері

 Мақалада жоғары мектепте қазақ əдебиетін оқыту əдістемесінің қалыптасу жолы қарастырылған. Əдебиетті оқыту əдістемесін қалыптастырушы тұлғалардың еңбектері зерделеніп, олардың əдебиетті оқыту саласындығы рөлі, оқу құралдарының функционалдық қыры анықталған. Сонымен қатар жоғарғы мектепте əдебиетті оқыту əдістемесінің бүгінгі жай-күйі зерделенген. Білім беру саласындағы оқытудың жаңа тенденциялары əдебиетті жоғары мектепте оқытудың əдіснамалық негізін қайта саралау қажеттігін тудырып отыр. Белгілі бір ғылым саласының қалыптасу жолын саралау арқылы оның даму деңгейі мен бүгінгі дəрежесін байқауға болады. Сол арқылы осы саладағы зерттеудің жаңа бағыттарын айқындауға болады.
2016

Мақалада балаларда кездесетін ауытқулардың бірі - ерте жастағы балалар аутизмі қарастырылды. Ерте жастағы балалар аутизмінде балада айналадағы қоршаған адамдармен қарым-қатынасқа түсуде қиындықтар туындайды. Авторлар аутист-балалардың өзінің құрдастары жəне ересек адамдармен қарым-қатынасқа түсуін жақсарту мақсатында жүргізген эксперимент жұмысының кезеңдерін сипаттайды. Экспериментте кешенді түзете-оқыту əдістерін түрлендіріп қолданған. Балалар аутизмінде кешенді түзете-оқыту əдістерін жəне заманауи технологияларды қолдану баланың жалпы дамуына, құрдастарымен қарым-қатынасына жəне баланың одан əрі дамуына қолайлы əсер ететіндігін эксперимент нəтижесі көрсетті.
2016
Тег: Оқыту

Мақалада «Өзін-өзі тану» курсын оқыту барысында жеке тұлғаның рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруының жолдары қарастырылған. Заманауи педагогиканың маңызды міндеттерінің бірі — жастарды жалпы адамгершілік құндылықтар негізінде тəрбиелеу, жеке тұлғаның қалыптасуында өзін- өзі оқыту, өзін-өзі жетілдіру арқылы руханилыққа жетелеу. Кəсіби білікті мамандар дайындау - үшінші мыңжылдықта орта білім мектебінің білім жүйесінің басты мақсаты. Ұлттық білім беру жүйесі өскелең ұрпақтың дамуына, балалар мен жастарда адамгершілік сенімдерінің, мейірімділік, əдемілік, адамгершілік сынды жалпы адами кұндылықтар мен адамгершілік мінез-құлықты қалыптастыру арқылы жеке тұлғаны дамытуға бағытталған.
2016