Білім беру


Қоғам өміріндегі қазіргі өзгерістер, экономиканың, саясаттың, əлеуметтік-саяси саланың дамуы қоғамдағы негізгі фактор болып табылатын жеке тұлғаның жалпы даму деңгейіне байланысты болмақ
2011

Қазақстан Республикасы Білім беру саясатының бағдарлы қағидаларын қалыптастырудың басымды бағыттары ретінде көптеген мəселелерді атқару көзделген. 
2011

Қазақстан білім беру жүйесінің өзекті мәселелерінің бірі – осы заманғы экономика пәнінен сапалы маман болу. Білім жүйесін ақпараттандыру мақсатында өз бетінше алу дағдыларын қалыптастыратын, жинақтаған ақпараттарды жүйелеп және тұжырымдар жасап, шешім қабылдай алатын деңгейге жеткізетін әдістерді қолдану. Жаңа ақпараттық технологияны оқу үрдісінде қолдану арқылы оқушылардың тақырыпты түсіну қабілетін дамыту.
2011

Елбасымыз Н.Ə.Назарбаевтың “Қазақстан - 2030” Қазақстан халқына арналған жолдауында “Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар  өз ұрпағының жауапты да, жігерлі, білім өрісі биік, денсаулықтары мықты өкілдері болады. Олар бабаларының игі дəстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс  істеуге даяр. Олар қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгереді, олар бейбіт, абат, жылдам өркендету үстіндегі, күллі əлемге əйгілі, əрі сыйлы өз елінің патриоттары болады” деп көрсетілгендей-ақ, ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш пен білімге тəн.
2010

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 07 желтоқсандағы №1118 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы» бойынша мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселесіне ерекше мән берілген. Үйде білім алатын мүгедек балалар жеке мүмкіндіктері мен қажеттіліктері ескеріле отырып, компьютерлік техникамен және компьютерлік қамтамасыз ету жинақтарымен қамтамасыз етіліп, қашықтықтан білім беруді ұйымдастыру жолға қойылатындығы атап көрсетілген.
2011

Адамзатты жаңа формацияға бағыттау қазіргі кезде өзекті мəселелердің бірі болып отыр. Осыған байланысты қазіргі таңда гендерлік білімнің маңызы артуда. Əйелдер мəселесі – бұл қоғамдағы əйелдердің жағдайына көңіл қою, қоғам өмірінің барлық саласында əйел мен еркектің теңдігіне қол жеткізу, ұлттық жəне ұлтаралық мəселелерді шешу, саяси, əлеуметтік қайшылықтар мен конфликтерді жеңу. XIX ғ. аяғы мен XX ғ. басындағы ойшылдар əйелдер қозғалысын ер адамдармен бірдей азаматтық жəне саяси құқыққа тең дəрежеде қол жеткізу мəселелерін шешу ретінде қарастырды.
2011

Білім берудегі инновациялық үрдістер бүгінгі таңда уақыттың басты талабы ретінде қоғамдық дамудың құрамдас бөлігі болып табылады. Еліміздің əлемдік білім кеңістігіне бағдар  алуының басты өзегі – өскелең ұрпақтың жаңа білімге деген құндылық бағдарын қалыптастыра отырып, олардың танымдық жəне рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру жəне жан-жақты дамыған, шығармашыл жеке тұлғаны қалыптастыру. Ол да болса, жоғары білім беру жүйесінің Болон процесінің идеяларын толықтай қабылдап, өз жұмысының мазмұнын осы үрдіспен байланыстырумен ерекшеленеді. Оның басты идеясы – оқу нəтижелерін жоспарлау, құрастыру, яғни жоғары оқу орындарының, оның ішінде əрбір оқытушының, əр пəннің міндеті болып танылуда.
2012

Қоғамдағы экономикалық, əлеуметтік, саяси тұрақсыздықтар бала мінез-құлқындағы ауытқушылықтарға алып келеді. Қоғам өмірінің барлық жақтарын қамтитын түпкілікті өзгерістер, сонымен бірге адам іс-əрекетінің көптеген салаларын жетілдіруді ынталандыратын позитивті өзгерістер жағдайында негативті тенденциялар да күшейіп келеді. Əлеуметтік-экономикалық тұрақсыздық, жұмыссыздық көптеген адамдардың өмір сүру деңгейінің төмендеуі, əлеуметтік жəне психологиялық бағыттала алмау мен бейімделе алмау, жалпы адамзаттық адамгершіліктік жəне рухани құндылықтарды талап етудің төмендеуі, күрделі криминалды жағдай, əлеуметтік институттар ісəрекетінің нашарлауы жəне т.б. Қалыптасқан социомəдени жағдай алкоголизм жəне нашақорлық, адамгершіліктік деградация, қылмыстардың жаңғыруы сияқты қолайсыз құбылыстардың дамуына алып келеді.
2012

Қазіргі таңда əл-Фараби атындағы ҚазҰУ зерттеу университетіне бағытталуда. Зерттеу университетінің негізгі басымшылдығы ғылыми əрекетті белсендендіру. Бұл əрекет əлемдік рейтингтің негізгі өлшемі болып табылады. Олай болса, жоғары мектеп оқытушылары, қызметкерлері, білім алушылары ғылыми өлшемді көтеруге ықпал етуі тиіс, тіпті міндетті деп айтып өтуге болады. Ғылыми əрекет білім беру парадигмаларының кез-келгенінің мазмұнына ену керектігі де талқыға салынбайтын мəселе. Енді осы парадигма ұғымына тоқталар болсақ, ғылыми-педагогикалық еңбектерде ол модель, үрдіс, жүйе, деп түсіндірілген жəне ғылыми лексиконға нық еніп, педагогикалық еңбектерде жиі қолданылуда.
2012

Мақалада білім берудің мəніне байланысты көзқарастар сараланып, соның негізінде жоғары мектептің өзгерістері сипатталған. Автор білім беру адамдардың өмірінде жəне кəсіби əрекетінде кездесетін кез келген мəселені шеше алатын интеллектуалды жəне практикалық білік дағдымен қаруландыратындығына тоқталады. Адам білім алу кезінде дамиды жəне өзіндік жетілетіндігіне мəн берген. Білім беру барысында адамдар əртүрлі өмірде кездесетін мəселелерді шешуге бағытталған шығармашылық тəжірибе жинақтайды жəне оның барлығы білім беру мазмұнында көрініс табады. Мақалада əлемдік өркениетке кірігу, жаңа прогрессивті технологияларды қолдану, əлеуметтік- экономикалық даму перспективаларын анықтау қарастырылған.
2013

Мақалада университеттік білім беру жүйесінің тарихи теориясына əдіснамалық тұрғыда шолу жасалынады. Я.А.Коменскийдің мектептік жəне университтеттік білім беру жүйесі жайлы идеялары талданып, қазіргі таңда білім беру саласында ғалымның идеяларының қолдану деңгейі сипатталады. Университеттік білім тарихында ерекше орын алған еуропалық ағартушылардың, оның ішінде ағылшын ағартушысы Джон Локк, француз ағартушылары Жан Жак Руссо , Клан Адрлайн Гельвеций, Франсуа Мари Аруэ Вольтер, Дени Дидроның, неміс ағартушылары Иммануил Кант, Иоганн Готлиб Фихтенің шығармаларындағы университеттік білім туралы көзқарастары ұсынылады.Классикалық университет идеясының негізін қалаған тұлғалар Вильгельм Гумбольдтің зерттеушілік моделі мен Джон Генри  Ньюменнің  интеллектуалды  университет  моделіне  салыстырмалы  сипаттама беріліп, жоғары оқу орындарының тəжірибесіндегі көрінісі баяндалады. Макс Вебердің либералдыгуманистік идеясы қарастырылады. Х. Ортега-Гассеттің ньюмендік модельді жəне Карл Ясперстің зерттеушілік университет моделін қайта жаңғыртып, университеттік білімнің қалыптасып дамуына əсер еткен тұжырымдары беріледі.Кеңес дəуіріндегі университеттік білім беру жүйесі мен тəуелсіздік жылдарындағы университеттік білім беру жүйесіне салыстырмалы талдау жүргізіледі. Жаһандану дəуірінде университтетік білім беру сапасы мен талапкерлерге қойылатын талаптар жүйесі айқындалады. Университеттік білім беру жүйесінде «гуманистік парадигманың» ерекшелігі сипатталады.
2014

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.